«Радиоэлектроника негіздері» пәні бойынша


қозғалмалы зарядтардың генерациясы



Pdf көрінісі
бет4/33
Дата20.12.2023
өлшемі2,83 Mb.
#141240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
қозғалмалы зарядтардың генерациясы 
деп 
атайды. Зарядтардың генерациясы олардың бір мезетте үзілген байланысты қалпына 
келтіру процесі - 
рекомбинация 
процесімен қатар жүреді. 
Сыртқы электр өрісі болмаған кезде кемтіктер мен электрондар қалай болса солай 
тәртіпсіз орын ауыстырады. Сыртқы электр өрісі қозғалысты тәртіпке келтіріп
электрондар мен тесіктер қарама-қарсы бағытта қозғалып, кристалл арқылы бір бағыттағы 
токты тудырады. Электр өткізгіштікті 
электрондық 
(п- 
түріндегі) және 
кемтіктік 
(р- 
түріндегі) деп бөлінеді, мүндағы 
п- 
ағылшынның 
negative- 
теріс деген сөзінің бірінші әрпі, 
ал 
р- 
ағылшынның 
positive- 
деген сөзінің бірінші әрпі. Меншікті жартылай өткізгіште 
электрон өткізгіштігі мен кемтік бір мезетте пайда болады, сондықтан электрондардың 
концентрациясы n

кемтіктің концентрациясы р
і 
ге тең болады, яғни n
i

i
- (
і
- индексі 
«меншікті» деген мағынаны білдіреді). 
Қоспалы жартылай өткізгіштердің 
элекір өткізгіштіктері электрондық немесе 
тесіктік электр өткізгіштігі айқын байқалатын қоспалармен анықталады. 
3-сурет 


Кристалл жартылай өткізгіштіктің электр өткізгіштігінің тиімді болу себебі оның 
құрамында басқа түрлі валентті элементтің болуымен түсіндіріледі. Басы артық еркін 
электрондар беретін, төрттен жоғары валенттілігі бар қоспаларды 
донорлық 
деп атайды; 
кемтіктердің санын көбейтетін, басы артық кемтіктер беретін төрттен төмен валенттілігі 
бар қоспаларды 
акцепторлық 
деп атайды. 3а-суретінде кремний кристалының бір атомын 
бес валентті мышьяктың 
(As) 
атомымен ауыстыру схемасы келтірілген. Мышьяк 
кремнийдің көрші атомымен төрт коваленттік байланысқа енеді, ал оның бесінші 
валенттік электроны «артық» болып қалады. ОК төменгі температурада бұл электрон әлі 
де мышьяк ядросының айналасында қалады, ал температураны сәл көтерісімен байланыс 
күші әлсірегендіктен, электрон жұлынып кетіп, теріс зарядты тасымалдаушыға айналады, 
демек, мышьяк атомы қозғалмайтын оң ионға айналады. Тұтасымен алғанда кристалл 
бейтарап болады, себебі оң иондардың зарядтарын электрон өткізгіштігінің теріс 
зарядтары теңгеріп тұрады. Донорлық қоспалы жартылай өткізгіштіктің электр 
өткізгіштігін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет