Рахмет самалы



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата29.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2966
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

емес». 
(Нәжім сүресі 3-4 аяттар)
Пайғамбарлар  өмір  сүріп  жатқан  кездерде,  өздері-
не  түскен  кітаптарға  адамдар  тарапынан  килігу  болған 
емес,  болуы  мүмкін  де  емес  еді.  Таурат,  Інжіл  сияқты 
кітаптардағы  килігулер,  Пайғамбарлар  қайтыс  болған-
нан кейін болған. Ал Құран Кәрім туралы Аллаh Тағала 
көркем аятында:
«Әлбетте Құранды біз түсірдік, қорғаушысы да әрине 
бізбіз!..» 
(Хижр сүресі 9-аят) 
- деп айтып, Құранды қияметке 
дейін қорғайтынына кепілдік беріп, адамдар тарапынан 
болатын килігулерден сақтаған.
Тәбүк сапарынан сылтаусыз қалып қалған үш кісінің 
жағдайы  да  назар  аударатын  әңгіме.  Бұл  үш  кісі  Қаб 
бин Мәлік, Мүрәре бин Ребі және Хіләл бин Yмеийе еді. 
Еткен  тәубаларын  Аллаh  қабылдағанға  шейін  ел  ішіне 
шығып  араласуларына  тиым  салынған.  Сахабалар  да 
олармен  қарым-қатынасты,  әрі  сәлемдесуді  үзген.  Осы 
үш кісі өздері туралы аят түскенге дейін күтуге мәжбүр 
болған.  Бұл  күту  елу  күнмен  аяқталып  тәубаларының 
қабылданғаны білдірілген аят түсті:
«Және  (Аллаh,  сапардан)  кейін  қалған  үш  кісінің 
де  (тәубаларын  қабылдады)  жер  жүзі  кең  болғанымен 
оларға тар келіп, ұждандары оларды қатты қысқан еді. 
Ақыры Аллаhтан (Оның азабынан) және Аллаhқа сый-

- 158 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ынудан басқа шаралары жоқ екенін түсінді. Содан кейін 
бұрынғы қалпына қайта келулері үшін Аллаh олардың 
тәубәсін қабылдады. Шынында да Аллаh тым көп тәуба 
кабыл етуші, өте мейірімді». 
(Тәубе, 118)
Егер  Пайғамбар  уаhиға  киліккен  болса,  елу  күн 
күтпей-ақ  өз  еркімен  болымды  немесе  болымсыз  үкім 
берер еді.
Аллаh  Тағала,  Құранға  Адам  тарапынан  килігу 
болмағанын  Хаққа  сүресінің  44-47-аяттарында  былай 
баяндайды.
«Егер  Ол  (Пайғамбар)  кейбір  сөздерді  ұйқастырып  
бізге  жалғаса,  әлбетте  одан  оң  қолын  (күшін  және 
қуатын)  алар  едік  те,  соның  жан  тамырын  кесер  едік. 
Сендерден де ешкім бұған бөгет бола алмас еді».
Уаhида Хазіреті Пайғамбарға
ескерту жасалуы
Кейбір  кездері  уаhи,  Аллаhтың  Пайғамбары  қала-
маған түрде келетін. Сонда Құран Пайғамбардың ойының 
қате болғанын білдіретін. Кейде көңілі соқпаған нәрсесі 
де  әмір  етіліп,  оны  орындауды  аз  уақытқа  болса  да  ке-
шіктірсе, ескерту күштірек келетін. Бұндай ескерту өте 
маңызсыз мәселелерде де болатын еді.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм), 
Зәйд ибн Харисенің әйелі болған, тәтесінің қызы Зейнеп 
бинті Жахштің, кейінірек өзінің әйелі болатынын уаhи 
арқылы  біліп  тұрып,  бұл  жағдай  туралы  көпшіліктің 
жаман ойлап қалуынан тартыншақтап жасырған. Аллаһ 
Тағала да бұған қарап:
«(Пайғамбарым!)  Кәне  Аллаh  нығмет  берген,  сенің 
өзің  де  жақсылық  істеген  пендеге  «Әйеліңмен  ажы-
распа,  Аллаhтан  қорық!»-деп  айтып  жатқан  едің.  Ал-

- 159 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
лаh  жариялайтын  нәрсені,  кісілерден  тартыншақтап 
жасырған едің. Алайда шын қорқуыңа лайық болған - 
Аллаh. Зейд сол әйелден ажырасқаннан кейін біз соны 
саған  некеледік  те  (осыдан  бастап  мұсылмандардың) 
асырап  алған  балалары,  әйелдерінен  ажырасқаннан 
кейін  (сол  әйел-мен  үйленуді  қаласа)  мұсылмандарға 
қиыншылық болмасын деп, Аллаhтың әмірі осылай ор-
нына келтірілген» 
(Аhзаб сүресі 37-аят)
 деп, Құдайы қалауды 
жасырудың қате болғанын көрсетіп, бұл қалаудың елге 
білдірілуін әмір еткен.
Бала асырап алу жаhилие әдеті еді. Бұл көркем аят-
пен Аллаhтың Пайғамбарына асырап алған баласы Зәйд 
ибн Харисенің қоя берген (ажырасқан) әйелін алуы әмір 
етіліп, Ислам заңында «тебенни» яғни, бала асырап алу 
мәселесі  жойылған  болды.  Тағы  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қоштасу құтпасында:
«Бала  кімнің  төсегінде  туған  болса  соныкі»  -  деп 
айтқан.
Бір  күні,  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) Зейнеп бинті Жахштың үйінде бал шербетін іш-
кен. Сондықтан оның қасында біраз ұзақ уақыт болған. 
Бұл  жағдайға  ғажаптанған  екі  әйелі  Айша  мен  Хаф-
са  өзара  келісіп  алып  Хазіреті  Пайғамбар  қастарына 
келгенде  үстінен  мәғафир 
(Емен  ағашының  иісі)
  иісі  кел-
генін  айтты.  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи 
уә  сәлләм)  мәғафир*  жемегенін  айтты,  бірақ  «Демек, 
балды  жасаған  ара  меғафир  жеген  екен!»  -  деп,  бұдан 
кейін  бал  шербетін  ішпеуге  ант  етті.  Аллаh  Тағала  да 
Пайғамбардың бұл ісінің қате екенін білдіру үшін:
«Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңнің ризалығын алу үшін 
Аллаhтың саған адал қылған нәрсені не үшін өзіңе арам 
етесің? Аллаh өте мейірімді, өте қайырымды» 
(Таhрим, 1) 
- деп айтқан.

- 160 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Егер  Құранда  адамзат  тарапынан  бір  килігу  болса, 
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  өз 
қалауына қарсы осы аятты өз сезіміне қарап келістірер 
еді.
Аллаhтың  Пайғамбары  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм),  жай  немесе  себепсіз  сылтаулармен  Тәбүк  са-
парына  қатыспаған  80  кісінің  сылтауларын  қабылдап 
оларға  рұқсат  бергендіктен,  төмендегі  аятпен  айып  ре-
тінде ескерту алған:
«Аллаh  сені  кешірді.  Бірақ  тура  айтқандар  әбден 
анық  белгілі  болып,  өтірік  айтқандарды  білместен 
оларға неге рұқсат бердің?» 
(Тәубе сүресі 43-аят)
Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
әкесінің інісі Әбу Тәліп үшін Аллаhтан кешірім сұрайын 
дегенде ескерту ретінде:
«Кәпір болып өлгендер тозақ тұрғыны болатындары 
оларға  анық  белгілі  болғаннан  кейін,  туыс  болсаң 
да  (Аллаhқа)  серік  қосқандар  үшін  кешірім  сұрау 
Пайғамбарға,  мұсылмандарға  жараспайды» 
(Тәубе  сүресі 
113-аят)
 аяты түскен.
Тағы  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм), 
мұнафықтардың  басшысы  Абдуллаh  ибн  Yбәй  ибн 
Сәлулдің сүйегі шығарылар кезде, салиқалы және адал 
ұлы  Абдуллаhтың  қайтпастан  өтінгеніне  қарап  жаназа 
намазын оқитын болғанда да ескерту ретінде төмендегі 
аят түскен:
«Олардан  біреу  өлсе  әсте  жаназа  намазын  оқыма, 
қабірінің  қасында  да  тұрма!  Өйткені  олар  Аллаhқа, 
Пайғамбарына  қарсы  келді.  Сондай-ақ  олар  бұзық 
күйінде өлді». 
(Тәубе сүресі 84-аят)
Жоғарыдағы аяттар Құран Кәрімге адамдық килігу-
дің ешқашан болмағандығын дәлелдейді.
Бәдір  соғысында  мұсылмандар  70  кәпірді  ұстап 
алған.  Пайғамбар  тұтқындарға  не  істеу  туралы  сахаба-

- 161 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ларымен  кеңесті.  Хазіреті  Омар  тұтқындардың  өлтірі-
луін,  ал  басқалары  бодау    алынып  босатылуларын 
ұсынды. Ақыры, бодау алынып босатылатын болды. Бұл 
жөнінде:
«Ешбір  Пайғамбар  жер  жүзінде  жауынан  үстем 
болғанға  дейін  тұтқын  ұстауға  тиісті  емес.  Сендер 
дүниенің  пайдасын  ойлайсыңдар.  Алайда  Аллаh  (сен-
дер  үшін)  ақыретті  қалайды.  Аллаh  өте  күшті,  әрі 
кемеңгер». 
(Әнфал сүресі 67-аят)
«Егер,  Аллаh  тарапынан  бұрыннан  беріліп  қойған 
үкім болмаса, бодау алғандарыңыз үшін сөзсіз сендерді 
зор азап ұстар еді» 
(Әнфал сүресі 68-аят)
, - аяттары түсті.
Бұл ескерту аяттарының түсуінің себебі:
1. Мұсылмандар әлсіз болып тұрған шақта, тұтқын-
дарға  бостандық  берілмеуімен  кәпірлердің  күшеюін 
бөгеу.
2. Исламда  соғыстағы  негізгі  мақсат  «иғлаи 
кәлиматуллаh»,  яғни  Аллаhтың  есімін  ең  жоғарыға 
шығару,  әрі  Исламның  бірлеу  сенімін  жаю.  Мақсат 
осы  болғанда,  бодау  арқылы  тұтқындарды  босату  сау-
да сияқты көрініп, негізгі мақсаттан алыстап кететінін 
баяндау.  Басқа  аяттар  сияқты  бұл  аяттарда  да  Құран 
Кәрімнің  адамдық  килігуден  пәк  екендігінің  сөзсіз 
дәлелі.
Аяттың басқа бір астарлы мағынасы мынандай:
Оқиғаның  басында  аят  түспегендіктен  Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), бір мужтәhид 
(өзі жағдайға 
қарап, адалдықпен шешім беретін адам, 4 имам сияқты) 
күйінде еді. 
Аяттағы  сын  «тұтқындарды  босату  туралы»  берілген 
үкімге  болған.  Күші  ең  қатты  үкім  (өлтірілу)  тасталы-
нып,  күші  жай  үкімге  (тұтқындарды  босату)  пейілде-
ну бар бұл оқиғада. Аллаh Тағала тұтқындар жөніндегі 
берілген  үкімде  қате  кеткендігін  білдірумен  қатар  іске 
асырылуын  қабылдайды.  Бұл  жағдай  Пайғамбар  мен 

- 162 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
сахабаларының  көңілін  тыныштандырады.  Сондықтан 
бұл аятта ерекше ескерту әдісі барын көреміз.
Кейінгі  аятта  кеткен  қатенің  кешірілгені  былай  ба-
яндалады:
«Онда  тапқан  олжаларыңды  адал,  таза  қылып 
жеңдер,  әрі  Аллаhтан  қорқыңдар.  Расында  Аллаh  өте 
көп жарылқаушы, ерекше мейірімді». 
(Әнфал сүресі 69-аят)
Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), Құрайыш 
руының  иман  етпеген  кейбір  беделді  адамдарына  Ис-
ламды түсіндіріп жатқанда, қасына бұрыннан иман ет-
кен соқыр Абдуллаh ибн Yмми Мәктум келіп, Исламды 
үйретуін  сұрады.  Бірақ  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи 
уә  сәлләм)  алдындағы  кісілерді  ренжітіп  алмайын  деп 
оған  қарамады.  Ол  да  сұрап  қоймай,  тұрып  алғаннан 
кейін Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) азырақ 
қабағын  шытты.  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) осы ісімен де құдайы ескертуге түсті:
«Байсынып (саған) мұқтаж болмағанға келгенде, сен 
оған көңіл бөлесің. Алайда оның тазарып ағаруына сен 
жауапты емессің. Бірақ Аллаһтан қорқып жүгіріп кел-
генге  теріс  қарайсың!..  Қой  (ендігәрі  олай  істеме);  Осы 
Құран  деген  -  үгіт.  Кім  қаласа  сол  ойлап  үгіт  алады».
 
(Абаса сүресі 5-12-аяттар)
Осы  аяттардағы  ескертулер  мен  сындар,  Хазіре-
ті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  істеген 
зелленің себебінен болған. Ал зәллә - Пайғамбарлардың 
өз  еріктерімен  істемейтін  кішігірім  қателері.  Зәлләлар 
Пайғамбарларға құдайы қалаумен әрі бірнеше мақсатқа 
байланысты орындатылады.
Бірінші  себеп:  Пайғамбарлардың  жәннәттық  бола-
тындары  Аллаhтың  кепілдемесінде  болуымен  бірге, 
өз  әлсіздіктерін  білуі,  әрі  өздерінің  құдайы  ілтипатқа 
бөленгендерін  біліп,  міндеттерін  орындауда  абай  болу-
лары үшін. Шынында да аятта былай айтылады:

- 163 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Әлбетте өздеріне пайғамбар жіберілген қауымдарды 
да,  жіберілген  пайғамбарларды  да  сөзсіз  сұраққа  тар-
тамыз.  Және  сөзсіз  оларға  болып  өткен  істерді  толық 
мәліметпен  айтып  береміз.  Біз  олардан  алыс  емеспіз». 
(Ағраф сүресі 6-7-аят)
Екінші  себеп:  Таңдалған  құлдардың  осындай  ес-
кертулер нәтижесінде көңілдері ояу болып, қателерден 
сақ болып, Құранда түсіндірілген мінез-құлыққа жету-
лері үшін.
Yшінші  себеп:  Yмметтердің  Пайғамбарлар  да  адам 
баласы  болғанын  көріп,  оларды  құдай  деп  көрмеулері 
үшін.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
ойының  дәлме-дәл  келмегенін  білгенде,  аяттардағы 
күшті  әрі  ащы  ескертулер  мен  сындар  ұжданынан  ке-
ліп,  өкінішін  білдіретін  өз  сөздері  болса,  онда  өзі  тура-
лы осыншалықты нақты анықтамалар бермес еді. Яғни 
бұндай жағдайларда үндемей-ақ айыбын жаппас па еді?
Уаhидың мүжмәл келуі
Уаhи кей кездері Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) мүжмел болып келетін.
Мүжмел: 
мағынасы 
жабық, 
анықталмағанша 
мақсаты түсініксіз баяндар болып табылады.
Аллаh  Тағала  тарапынан  анықтаушы  мәлімет  кел-
генше Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүжмәл 
мәселелерге өздігінен анықтама бермейтін еді. Төмендегі 
аят бұл мәселеге мысал бола алады.
«Көктегілердің 
және 
жердегілердің 
барлығы 
Аллаһтікі.  Іштеріңдегіні  жарияласаңдар  да  жасыр-
саңдар  да  ол  үшін  Аллаһ  бәрібір  есеп  алады…» 
(Бақара 
сүресі 284-аят)

- 164 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Осы  аят  түскенде,  көңілдерінде  еріктерінен  тыс 
болып  өтетін  ойларға  да  жауапкер  болатынын  ойлап 
қалған сахабалар:
«-Ей,  Аллаhтың  Пайғамбары  ,  енді  не  істейміз? 
Қайтып  шыдаймыз?»-деп  сұрады.  Сонда  Хазіреті 
Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға былай 
бұйырды:
«-Не болды? Кітап иесі болған қауым сияқты «есті-
дік бірақ қарсы келдікң деп айтасыңдар ма? Сендер:
«Естідік,  әрі  бас  идік.  Ей,  Раббымыз,  біздерді 
жарылқауыңды  сұраймыз.  Қайтар  жол  саған  қарай!ң- 
деп айтыңдар».
Түскен  аяттың  мағынасы  мүжмел  болғандықтан  өз 
еркімен анықтама берген жоқ. Әлсіз халде, сахабалардан 
Аллаhқа мойынсұнып, тәуекел етулерін талап етті. Кей-
інірек төмендегі аят түсті де мағынасы «жабық» болған 
аятқа анықтама берілді.
«Аллаһ  ешкімге  шамасы  жетпейтінді  жүктемейді, 
әркімнің істеген жақсылығы да, жамандығы да өзіне ба-
рып тиеді. (Сендер былай дұға етіңдер:) Раббымыз егер 
ұмытсақ  немесе  жаңылсақ  бізді  жазаға  тарта  көрме! 
Раббымыз!  Бізге  бізден  бұрынғыларға  жүктегеніңдей 
ауыр  жүк  жүктеме!  Раббымыз  әліміз  жетпейтін 
жүктерді  жүктеме!  Бізді  кешір,  бізді,  жарылқа,  бізге 
рақым  жаса!  Иеміз  сенсің.  Кәпірлерге  қарсы  біздерге 
көмектес». 
(Бақара сүресі 286-аят)
Сахабалар осы аятқа қарап көңілдерінен өткен ой ту-
ралы «күштері жеткен мөлшерде» жауапты болатынын 
түсінді.
Аллаhтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
аят  мүжмәл  болып  тұрғанда  анықтаушы  бір  аят  кел-
генше  өздігінен  түсініктеме  бермеуі,  Пайғамбарлық 
ақиқатының,  әрі  Құран  Кәрімнің  Аллаhтан  келгенінің 

- 165 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
сөзсіз  дәлелі.  Керісінше  жағдайда  не  осындай  бір 
мәлімет берілмейді немесе берілген мәлімет негізсіз, бір 
адамның жеке өзінің көзқарасымен берген анықтамасы 
болар еді. Осындай жағдайдың болмауы Құран Кәрімнің 
иғжазының ерекше дәлелдерінің біреуі.
Хижраның  6-жылында,  Хақ  жолдың  теріс  жолға 
үстем бүкіл себептері ашылып, Қағбаның тауап  етілуіне 
қарар берілген. Мұсылмандар осы мақсатпен Хұдейбиа 
жағына қарай бара жатқанда Пайғамбардың (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  «Қасуа»  деген  түйесі  шөгіп  қалады. 
Сахабалар түйені қанша Харем жағына айдайын десе де 
ештеңе істей алмай:
«-Қасуа шаршады, шөкті»-деп қойды.
Сонда  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм):
«Қасуа  шаршамайды.  Оның  шөгетін  мінезі  жоқ, 
бірақ  Әбрехенің  пілдерін  тоқтатқан,  Қасуаны  да 
тоқтатты» - деп айтты.
Бұл  Хақ  Тағаладан  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи 
уә  сәлләм)ға  келген  ишарат  еді.  Яғни  Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «-Әбрехенің пілін қалай 
Аллаh Тағала тоқтатқан болса, осы түйені де тоқтатқан 
Аллаh!»  демекші  болған.  Мекке  қаласына  шабуыл 
мақсатымен немесе қорғау мақсатымен де соғысып кіру-
ге  Аллаh  тарапынан  рұқсат  берілмегені  Пайғамбардың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пәк көңіліне нақты түрде 
мәлім болған.
Сол  сәтте  мәселенің  ақиқатын  аңғара  алмаған  са-
хабалар  көңілдері  түсіп,  ашулана  бастады.  «Мекке-
ге  баруға  болмайды»  деген  шешім,  сырттай  қарағанда 
мұсылмандар  үшін  жеңілгендей  болып  көрінген  еді. 
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  сы-
рын білмеген құдайы ишаратқа мойынсұнып, сахабасын 
Меккеге жүргізбеді.

- 166 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Жеңілу  сияқты  көрінген  бұл  оқиғада  Хазіреті 
Омардың  Пайғамбардың  бұйрығына  қарамастан  сапар-
ды жалғастыру туралы айтқан ойына Хазіреті Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Мен Аллаhтың Елшісімін, Оған қарсы келе алмай-
мын. Менің жәрдемшім Аллаh!» -деп жауап берген.
Тағы  сол  кезде  мүшриктермен  жасалған  Хұдейбиа 
келісім-шартындағы  қарарлар  (шешімдер)  да  Фетих 
сүресі түскенге дейін сырттай көрінгенде мұсылмандарға 
қарсы еді. Бұл сүреде мәселенің сырлары әрі сүйіншілер 
білдірілді.  Керісім  шарт  бойынша  Меккеге  кіре  алмай, 
Мәдинаға қайтқан мұсылмандар үшін қайғыру, қиналу 
әрі  жеңілу  деп  көрінген  кері  қайту  кейіннен  жеңіске 
апарар жолдың басы екені көрінді.
Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  басында  анықтауға  әлі  жетпеген  осы  мүжмел 
оқиға  екі  жылдан  кейін  анық  болды.  Расында  осы  ке-
лісім-шарттың  арқасында  пайда  болған  бейбітшілікте 
бірталай  адам  мұсылман  болған.  Екі  жылдың  ішін-
де  мұсылман  болғандардың  саны  келісім-шартқа  қол 
қойылғанға дейінгі мұсылмандардың санына жеткен.
Құран  Кәрімде  осындай  мәселеге  ұқсас  мысалдар 
көп  кездеседі.  Құранның  мұғжизасын  жалпы  баяндау-
ға  тырысқандықтан  бұларға  тоқтала  алмай  жатырмыз. 
Өйткені Құранның әр мұғжизасының баяндалуы бір кі-
тап көлемінен асып кетеді.
Алғашында  уаһи  келген  сайын  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) түскен аяттарды ұмытып 
қалмайын  деп  алаңдаумен  асығып  қайталап,  еріндерін 
жыбырлататын еді.
Егер  Құран  Пайғамбардың  өзінен  шыққан  болса, 
осындай әрекет істер ме еді? Аллаh Тағала Оны осындай 
әрекеттерден  тиып,  уаhиды  қорғауды  әрі  сақтауды  ке-
пілдеген:

- 167 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Соны  (ұмытып  қалмайын  деп,  әлі  Жәбірейіл  оқып 
бітірмей)  қайталау  үшін  ерініңді  жыбырлатпа!  Соны 
(Құранды көңіліңе) жинау және саған оқыту біздің мін-
детіміз…» 
(Қиямет сүресі 16-19 аяттар)
«Саған уаһи түскен сәтте келген Құран аятын дереу 
оқимын  деп  асықпа!  «Раббым  білімімді  арттыр!ң-де!» 
(Таһә,114)
Осы  аяттар  Құранның  Пайғамбардың  шығармасы 
еместігін, құдайы болғанын дәлелдейді.
Осман  бин  Мазүн  қайтыс  болғанда  Ансардан  бір 
әйел:
«-Мен  Аллаh  Тағаланың  сені  шарапатты  мәртебеге 
шығарғанына куәлік етемін», -деді.
Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бұл 
сөздерге қарап:
«Аллаhтың оны шарапатты мәртебеге шығарғанын 
қайдан  білесің?»-деп  айтып,  қаза  тапқандардың  ар-
тынан  тек  қана  жақсы  қайыр-дұға  ету  керек  екендігін 
төмендегі сөздерімен баяндады:
«Әр  пәни  тәрізді  ол  да  опат  болды.  Және  ол  үшін 
жақсы бір соң тілеймін...»
Тіпті  осы  мәселеде  Аллаһтың  Елшісі  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) Аллаһтың алдындағы өзінің әлсіздігін 
танытып:
«Мен Аллаhтың Елшісі бола тұрып соңымның, яғни 
ақыреттегі жағдайымның не болатынын білмеймін!..» 
- деп айтқан.
Міне  Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  әлсіздікпен  мойын  игенін  көреміз.  Алайда  өз 
сөзін күшейтуді қалаған адам нақты сөйлейді. Ал Хазіре-
ті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлсіздікпен 
дұға етеді. Ғайыпты білмейтінін ашық әрі анық түрде біл-
дірген Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

- 168 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
сансыз  ғайып  хабарларын  қамтыған  Құран  Кәрімді  өзі 
жазды деген ой, түйсікпен қабылданбайтын ой.
ІІІ) Ғайыптан хабар беруі
Құран Кәрім ғайып туралы хабар беруде. Осы берген 
хабарлары да оның анық мұғжиза екендігін көрсетеді.
Құран  Кәрім  өткен  замандарды  қамтитын  мәлімет-
терді ақиқатқа сәйкес түрде баяндайды.
Осы мәліметтер турасында миләди жетінші ғасырда 
Меккеде  білім  саласында  бір  ұйым  немесе  жалпы 
мәдениеттерді  білетін  бірде-бір  адам  жоқ  еді.  Бүкіл  та-
рихи  мәліметтер,  саудагерлердің  бір-бірлеріне  қайшы 
түрде  жеткізген  аңыз  түріндегі  бірнеше  Парсы  ертек-
терінен  құрастырылатын.  Ал  Құран  Кәрімдегі  көне 
замандарға  қарасты  мәліметтер  нақтылығы  жағынан 
ешбір  адамның  ақылы  мен  парасаты  арқылы  жазыла-
тын мәліметтер емес.
Ендеше  ақылды  адам  ойлансын!  Надан  қауымның 
ішінен шыққан үмми, яғни оқу жазуды білмеген адам, 
құдайы  сырлар  бұлағынан  бастау  алмай,  Құранның 
мағынасына  бастау  бола  ала  ма?  Әрине  бола  алмай-
ды.  Бұл  жағдай  да  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  білдірген  бүткіл  хабарлардың,  Аллаh  тарапы-
нан  уаhи  етілгенін  көрсетеді.  Бұл  туралы  аяттарда  бы-
лай бұйырылады:
«(Мұхаммед) Осы саған уаһи еткендеріміз ғайып ха-
барларынан. Мәриямді қайсысы қолға алып тәрбиелейді 
деп жеребе жасалғанда, олардың қасында сен жоқ едің. 
Және олар осы мәселе туралы таласып жатқанда да сол 
жерде болған емес едің». 
(Әли Имран сүресі 44-аят)
«Міне  осылай  (Жүсіп  пайғамбар  қиссасы)  саған 
уаһи еткендеріміз ғайыпқа қарасты хабарлардан. Олар 

- 169 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
(Жүсіптің  бауырлары)  бірлесіп  қастық  жасағанда 
қастарында болған жоқсың». 
(Юсуф сүресі 102-аят)
«Сен бұрын кітап оқи алмайтын едің және хат жаза 
да  білмейтін  едің.  Егер  бұрыннан  оқу-жазуың  болса, 
Аллаһты қабылдамағандар күмәнданар еді». 
(Анкәбут,48)
«Саған  осы  Құранды  уаһи  етумен  қиссаларды  ең 
жақсы түрде баяндап тұрмыз. Алайда сен бұдан бұрын 
хабарсыз едің…»
 (Юсуф сүресі 3-аят)
Шынында  да  сол  кездері  Ад  және  Сәмуд  қауым-
дарының  жермен-жексен  болулары  және  Нұh  топаны 
туралы аздаған мәлімет, тек қана ертегі түрінде бар еді. 
Ал Құран Кәрім бұларды қазіргі кездегі тарих білімі әрі 
тарих философиясына сәйкес түрде, ең ғибратты күйде 
адамзатқа ұсынған.
Кітап  иесі  болған  қауымның  (христиандар  және 
еврейлер)  сенімі  бойынша  Асхабы  Кәhф,  яғни  «үңгір 
тұрғындары»  үңгірлерінде  үш  жүз  «күн  жылы» 
(Күн 
санағы  -  қазір  қолданылып  жүрген  күнтізбеге  жақын  шамамен  365 
тәуліктен тұратын жыл, ай жылы - шамамен 355 тәуліктен тұрады (күн 
жылынан 11 тәуліктей кем), сондықтан 33 жылда күн жылын бір рет озып 
отырады)
  қалған.  Құран  Кәрім  бұлардың  үш  жүз  жылға 
қосымша  тағы  да  тоғыз  жыл  қалғандарын  баяндайды. 
Осы тоғыз жыл, үш жүз жыл ішіндегі «күн жылы» мен 
«ай жылы» арасындағы уақыттың айырмашылығынан. 
Көркем аятта:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет