119
Сағат жасау iсi жетiле түстi. Италия қа лаларында мұнара сағаттары
пайда болды. Сауданың дамуына байланысты, көпестер мен банкирлердiң
кеңселерi, iрi шеберхана үйлерi көптеп салынды. Әсiресе банкирлер
байыды, олардан папалар мен корольдiң
өзi де қарыз ға ақша алып
тұрды. Қала байлары мен iрi өндiрiс ие лерi, папалар мен корольдер сән-
салтанатты, әше кей ленген әдемi үйлерде тұрды. Олар ата-бабаларының
және өздерiнiң суреттерiн салдырып, оны «мәңгiлiкке» қалдырғысы
келдi. Қала билеушiлерi суретшiлердi қолдап, оларға тапсырыстар бердi.
Флоренция бүкiл Италияның мәдени орталығына айналды. Осы Флорен-
цияда итальян ақыны, өз заманының iрi суреткерi Данте (1265–1321) өмiр
сүрдi. Ол өзiнiң атақты «Құдiреттi комедиясын» жазды. Бұл қалада көптеген
мү сiншiлер өздерiнiң ғажа йып туындыларымен мүсiн
өнерiн жаңа сатыға
көтердi.
Уақытына қарай алғанда Италияның қайта өр леу дәуiрiнiң ал ғашқы
суретшiсi Дантенiң кiшi замандасы
Джотто ди Бондоне (1266
немесе
1267–1337) болды. Ол өз картиналарында адамдардың кейпiн, қимылын,
бет-ажарын шебер әрі табиғи түрде бейнелеп бердi. Ертедегi итальян
қайта өрлеу дәуi рiнiң мүсiншiсi
Донателлоның (1386–1466) еңбектерi
күш-жiгерге, құштарлық пен шынайылыққа толы еді.
Достарыңызбен бөлісу: