4.6.1 Ғарыштық сәулелерді өлшеу. Ғарыштық сәулелердің жұтылу дозасының қуатын жер бетінде өлшеу жер жыныстарының γ – сәулелері әсерінен қиын. Сондықтан ғарыштық сәулелер ұшақ, шар-зонд арқылы әр түрлі биіктікте өлшеу арқылы ғана анықталады. Сонымен қатар әр 2 км биік сайын дозаның өсуі де есепке алынады. үйлерде ғарыштық сәулелер аралық қабат сайын әлсірейді.
4.6.2 Табиғи радионуклидтердің γ –сәулелерін өлшеу. γ – сәулелерді өлшеудің тиімді тәсілі иондау, бірақ бұл тәсіл тура өлшеу кезінде бағдарын табу үшін қолданылады. γ – фонды өлшеу үшін сцинциллятты немесе жартылай өткішті деторкторлы спектрометрді, сонымен қатар газрязрядты есептегішті қолдануға болады.
4.6.3 құрылыс заттарындағы табиғи радионуклидтердің белсенділігін анықтау. Бұл көрсеткіш бөлмеде γ – фон деігейін анықтау көреткіші болып саналады. Табиғи радионуклидтарды құрылыс заттарында нақты белсенділігін анықтау үшін радиохимиялық, радиометрлік және γ – спектрометрлік әдістер қолданылады.
4.6.4 Ауа құрамында табиғи радионуклидтардың болуын анықтау. Анықтау үшін бөлме ауасында радон мен радонның еншілес өнімдерінің жалпы белсенділішін өлшейді. Ол үшін жоғары сынама іріктеу құрылғысы мен жоғары сезімталды радиометриалық орнатулар – сцинцилляциялық құрылғы принципі бойынша жұмыс жасайтын альфа радиометр қолданылады.
Радонның еншілес өнімдерінің жалпы белсенділігін анықтау үшін олардың фильтр қондырып, белсенділігін анықтайды.
Кәсіби мамандар мен қарапайым халықты радиациялық қорғау микродозиметрия принципі қолданылады. Стохастикалық және стохастикалық емес айнымалылар ұғымы қолданылады.
Стохастикалық айнымалыға кездейсоқ флуктуацияға (тербеліс) түскен айымалылар жатады.
Стохастикалық айнымалылар - стохастикалық айнымалылардың математикалық күтулілері.
Стохастикалық айнымалыларға жататындар:
Алдыңғы энергия;
Нақты энергия;
Сызықтық энергия.
Осы айналымдардық математикалық күтулілері – стохастикалық еместер.
Бақылау сұрақтары
1. Белсенділік деген не? Өлшем бірлігі қандай?
2. Доза түрлері (жұтылған, баламалы, экспозициялық);
3. А ж»не Б топтарының басты дозалық шектеулері;
4. иондаушы сәулелерді туынды нормативтік бақылау;
5. Иондаушы сәулелердің детекторлар түрі, жұмыс жсау принциптері;
6. Индикаторлар, дозиметрлер, ренгенометрлер, дозиметрлік құрылғылар халыққа не үшін арналған?
7. табиғи радионуклидтардың γ – сәулесі қалай өлшенеді?
8. Қандай айналымдарды стохастикалық және стохастикалық емес деп аталады?