Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет71/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Америго Веспуччи 1501 жылы Португалия королiнiң келi сi мiмен 
«жаңа жерге» екiншi рет барды. Веспуччи Пинсон, одан кейiн Коб рал 
ашқан Бразилия жағалауын зерттеп қайтады.
1503 жылы Веспуччи үшiншi рет «жаңа жерге» саяхатқа шы ғады. 
Ол ендi Бразилия жағалауымен Үндiстанға өтпек болады да, 20° оңтүстiк 
ендiкке дейiн жүзiп барып Колумб ашқан, одан кейiн көптеген Испания 
саяхатшылары зерттеген «жаңа жер», «бұл Азия аралдарының тiзбегi 
емес, осы күнге дейiн белгiсiз материк» деген дұрыс қорытындыға келедi.
1507 жылы лотарингиялық картограф М. Вальдземюллер жержүзiн 
Еуропа, Азия, Африка материктерiне бөлiп, жаңадан Америго ашқан 
жердi оның басқа материктермен ұқсастығына қарай «Америка деп атау 
керек» дейдi. Ол кезде Американы «Тоты құстар жерi» дейтiн. Сөйтiп, 
жаңа құрлықтың жартысы Америго Веспуччи есiмiмен аталып кеттi.
Ол материктi негiзiнде тұңғыш ашқан атақты Христофор Колумб едi
бiрақ ол өмiрiнiң ақыр соңына дейiн жаңа материк ашқанын бiлмедi. Ол 
жердiң жаңа материк екендiгiн дәлелдеген Америго Веспуччи болды.
Осыдан кейiн еуропалықтар Американың жаңа материк екенiне сендi. 
Ендi отаршылар Америка байлығын иемденуге жанталасып, жергiлiктi 
халықты қырғынға ұшыратты, бiрсыпырасын Еуропаға апарып, құлдыққа 
сатты. Аралдардың кейбiр байырғы халықтарын еуропалықтар осылай-
Ұлы географиялық ашылулар-
дың жағымды және жағым-
сыз жақтарын жұп болып тал-
қылаңдар. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


115
ша құртып жiбердi. 1500 жылы португалдық теңiзшi Педру Кабрал Бра-
зилияны ашты. Бұдан кейiн еуропалықтар Мексиканы, Перуді, Оң түстiк 
және Солтүстiк Аме риканың бас қа жерлерiн өздерiне қаратып, бейбiт 
халықтарын тонап, олардың ға сырлар бойы қалыптасқан мәдениетiн
салт-сана, әдет-ғұрпын аяққа басты. Сөйтiп, Колумб, Васко да Гама, тағы 
бас қалардың бел гiсiз жерлердi ашуы география ғылымы үшiн үлкен 
жаңалық болса, ал еуропалықтардың одан кейiнгi саяхаты басып-жан-
шуды, отарлау сая сатын көздедi.
Колумб батыс теңiз жолымен Үндiс тан, Қытай, Жапон аралдарын аша-
мын деп барып, жаңа жер дi – Американы ашып жүргенде, 
Васко да Гама 
Африканы айнала жүзiп, Үндiстанды ашты, содан бас тап Португалияның 
Азияны отарлауы басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет