1.ТҮСІНІК ХАТ
1. ПОЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКА
Осы үлгілік оқу бағдарламасы ҚР 4,05 -2014 «орта білім. Техникалық және кәсіптік білім. Негізгі ережелері» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп әзірленген.
Жалпы көлемі – 58 сағат, оның ішінде: теориялық сабақ - 12, зертханалық-тәжірибелік сабақ - 46.
Жұмыс оқу бағдарламасын даярлау барысында, білім беру ұйымы үлгілік оқу бағдарламасында пәнді оқыту уақытының жалпы көлемін сақтай келе, айналымға бөлінген сағат көлемін қазіргі заманғы оқыту технологиясының пайдалана отырып, 10-20% өзгертуге құқылы. (ҚР МЖБС 4,05-2008 «орта білім. Техникалық және кәсіптік білім . негізгі ережелері»)
«Кәсіптік қызметтегі ақпараттық технологиялар» пәнін оқытудың мақсаты Ақпараттық жүйеде компьютерлік технологияларды қолдануды зерделеу және электрондык сұлбаларды, баспа платаларын және өлшеу аспаптарын конструкциялаудың, әзірлеудің қолданбалы пакеттерін меңгеру.
Пәннің міндеті:
Компьютерлік технологиялармен таныстыру
Автоматты жобалау жүйелерін терең меңгерту
Схемотехникалық модельдеу программаларымен таныстыру
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесілерді иемдену керек:
Жобалаудың негізгі аппараттық, программалық және ақпараттық құралдарын білу керек;
Электрондық сұлбалар мен баспа платаларының элементтік базасын сипаттау үшін графиктер параметрлері мен объектілерінің типтік деректер базаларын таңдауды жасай білу керек;
Электрондык аппаратураны жобалаудың негізгі принциптері туралы; техникалык құжаттаманы әзірлеудің программалық құралдары туралы түсінігі болу керек;
Принциптік сұлбаны және баспа платаларын әзірлеу, техникалық кұжаттаманы әзірлеу бойынша практикалық дағдыларды иелену керек.
Компьютерлік технологиялардың жаңа әзірлемелерінде және оларды практикалық пайдалануда құзыретті болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |