Рационалды тамақтану негізі


Рационалды тамақтанудың негізгі қағидалары



бет3/3
Дата28.04.2022
өлшемі470,05 Kb.
#32572
1   2   3
Байланысты:
рационалды тамактану 5апта

Рационалды тамақтанудың негізгі қағидалары:

· Тамақтану мөлшері жағынан адекватты, яғни, рационның энергетикалық құндылығы ағзаның энергия шығынын толық өтеп отыруы қажет.

· Тамақтану сапасы жағынан құнды, яғни құрамында барлық ағзаға қажетті тамақтық (қоректік) заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар, бәрінен бұрын, алмастырылмайтын құрамбөліктері қолайлы мөлшерде болуы тиіс.

· Тамақтану балансталған болуы қажет, яғни құрамы, тамақтық заттардың химиялық құрам бөліктерінің мөлшері мен арақатынастары, олардың пайдаға асуын қамтамасыз ететін ағзаның ферменттік жүйелері үшін қолайлы болуы қажет. Тамақтанудың балансталғандық қағидасы – рационалды тамақтанудың негізгі қағидасы болып табылады, ол тек негізгі тамақтық заттардың - белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың және дәрумендер дің арасындағы балансталғандықты ғана емес, сонымен қатар белоктардың, майлардың , көмірсулардың , минералды заттар мен дәрумендердің өздерінің құрамына кіретін заттардың да балансталғандығы туралы түсінік береді.

· Тағамның әртүрлі болуы, яғни, құрамында жануар текті және өсімдік текті азықтар және жеткілікті мөлшерде тағамдық талшықтар да болуы тиіс.

· Тағам залалсыз, яғни тағамда жұқпалы немесе паразитті каурулардың қоздырғыштары болмауы, ал микробтық және микробтық емес токсиндердің концентрациясы гигиеналық регламенттерден аспайтын болуы тиіс.

· Жақсы органолептикалық көрсеткіштері қамтамасыз етілуі, тәбет тартатын, аз көлемде тоқтық сезімін беретін, жақсы қорытылатын және жеңіл сіңетін болуы керек.

· Режиммен тамақтану.







Қорытынды

Егер денсаулықты қалыптастыратын факторлар: қозғалыс белсенділігі, жұмыс қарқындылығы, ауруға қарсы тұру, дұрыс тыныс алу, жүрек бұлшық еттерінің жұмысы, зат


алмасу, еңбек пен демалысты ұштастыру және рационалды тамақтану бір маңызды орын алады.
Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай — ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.
Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді:
Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.
Екінші, тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес,
белгілі мөлшерде үш немесе төрт рет тамақтану керек.
Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер


1.Рубина Е.А. Малыгина В.Ф. Микробиология, физиология питания, санитария: учебное пособие. - Москва :Форум, 2012.- 240 c. ISBN 978-5-91134-253-1

2.Жапаркулова Н.И., Амирова А.К., Аралбаева А.Н., Утегалиева Р.С. Тағамдық жəне санитарлық микробиология: оқу құралы. – Алматы: ТОО Лантар Трейд, 2019. – 174 б. ISBN 978-601-7440-53-4





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет