Рабғузи қиссаларындағы тəрбие мəселесіне байланысты ойлар
Рабғузи қиссаларының басты ерекшелігі – олардың тəрбиелік мəні. Бұл
қиссаларда адамгершілік, əділдік, адалдық, мейірімділік сияқты құндылықтар
насихатталады. Мысалы, Нұх пайғамбардың топан судан кейінгі жердегі
тіршіліктің сипаттамасы арқылы адамдарды табиғатты құрметтеуге
шақырады
1
. Сонымен қатар, Хазірет Лұқпанның бидай орнына арпаны еккені
жайлы хикаятында əрбір əрекеттің астарында философиялық мағына
жатқанын көрсетеді
1
.
Рабғузи қиссаларының жиналу тарихы туралы
Рабғузи қиссаларының жиналу тарихы XIII-XIV ғасырларға жатады. Наср
əд-Дин Рабғузи бұл қиссаларды 1310 жылы жазған
2
. Қиссаларда табиғат,
дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы жайындағы мифологиялық
əңгімелер, халифтар, пайғамбарлар туралы аңыз-қиссалар, ертегілер, өлеңдер
бар
2
. Бұл шығармалар түркі тілінде жазылып, қазақ халқының рухани
мұрасына айналды.
Рабғузи қиссаларын зерттелу мəселесі
Рабғузи қиссаларын зерттеу жұмыстары XX ғасырда басталды. Қазақ
оқырмандарын алғашқылардың бірі болып Рабғузидің қиссаларымен
таныстырған Н.Сағындықов аудармасы болды
1
. Сонымен қатар, Алма
Қыраубаева “Ежелгі дəуір əдебиетінде” Рабғузи қиссаларының мазмұны мен
маңызын атап көрсеткен
1
. Қазіргі уақытта Рабғузи қиссаларының тəрбиелік
мəні мен философиялық мазмұны зерттеліп, ғылыми еңбектер жазылуда.
Рабғузи қиссалары – түркі халықтарының рухани мұрасының маңызды бөлігі.
Бұл қиссаларда адамгершілік, əділдік, адалдық сияқты құндылықтар
насихатталады. Рабғузи қиссаларының жиналу тарихы мен зерттелу
мəселелері қазіргі уақытта да өзекті болып табылады. Бұл шығармалар қазақ
халқының рухани байлығын арттыруға үлкен үлес қосады.
Рабғузи қиссаларындағы тəрбие мəселесіне байланысты ойлар.
Түркілік ортағасырлық ойшыл Рабғузи өзінің терең ойлы мысалға толы
шығармаларында өнегелі, тəлімдік үлгілерді оқырмандарына ұсынады.
Əрине, Рабғузи қиссалары мұсылмандық сюжеттерді өрнектеуге арналуы сол
замандағы басымдық танытқан дүниетаным – ислам принциптері мен
қалыптары екендігін білдіреді. Бірақ басқа діндерде кездесетін ұғымдар мен
аңыздар да бұл қиссалардан орын алған.
Қазақ оқырмандарын алғашқылардың бірі болып Рабғузидің қиссаларымен
таныстырған Н.Сағындықов аудармасы болды. «Рабғузи қиссаларының»
қыжыра бойынша 710 жылы, жаңаша жыл санаумен 1310 жылы жазылғанын
Алма Қыраубаева «Ежелгі дəуір əдебиетінде» атап көрсетеді
140
. «Рабғузи
кітабы – ежелгі араб, парсы елдерінде туып, бірден-бірге ауысып келе жатқан
шығыстық сюжеттердің жиынтығы. Кітапта табиғат, дүние құбылыстары,
жаратылыстың пайда болуы жайындағы мифологиялық əңгімелер, халифтар,
пайғамбарлар туралы аңыз-қиссалар, ертегілер, өлеңдер бар» деп көрсетеді
автор шығарманың мазмұнына сипаттама бере отырып (1,185-6.). Əрине,
қазақтың кең даласына мұсылман дініндегі даналық қалыптары, этикалық
принциптер тек осындай көркемдік жолмен ғана тезірек тарала алатын еді.
Өйткені, қазақ халқы ежелден ауыз əдебиетіне, аңыз əңгімелерге, өлең сөзге,
дастандарға, нақылдар мен мақал-мəтелдерге құмарлығы мол екенін білдіріп
отырғаны белгілі. Сондықтан Рабғузидің қиссаларындағы даналық
тағылымдары түркілер дүниетанымына сəйкес келе қалғанына таңғалуға
болмайды. Бұл біздің шығыстық діліміздің ерекшелігіне жатады. Ал
этикалық бағыттағы философиялық түсініктеріміз халқымыздың рухани
белгісі іспетті.
Рабғузи қиссаларында Нұх пайғамбардың топан судан кейінгі жердегі
тіршіліктің сипаттамасын баяндауға арналған хикаяттары бар. Хайуанаттар
əлемінен Нұхтың əрқайсысын жұптан сақтап қалуға тырысуының өзі Жер
бетіндегі Ғарыштық үйлесімділікті орнатуға деген талпыныс емес пе?
Сөйтіп, Рабғузи адамдарды тіршілік əлемін құрметтеуге шақырады жəне
дүниедегі əрбір іс-əрекеттен құдайдың құдіретін көре отырып, ойшыл əрбір
адамға Ақиқат алдындағы жауапкершілікті ұмытпауды еске түсіреді. Сөйтіп,
ол əлемдік үйлесімділікті құрметтеуге үйретеді, адамның əрқашанда өмірдің
тұңғиығын тек адалдықпен, əділдікпен сезіне алатындығына сенімділігін
білдіреді. Міне осы принциптер нағыз өмірде жетекші рөл атқарады.
Өте қысқа ғана көлемнен тұратын Хазірет Лұқпанның бидай орнына арпаны
еккені жайлы хикаят қиссада келтіріледі. Бірақ ол адамзатқа философиялық
мағынасы, даналық тереңдігі тұрғысынан алғанда өте маңызды
хикаяттарының бірі деген ойдамыз. Себебі, бұл хикаятта дүниедегі əрбір
əрекеттің астарында адамның өмір сүруіне байланысты құндылық негіздерді
сараптау жатқаны байқалады. Хазірет Лұқпан алаңғасар адамның кейпіне
кіріп өз қожасына «Арпа ексем бидей шықпай ма?» деген парадокстік
сұрақ-жауабын береді. Əрине, ол жауапқа қожасы қанағаттанбайды да, өзінің
барлық таңғалысымен Лұқпанға деген кісімшілігін: «Қашан арпадан бидай
шығып еді?» деген кекесін сауалына жинақтап жеткізеді. Əрине, Хазірет
Лұқпан бұл іске арнайы дайындықпен қадам жасағандықтан оған жауабын да
алдын ала дайындап қойған екен: «Олай болса, не үшін жамандық жасап,
жақсылықтан үміт етесіз?» дейді. Хикаятта бұл аңыздың түйіні ретінде «Бұл
əңгімеден кейін қожасы жаман істен тыйылды» деп оңды қорытынды
келтіріледі. Осындай тəрбиелік мəндегі əрбір сұхбаттың нəтижесі өз
заманында əлеуметтік ортаға жемістерін беріп отырғанға ұқсайды. Ал, енді
сұхбат арқылы ойды талқыға салу, əңгімелесу арқылы даналық тағылымның
мəнін ашу сияқты тəсілдер ежелгі Антика əлемінде кеңінен қолданылған.
Пікірталас арқылы Ақиқатты іздеуді ежелгі дүниедегі философтар əдетке
айналдырғанын білеміз.
Жалпы философиялық ағымдардың барлығында жақсылық пен
жамандықтың арақатынасы ажыратылады. Арпаны бидайдан ажыратқандай
əрбір құбылысқа өзіндік сипаттамалар беруге тырысады. Ол заңды талпыныс
екені белгілі. Өйткені, адам өміріндегі қарама-қарсы бағыттағы əрекеттердің
барлығы бір-бірімен араласып, оның əрқайсысының өзіндік сипат –
қасиеттері айқындалмаса, онда өмірдің мағыналық іргетасы шайқалады, адам
өзінің өмірлік бағытын жоғалтады. Сондықтан, жақсылық туралы сөз
қозғағанда оны негізінен адамды бұл өмірде бақытты ететін, қуанышқа
бөлендіретін құбылыстармен байланыстырамыз. Бірақ, адамның жалған
құндылықтардың жетегінде кететін кездері жиірек болатынын адамзат
тарихы дəлелдеп отыр. Яғни пенде үшін бұл тіршілікте материалдық
байлыққа ұмтылу, атақ, мақсат, өзім білгіштік пен қызғаншақтықтар негізгі
құндылықтық бағдар болып келе жатқанына куəміз. Ал олар болса тарихи
үрдістегі барлық жамандықтың негізі, болмыстың көлеңкелі іргетасы екені
анық.
Қазақта «не ексең, соны орасың» деген қанатты сөз бар. Жоғарыда айтылған
хикаяттың логикалық жиынтығы сияқты айтылған мақал екені байқалады.
Яғни кез келген адам өзіне жақсылықтың үнемі келіп тұруын, өмірінің мəнді
де, сəнді болуын қалағанымен өзі кейде біліп, кейде білмей жақсылықтан гөрі
жамандықтың дəнін шашып жүруі мүмкін. Əрине, адамға өмірде қателесуге
құқық жоғарғы Рухтан берілген. Ал, бірақ қателіктің түпкі нəтижесін біліп
тұрып жасалынған əрекет күнəға əкеліп соғатынын білген абзал.
Білместікпен жасалған қателік үшін адамды жазғыруға болмайды. Тек соны
саналы түрде қайталамауға тырысу керек. Сонда ол өмірде рухани бір сатыға
көтеріледі, дамиды, өседі.
Хазірет Лұқпанның келесі бір хикаятында ешқашанда өзіңді қоршаған
ортадағы тіршілік иелеріне қиянат жасама, ол күнəнің ең үлкендерінің бірі
деген даналық тағылымын түсінеміз. Өз балаларының шымшықтың
балапанын ұстап бер дегеніне көніп, ұяның аузына шүберек жапқаннан кейін
оны ұмытып кетіп, балапандарды өлтіріп алады, бірақ шымшық тірі қалады.
Хикаятта осы оқиға Лұқпан хакімнің өмірінде де қайталанады. Өзі ұзақ
жылдар бойы зынданда жатып тірі қалады, бірақ балалары сол зынданда өліп
қалады. Міне, сөйтіп, адам кейде өзінің іс-əрекетіне жауапкершіліксіз қараса,
ол міндетті түрде оның ақырғы зардабын татуға тиіс деген тұжырымды
аңғарамыз. Яғни Ақиқаттың заңдарын білмеушілік, оның ішкі қисынына
шынайылықпен берілмеушілік əрбір пенде үшін оның алдындағы
жауапкершіліктен босатпайтынына мегзейді. Əзірге қоғамдағы əлеуметтік
қатынастарды зерттеуші мемлекеттік заңдардың құзырына бағынып қана
өмір сүруді ойлайтын деңгейден аса алмайтын кездеріміз көптеп саналады.
Шын мəнінде ол заңдар əлеуметтік ортадағы белгілі бір тепе-теңдікті ұстауға,
адамның өз пендешілігінің құрбаны болып кетпеуіне шектеу қояды. Бұл да
рухани жағынан жетілмеген субъектілер үшін міндетті түрде көмегін тигізер
тетік болатыны анық.
Хазірет Лұқпан есімі түркілер үшін даналықтың, қайырымды жанның
бейнесіне айналады. Ал Сүлеймен пайғамбардың табиғаттағы тіршілік
иелерінің бəрінің тілін білуі жалпы адамзаттың ашылмай келе жатқан
қабілетімен таныстырғанмен бірдей. Яғни бұл қасиетке ие болу үшін əрбір
адам Сүлеймен пайғамбар деңгейіне дейін көтерілуі тиіс дегендей терең ой
жатқандай əсер қалдырады.
Бірақ сол табиғат пен адамзаттың барлығын билеген, қадір-қасиетімен өз
заманында əлемнің ең күштісіне айналған Сүлеймен пайғамбар жердегі
құмырсқалар патшасы Манзураның алдында сөзге тосылады, оның керемет
қисынды даналық тұжырымдарына қайтарымды уəж айта алмайды.
Керісінше, оның даналығына, көрегендігіне, қайырымдылығына тəнті
болады. Өзін əлжуазбын, көп нəрседен кішімін деп есептейтін құмырсқа бір
сəтке Сүлеймен пайғамбар үшін үлкен ұстазға айналады. Рабғузи
қиссаларының даналық тағылымдары да осы хикаяттың астарларын түсінуде
болып тұр. Шын мəнінде əрбір адам үшін өмірде кез келген адам Ұстаз бола
алады, кез келген табиғат құбылысы, тіршілік Иесі жақсы нəрсеге үйрете
алады. Ол үшін əрбір пенде өзінің өміріндегі кез келген сəтке, құбылысқа,
оқиғаға мұқияттылықпен, барлық ынта-ықыласпен назар салып,
аңғарымпаздық танытуы керек деген даналық тағылымды түсінеміз. Яғни бұл
дүниеде еш нəрсе бекерден-бекер жүзеге аспайды, рауажданбайды. Əрбір
құбылыстың түп-төркінінде Ғаламның, Ғарыштың, Рухани күштердің адамға
көмектесуге бағытталған əрекеттері тұрғандай болады. Тіптен, адам түсті де
бекер көрмейді. Тек соларды түсінуден, сезінуден, пайымдаудан, зерделеуден
адамның алшақтап кететін кездері көбірек кездеседі. Рабғузи қиссаларының
осы мəселелерді еске түсіріп отыратын құдіреті бар.
Харут пен Марутқа арналған хикаядағы тəлімдік өнегелі тұжырымдардың
маңызы ерекше. Бұл хикаяда адамның рухани əлемінің көлеңкелі беттерінің
қыр-сырына ұқыптылықпен назар аудару қажеттілігі айтылады. Кезінде Қожа
Ахмет Иасауи мен Жүсіп Баласағұн жырларында атап көрсетілген адамның
рухани жетілмегендігін білдіретін нəпсіқұмарлық құбылысы философиялық
талдаудан өтеді.
Рабғузи хикаяларында періштенің өзі кейде дұрыс жолдан тайқып кетіп,
зинақорлық жолға түсуі мүмкін екендігі баяндалады. Яғни нəпсі деген
керемет түнек күші өзінің қаһарлы құдіретін адамның күтпеген шағында
танытуы мүмкін деген ой білдіреді. Ежелгі Қытай елінің даналарының бірі
Лао-цзы «Өзгені жеңген күшті, өзін жеңген құдіретті» деген екен. Шынымен
де «білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген қазақ үшін де өзінің
бойындағы кемшіліктерді көре білу маңызды болуға тиіс. Өйткені, адамның
білімділігінің, зерделілігінің ең жоғарғы көрінісі оның өз бойындағы
кемшіліктерімен күресуі болып табылады.
Адамның табиғатын түсінудің өзі бір керемет дүние екенін түркі дəуірінің
ойшылдары жақсы түсінгенге ұқсайды. Ал адамның бойындағы нəпсіге, яғни
табиғи қажеттіліктерге, инстинктік құрылымдарға қарай бейімділік белгілі
бір қалыптан артып кеткен жағдайда ол өзімшілдіктің тұрпайы кейпіне енеді.
Адам табиғи мүдделерін қанағаттандыру мақсатын жүзеге асыру жолында
жүріп рухани құлдыраудың сүрлеуіне қалай түсіп кеткенін байқамайды.
Сөйтіп, ол өзінің іс-əрекеттерінің өзгеге де, өзіне де жамандық əкелгенін
соңынан ғана сезеді. Ақылы болса өкінеді, руханилығы болса жөндейді,
үйлесімдікке ұмтылады.
Рабғузи қиссаларындағы философиялық тұжырымдармен таныса отырып,
«Адам өзінің бойындағы табиғи инстинктерін шектей ала ма?» деген сұрақ
туындайды. Əрине, ол мəселе адамда қандай негізгі табиғи инстинктер бар?
деген сұраққа жауап беруден басталады. Барлық тіршілік иелері сияқты адам
да алдымен табиғаттың бір бөлігі болғандықтан оның үйлесімді
заңдылығына бағынады. Ол заңдылықтар бойынша адам бойындағы үш түрлі
табиғи қасиет өз күшін жоғалтпайды. Олар: өзін-өзі қорғау инстинкті (яғни
тірі қалу үшін күрес); өзін-өзі қамтамасыз ету инстинкті (яғни ертеңгі күнгі
тіршілік үшін де күрес); ұрпақты жалғастыру инстинкті (яғни өмірінің
қысқалығын ұрпағының өмірімен жалғастырады). Сонымен, барлық
хайуандарға тəн күрестің түрлері адам үшін де жат емес. Дегенмен адамның
хайуандардан түбегейлі айырмашылығы оның рухани əлемінің, яғни жан
дүниесінің болғанында. Ал бұл əлемнің заңдылығы ерекше нəзік
байланыстардан тұрады, оның ерекше ырғағы болады. Сондықтан адамның
тағдыры, өмірі, жетекші дүниетанымдық бағдарлары, құндылықтар жүйесі
осы рухани құрылымдарға бағынуы тиіс. Сонда ғана нəпсі зерделі деңгейге
дейін шектеледі. Əркім өз ісіне соңынан ұялмайды, ол руханилыққа толы
əрекеттерді жасауға бейім тұрады.
Рабғузи білдіретін даналықтың үлгілері өз замандастары ғана емес, өзінен
кейінгі талай ұрпаққа нағыз адамгершіліктің сипаты іспетті болғанына
күмəнданбаймыз жəне оның философиялық мəнін аша түсуге үлес қосты.
Өйткені, талай даналықтың үлгісі түркілік тарихымыздың ашылмаған
беттерінде жатыр.
Ал, енді Рабғузи туралы жарық көрген еңбектердің ішінен Роза Мұқанованың
72 пайғамбардың өмірінің тарихын баяндаған «Рабғузи қисса-сүл-əнбийя-й.
Адам атадан Мұхаммед ғалайһи-уəссəлəмға дейін» деген шығармасы
қомақты дүние болып табылады.
141
Түркі əлеміне енген рухани негіздерді
түсіндіруде бұл құндылығы зор еңбек демекшіміз. Əрине, Рабғузидің басқа да
шығармалары жарыққа шығып, халқымыздың рухани дүниесін байыта түсе
береріне сенімдіміз. Сол мақсаттағы əрекеттер болашақ ғылыми
зерттеулердің үлесінде. Бұл түркі тілді халықтардың интеллектуалдық күшін
біріктіруіне тəуелді іс болып табылады.
Рабғузи қиссаларындағы тəрбие мəселесі туралы ойлар келесі негізгі
аспектілерді қамтиды:
Достарыңызбен бөлісу: |