Радиоэлектрондық құрылғылардың электр қорегінің екінші көздері 13-14 дәріс

бет1/4
Дата19.04.2023
өлшемі0,65 Mb.
#84307
  1   2   3   4
Байланысты:
13-14 дәріс

Радиоэлектрондық құрылғылардың электр қорегінің екінші көздері 13-14 дәріс

Электрондық басқарғыштарды, өлшеу және есептеу техникаларын тұрақты токпен қамтамасыз ету үшін аз қуатты (өлшемі, 10 және 100 Вт) қорек көздерін қолданады, олар әдетте энергияны айнымалы тоқтың бірфазалы тізбегінен алады. Мұндай қорек көздері қазіргі уақытта түзеткіштермен құрылады. Оның жұмысы электр энергиясын көп рет айналдыруға арналған.

Қорек көзі жалпы жағдайда келесі түйіндерден тұрады (1 сурет): Т – трансформатор, қорек көзі шығысындағы кернеу мен желідегі кернеудің қатысына тәуелді кернеуді жоғарылатады немесе азайтады; ВК – вентильдік жинақ, айнымалы тоқты бір бағыттағы тоққа айналдырады; С – түзетілген кернеудің пульсациясын жазуға арналған сүзгі; КТ – тұрақты кернеудің тұрақтандырғышы, ол қорек алтын желінің жүктемесі, кернеуі өзгерген жағдайда шығыс кернеуінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Тұрақты тоқтың өнеркәсіптік желілеріне қорек беру үшін түзеткіштер көпір схемасы бойынша орындалады. Қорек әдетте талап етілетін қуатқа байланысты 380, 500 немесе 660В кернеумен үш фазалық желіден жүзеге асырылады және көп жағдайларда кернеуді келістіру үшін трансформатор қажет етіледі, ол сонымен қатар айнымалы және тұрақты тоқ желілерінің гальваникалық торабын қамтамасыз етеді. Жалпы өндірістік түзеткіштердің шығыс кернеуі 30-4000 В диапазонында болады және олар 100-2000 А жүктеменің тоғына есептелінген.

Көп жағдайларда түзеткіштер басқарылмайтын вентилдермен орындалады (2 сурет) және бұл кезде реттейтін трансформатор жоқ болады. Егер түзетілген кернеудің талап етілетін реттеу диапазоны аса жоғары болмаса, салыстырмалы аз есептеу қуаты бар реттейтін трансформатордың орамалары негізгі кернеумен тізбектей қосылады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет