Деректер қоры кестесіне байланысты белгілі шарттарды қанағаттандыратын нәтижелік кесте құруға болады. Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс объектісі не жай ғана сұраныс деп атайды. Деректер қоры кестесіне байланысты белгілі шарттарды қанағаттандыратын нәтижелік кесте құруға болады. Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс объектісі не жай ғана сұраныс деп атайды. Access – те сұраныс құруға арналған құрал (ішкі программа) да сұраныс деп аталады. Сұраныс құрудың түрлі тәсілдері бар: Фильтрлеу. Қарапайым сұраныс шебері. Сұраныстар конструкторы. Қарапайым сұраныс – кестеден немесе байланысты кестелерден таңдалған өрістер бойынша құрылатын нәтижелік кесте. Сұраныс шеберінің көмегімен қарапайым сұраныс құруға болады. Мысалы, негізгі кестеден грантта оқитын студенттер тізімін бөліп алу қажет. Ол ҥшін Создание мәзірінен Мастер запросов батырмасын басып, Простой запрос батырмасын басып, ашылған терезеден қажетті өрістерді таңдау қажет (6-сурет):
6-сурет. Қарапайым сұраныс құру
Ашылған терезеден Простой запрос таңдап аламыз. Келесі қадамда бізге қажет бағаналарды таңдап аламыз(7-сурет):
7-сурет. Өрістерді таңдау
Келесі қадамда “Далее-Готово” батырмасын басу қажет.
8-сурет. Тізімді шығару
Оқыту бөлімі бағанына барып, грант жазбасына жалауша қою қажет (9-сурет):
9-сурет. Қажет жазбаны таңдау
Осы қадамдарды орындағаннан соң, ОК батырмасын басқанда бізге қажет грантта оқитын студенттердің тізімі шығады: Осы қадамдарды орындағаннан соң, ОК батырмасын басқанда бізге қажет грантта оқитын студенттердің тізімі шығады:
10-сурет.Сұраныс нәтижесі.
Орындаған:Андасбек Е.М Пайдаланылған әдебиеттер: Абай атындағы ҚазҰПУ ФМиИ факультеті оқытушы Беделов Қ.А Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
Достарыңызбен бөлісу: |