Деректердің компьютерлік жүйелерде бейнеленуі



бет1/2
Дата15.11.2023
өлшемі20,65 Kb.
#122511
  1   2

Деректердің компьютерлік жүйелерде бейнеленуі.
Компьютер – ол деректерді құруды, сақтауды және тасымалдауды автоматтандыруға арналған электрондық құрал.
«Архитектура» сөзін ЭЕМ үшін қолданғанда, ол пайдаланушыға қажет компьютер сипаттамаларының жиынтығы деп түсінуге болады. Олар – ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары мен блоктары және олардың арасындағы байланыстар құрылымы.
ЭЕМ құрудың жалпы принциптері:
1. ЭЕМ жадының құрылысы,
2. Жадыға және сыртқы құрылғыларға жету жолы,
3. Компьютер конфигурациясын өзгерту мүмкіндігі,
4. Командалар жүйесі,
5. Деректер форматы,
6. Интерфейсті ұйымдастыру.
Сонымен, архитектура – ол ЭЕМ жұмысын бағдарламалық басқаруды және оның негізгі функционалды түйіндерінің бір-бірімен келіскен әрекетін іске асыратын ЭЕМ құрудың жалпы принципі.
1960-ж. ортасынан бастап есептеуіш машиналарды жасау үшін, аппараттарды және математикалық қамтамасыздандырудың кейбір құралдарын тәуелсіз құрастырудың орнына, аппараттық (hardware) және бағдарламалық (software) құралдардан тұратын жүйе жобалана бастады. Мұнда алдыңғы жоспарға олардың өзара әрекеттестік концепциясы қойылды. Осылай жаңа түсінік – ЭЕМ архитектурасы пайда болды.
Есептеуіш машиналардың негізін қалаған ағылшын математигі Джон фон Нейман. Ол 1944 жылы бірінші лампалық ЭЕМ ENIAC құруға басшылық етті. Фон Нейман ЭЕМ логикалық құрылымының негізгі принциптерін ұсынады.

Бағдарламаны басқару принципі. Бағдарлама белгілі ретпен автоматты түрде процессорда орындалатын командалардан тұрады. Компьютер жадынан бағдарламаны таңдау командалар санағышы арқылы жүзеге асады. Процессордың регистрі өзінде сақталған ақырғы команданың адресін команданың ұзындығына қарай ретпен үлкейтеді.
Жадта бағдарламаның командалары бірінен соң бірі орналасқандықтан, онда ретпен орналасқан ұяшықтарда командалар тізбегі қалыптасады. Егер команданы орындағаннан кейін келесісін емес, басқасына ауысу керек болса, шартты немесе шартсыз ауысу командалары қолданылады.
Бұл командалар келесі команданы құрайтын жад ұяшығының нөмірін командалар санағышына енгізеді. Жадтан команданы таңдау «стоп» командасын орындағаннан кейін тоқтайды. Процессор бағдарламаны осылай автоматты түрде орындайды.

Жадтың біріңғайлылық принципі. Бағдарламалар мен деректер бір жадта сақталады, сондықтан компьютер жадтың берілген ұяшығында не сан, не мәтін, не команда сақталып қойғанын айыра алмайды. Деректермен қандай жұмыс істесе, командалар мен де сондай жұмыс істеуге болады. Бұл көптеген мүмкіндіктер береді. Мысалы, бағдарлама өзінің орындалу процесінде өңделуге ұшырауы мүмкін, бұл оның кейбір бөлшектерін алу заңдарын бағдарламаның өзінде беруге мүмкіндік береді. Онымен қоса, бір бағдарламаның командалары басқа бағдарламаны орындағаннан кейін шыққан нәтиже ретінде қабылдана алады. Осы принципке трансляция әдісі негізделген. Трансляция дегеніміз – бағдарлама мәтіннің жоғарғы деңгейдегі бағдарламалау тілінен машинаның нақты тіліне аудару.

Адрестік принцип. Негізгі құрылымдық жады нөмірленген ұяшықтардан тұрады. Процессорге кез келген уақытта кез келген ұяшыққа жол ашық. Сондықтан аймақтарға ат қоюға болады. Кейін сонда сақталған мағынаны ашып, немесе өзгертуге болады. Осы 3 принципке негізделген компьютерлер Фон-неймандық компьютерлер деп аталады.
Фон-неймандық емес компьютерлер командалар санағышынсыз жұмыс істей алады, жадта сақталған өзгеріс керек болса, оған ат қою міндетті емес. Нейман бойынша негізгі блоктар – басқару құрылғысы (БҚ) және арифметикалық-логикалық құрылғы (АЛҚ), әдетте олар орталық процессор, жады, сыртқы жады, енгізу құрылғысы, шығару құрылғыларында біріктірілген.

Тапсырма
Тақырып бойынша тест құру:


Тест көлемі 10 сұрақ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет