Microsoft Access-мәліметтер қорын басқару жүйесі
Теория Практика Әдебиеттер Өзіндік жұмыс Сөздік Мазмұны Microsoft Access
Мәлiметтер қоры – бұл өзара байланысқан мәлiметтердiң интеграцияланған жиынтығы болып табылады. Әдетте мәлiметтер қоры бiр нақты пән саласы үшiн, қолданбалы есептердi ұйымдастыру үшiн құрылады. Мәлiметтер қорымен жұмыс iстеу үшiн мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) пайдаланылады. Бұл мәлiметтердi енгiзудi, iздеудi, сақтауды, түзетудi қамтамасыз ететiн және есеп берудi және мәлiметтер қорын пайдаланушылардың сұранысына жауап берудi ұйымдастыратын арнайы бағдарламалар жабдығы болып табылады. Сонымен қатар МҚБЖ мәлiметтердi қорғау мен олардың ―жылжуын‖, басқа бағдарламалық құралдар арқылы пайдаланылуын қамтамасыз етедi. Қазiргi уақытта көптеген экономикалық және ақпараттық-анықтамалық бағдарламалық кешендер қандай-да бiр МҚБЖ негiзiнде жүзеге асырылып отырғандығы баршаға белгiлi болып отыр.

Бүгiнгi таңда информатика пәнiнен оқу процесiнде мейлiше танымал бағдарламалық өнiм - MS Access мәлiметтер қорын басқару жүйесi. Ол ӛз жүйесiне мәлiметтер қорының реляциялық графикалық мұқабалы түрiн қамтиды. Мұндай қорлардағы мәлiметтер бiртектi жазбалардан тұратын бiр немесе бiрнеше кестелер түрiнде берiледi. Қызмет көрсету жүйесi ЭЕМ-ге мәлiметтердi енгiзу, мәлiметтердi қандай-да бiр белгiсi бойынша сұрыптау, мәлiметтер құрылымын түрлендiру, мәлiметтердi шығару және т.б. сияқты жұмыстарды қамтамасыз етедi.