Рационалды тамақтану негізі



бет2/3
Дата28.04.2022
өлшемі470,05 Kb.
#32572
1   2   3
Байланысты:
рационалды тамактану 5апта

Дұрыс тамақтану:
• Ағзаның қажетті энергия мен тағам заттарына қажетсінуін қанағаттандырады.
• Тамақтануда тамақ түрінің сан алуан болуы.
• Тамақ нақты тәртіпте ішіп-желінеді.
• Ағзаның ас қорыту және ферменттік мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.
• Сапалы және қауіпсіз келеді.
• Тамақтанумен байланысты аурулар дамуын ескертеді, еңбекке жарамдылығы мен денсаулық деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.
Тамақтану әртүрлі болу керек. Бірде бір өнім құрамында ағзаға қажетті дәрумендер, минералдық заттар қажетті мөлшерде болмайды. Сол себепті өнімнің әртүрлілігі ғана ағзаға қажетті заттармен қамтамасыз ете алады.
Ас тұзын шектеу. ДДҰ сарапшыларының ұсынысы бойынша тәуліктік ас тұзының мөлшері 5 гр. Болу керек. Орта есеппен алғанда адамдар тәулігіне 10 гр тұз пайдаланады. Тұзды аз мөлшерде тұтыну ауырға түссе де, оған біртіндеп келу керек. Тұздың бір бөлігін лимон қышқылымен, даршын, ақжелкенмен, кинза және аскөк пен алмастыруға болады.
Балық, құс етін, бұршақ (асбұршақ, үрмебұршақ, жасымық) тұқымдастарды тағамда жиі қолданыңыз. Еттің майлы емес түрін қолданыңыз. Еттегі көрініп тұрған майды, ал тауық етінің сыртқы қабатын алып тастаңыз. Шұжық, сосиски, сүрленген ет, гамбургер, хот-дог, еттің майы, чипсы, паштеттерді басқа пайдалы азық-түлікпен алмастыру керек. Мал еті немесе тауық етінің сорпасын біраз тындырып, жиналған сорпа бетіндегі майды алып тастау керек.
Тамақ әзірлеуде өсімдік майларын: күнбағыс, жүгері майын күніне 2 ас қасық пайдаланыңыз. Зәйтүн, зығыр майын салатқа қосу дұрыс.
Күнделікті тамақтануда буға піскен, қайнаған және қақталған тамақтарды тұтыну пайдалы.
Жеңіл сіңімді көмірсуларды: қант, тәтті аспаздық өнімдер мен басқа да тәттілерді тұтынуды шектеңіз. Қантты мөлшерден тыс пайдалану холестерин деңгейін арттырып, ағзаның қорғану қасиеттерін төмендетеді.
Ұнның кесек тартылған нан өнімдерін пайдаланыңыз. Ақ нан ұнның жоғарғы сұрпынан әзірленеді, технологиялық өңдеуден өткен кезде ол өзінің 80-90% дәрумені мен кебегін жоғалтады. Қара, сұр және кебекті нан құрамында тағам талшықтары, В дәрумені бар, олардың биологиялық құндылығы жоғары, ал калориялығы төмен келеді.
Құрамында майы аз сүт өнімдерін пайдаланыңыз.
Жемістер және көкөністерді көп мөлшерде жеңіз (күніне 400 г кем емес). Жемістер және көкөністер құрамында В, Сдәрумендері, магний, калий, кальций минералдары және холестеринді шығаратын клетчатка болады. Салаттарды өсімдік майымен (майонезсіз және қаймақсыз) әзірлеңіз.
Шикі көкөністерді және азғана мөлшерде жаңғақтарды жеңіздер (сәбіз, қияр, болгар бұрышы жәнет.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет