Мысалы, 4 курс студенттері туралы Мәліметтер деп аталатын мәліметтер қорын құрайық. МҚ екі кестеден тұратын болады. Олар: Студенттер және Балл деп аталады. Студенттер кестесінің өрістерінің атын Конструктор режимінде 11-суреттегідей етіп толтырыңыз. 11-сурет .Студенттер кестесі Енді кестелерге мәліметтерді енгізбес бұрын, олардың арасына байланыс орнатамыз. Кестелер арасындағы байланыстың үш түрі бар. Олар:
- бірдің бірге қатынасы;
- бірдің көпке қатынасы;
- көптің көпке қатынасы.
Бірдің бірге қатынасы дегеніміз бірінші кестедегі бір жазу екінші кестедегі бір жазуға сәйкес келеді.
Бірдің көпке қатынасы дегеніміз бірінші кестедегі бір жазу екінші кестедегі көп жазуға сәйкес келеді.
Көптің көпке қатынасы дегеніміз бірінші кестедегі көп жазу екінші кестедегі көп жазуға сәйкес келеді. Бұл байланыстың түрі сирек кездеседі.
Кестелердің арасына байланыс орнату үшін лентадағы мәліметтер қорымен жұмыс=>Мәліметтер схемасы (Работа с базами данных=>Схема данных) батырмасына басамыз 12-сурет 12-сурет Мәліметтер схемасы терезесі пайда болады. Тышқанның оң жақ батырмасын басып, жанама мәзірден Кесте қосу (Добавить таблицу) командасын орындаймыз. Экранда Кесте қосу сұқбат терезесі пайда болады. Балл және Студенттер кестелерін белгілеп Қосу (Добавить) батырмасына басамыз (13-сурет). Кесте қосу сұқбат терезесін жабамыз. 13-сурет. Кесте қосу сұқбат терезесі Мәліметтер схемасы терезесінде екі кесте пайда болады (14-сурет). 14-сурет.
Балл кестесінің Код өрісіне тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, жібермей Студенттер кестесінің Код өрісіне дейін тышқанның курсорын созып апарамыз. Экранда Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұқбат терезесі пайда болады (15-сурет). Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету (Обеспечение целостности данных) (кілттік өрістегі жазулар қайталанбау үшін), Байланысқан өрістердің өңдеу (Каскадное обновление связанных полей) (егер бір кестенің кілттік өрісіндегі жазуға өзгеріс енгізілсе, екінші кестедегі сол жазу автоматты түрде өзгеру үшін), Байланысқан жазуларды өшіру (Каскадное удаление связанных записей) (егер бір кестенің кілттік өрісіндегі жазу өшірілсе, онда екінші кестедегі сол жазу автоматты түрде өшірілу үшін) өрістеріне жалауша қоямыз.