Рабғузи баяндама docx



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата11.10.2024
өлшемі241,32 Kb.
#147702
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Рабғузи баяндама.docx



Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар жəне инжиниринг
университеті
БАЯНДАМА
Тақырыбы:
«Рабғузи қиссаларының тəрбиелік мəні, жиналуы,
зерттелуі»
Орындаған:
Тилегенова Арайлым
КЯЛ-22-1
2024-2025 оқу жыл


Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім:

Рабғузи қиссаларындағы тəрбие мəселесіне байланысты
ойлар.

Рабғузи қиссаларының жиналу тарихы туралы.

Рабғузи қиссаларын зерттелу мəселесі.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған əдебиеттер.


Кіріспе
Насреддин Рабғузи, аты айтып тұрғандай, Рабати Оғыз (қазіргі Қазақстанның
оңтүстік аймағында орнағласан қала) жеринде туған. Оның есімімен
байланыстырылған бұл шығарма діни жəне мəдени құндылықтарды ұрпаққа
насихаттау мақсатында жазылған. Ол ислам динінің қағидаларын қарапайым
халыққа түсінікі түрде жеткізеді.
Рабғузидің «Қиссас əл-Əнбия» (Пайғамбарлар қиссасы) – ислам мəдениетінің
інжу-маржаны. Бұл шығармасы араб əдебиетінің классикалық үлгісі ретінде
XIII ғасырда жазылған. Ол Ислам дінінің кейіпкерлері туралы аңыздар мен
əңгімелерді жинақтап, олардың өмірі мен қызметін баяндайды. Рабғузидің
бұл еңбегі орта ғасырлық шығыс əдебиетінің маңызды туындыларының бірі
болып табылады. Оның қиссалары тек діни маңызға ие болып қана қоймай,
моральдық-этикалық тəрбие құралы ретінде де маңызды.
Рабғузи қиссалары – түркі халықтарының ортағасырлық əдебиетінің
маңызды ескерткіштерінің бірі. Бұл қиссаларда діни, философиялық жəне
тəрбиелік мазмұндағы əңгімелер мен аңыздар жинақталған. Рабғузи
қиссаларының тəрбиелік мəні, жиналу тарихы жəне зерттелу мəселелері
туралы толық мəлімет беру мақсатында осы реферат жазылды.
Рабғузидің «Қиссас əл-Əнбия» еңбегі оқырманға тек діни білім беріп қана
қоймай, олардың моральдық жəне этикалық түсініктерін де байытады. Бұл
қиссаларда пайғамбарлардың өнегелі өмірі мен олардың ұлағаты арқылы
əділдік, мейірімділік, сабырлылық, жəне адалдық сияқты құндылықтар
насихатталады. Мысалы, Қиссаларда сыналған қиындықтар мен оларды жеңу
жолдары көрсетіледі, бұл жас ұрпаққа өмірде кездесетін кедергілерді қалай
еңсеруге болатынын үйретеді.
Сонымен қатар, Рабғузи қиссаларында шыншылдық пен ақиқаттың, сабыр
мен кешірімнің маңыздылығы да айқын көрініс табады. Олар жастарға дұрыс
таңдау жасауды, жауапкершілікті сезіну мен моральдық принциптерге сəйкес
əрекет етуді үйретеді. Яғни, осы қиссалардың тəрбиелік мəні үлкен болып
табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет