Рахмет самалы


«Көкті, жерді және олардың арасындағы нәрселердің



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата29.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2966
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

«Көкті, жерді және олардың арасындағы нәрселердің 
барлығын Біздің алты күнде жаратқанымыз анық. Оған 
Біз  ешқандай  шаршап-шалдыққан  жоқпыз». 
(Қаф  сүресі 
38-аят)
Құранға  түсініктеме  беретін  кейбір  мүфессирлер 
«алты  күн»  сөздерінің  мағынасының:  алты  заманға 
бөлінген  алты  мерзім  екенін  айтуда.  Қазіргі  кездегі 
қабылданған білім де Құран Кәрімдегі осы баяндаманы 
растайды. Ал Таурат осы «алты күн» сөзін жиырма төрт 
сағаттық бір күнге балап, жетінші күн болған сенбі күні 
Аллаhтың  демалғанын  айтады.  Таураттың  мәселені 
осылай түсіндіруі (мағынасы адамдар тарапынан килігу 
жасалып)  бұзылған  Таураттың  ғылыми  ақиқаттардан 
қандай  алыс  болғанын,  ал  Құранның  бүткіл  аяттары-
мен  әр  уақытта  және  әр  жерде  қандай  үлкен  мұғжиза 
болғанын көрсетеді.

- 195 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Осы  жерде  әңгіме  етілген  күн  -  ерекше  бір  заман 
аралығы болып табылады. Адамзаттың түйсігі бойынша 
бір заман ұғымы деп түсінілмеуі керек. Мезгілі тек қана 
Аллаh тарапынан білінеді. Аллаh Тағала былай айтады;
«Аспаннан  жерге  дейінгі  істердің  бәрін  Аллаһ 
меңгеріп тұрады. Кейін ол істер сендердің санауларың 
бойынша  мың  жылдай  болатын  бір  күнде  (қиямет 
күнінде) Аллаһтың алдына көтеріледі». 
(Сәжде сүресі 5-аят)
«Көкке  (Аллаһқа)  елу  мың  жылда  жететін  жолға 
(дүниедегі  санаумен)  періштелер  мен  Рух  (Жәбірейіл) 
бір-ақ күнде ұшып барады». 
(Мағариж сүресі 4-аят)
Сәжде сүресінің бесінші аятында әлемнің айналуына 
қатысты  бір  уақыт,  Мағариж  сүресінің  төртінші  ая-
тында  да  періштелер  мен  Жәбірейілге  (аләйһиссәләм) 
қатысты бір аралықты қамтыған басқа бір уақыт туралы 
айтылады.  Яғни  екі  уақыттың  да  мазмұны  бөлек  және 
араларында қайшылық жоқ.
Сондықтан  былай  айтуға  болады:  Аллаhтың  қасын-
дағы заман ұғымы адамзаттың түйсігінде қалыптасқан 
«заманнан» басқаша. Кейбір ғалымдар осы ұғым туралы 
былай  деп  түсініктеме  береді:  «Аллаhтың  баяндағаны 
астарлы  сөз  ретінде  келіп,  мезгілдің  ұзақтығын  бел-
гілеу  үшін  болған.  Бірақ  осы  мезгіл  жаратылғандар 
үшін  жүретін  мезгіл.  Ал  Аллаh  Тағала  үшін  ешқандай 
заман  ұғымы  жүрмейді,  мүмкін  емес.  Алайда  Ол 
миллиардтаған  замандарға  сыймайтын  бір  миғражды 
сүйікті  Пайғамбарына  бір  секундтан  да  аз  уақытта 
көрсетіп,  сыйлаған  қиял  мен  түсініктер  аңғара  ал-
майтындай  құдірет.  Әрі  Ол  бүкіл  заман  және  мекенге 
қатысты  нәрселерден  пәк  болған  Субхан  (бүкіл  кемші-
ліктерден пәк болу).
Бір  темір  электронының  пайда  болуы  үшін  күн 
энергиясынан төрт есе көп энергия қажет екендігі назар 

- 196 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
аудартатындай ақиқат. Сондықтан осы саланың маман-
дары «темір көктен келген таңғажайып зат» деген пікір-
де.
Бұған қатысты Құран Кәрімде былай айтылады:
«Расында елшілерімізді ашық мұғжиза-ларымызбен 
жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ 
өмір сүруі үшін кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) 
жібердік. Сондай-ақ темірді пайда қылдық. Онда мықты 
күш, әрі адамдар үшін қажеттер бар. (Соғыс құралдары, 
тағы басқа аспаптар темірден жасалады. Тіпті темірсіз 
өмір  болмайды)  Бұнымен  Аллаһ  елшілерін  көрмей-ақ 
сеніп, дініне жәрдем еткен адамдарды ортаға шығарады. 
Сөзсіз Аллаһ өте күшті, тым үстем». 
(Хадид сүресі 25-аят)
Өткізген  бір  конференциясында  осы  аятты  естіп, 
үйренген «НАСА Космостық Зерттеулер Орталығының» 
бастығы  профессор  Др.  Армес  Тhом  таң  қалады.  Осы 
конференция кезінде оған:
«Атмосферада  бір  бостық  бар  ма?»  -  деген  сұрақ 
қойылды.
Ол:
«Жоқ, атмосферада бостық болуы мүмкін емес. Егер 
осылай болса әлемнің деңгейі (тұрақтылығы) бұзылып, 
аспандағы  өлшелген  барлық  нәрселер  астан-кестен  бо-
лар еді де, космоста бірталай авариялар көрінер еді» - де-
генде, оған төмендегі аят оқылды:
«Олар  үстеріндегі  аспанға  қарамай  ма?  Оны  қалай 
жасап, безедік. Оның ешбір сызаты жоқ». 
(Қаф сүресі 6-аят)
Адамдардың көңіл күйін ашу және ғибрат беру үшін 
түсірілген  осы  аят  профессорды  таң  қалдырды  да,  сол 
кезде өзіне тағы бір сұрақ қойылады.
«Әлемнің шегіне жете алдыңыз ба?»
Ол да жалыққан (шаршаған) адамның әлімен:

- 197 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Ұзақ  жылдар  бойы  осы  турада  істеп  жатырмыз. 
Қолымыздағы 
телескоптардың 
күші 
жеткіліксіз. 
Алдымызға  үнемі  тұман  қабаттары  күйіндегі  түрлі 
перделер  шығады.  Сондықтан  пультпен  (алыстан 
басқарылатын)  істейтін  телескоптар  жасап,  космосқа 
жібердік.  Бірақ  нәтижесі  бұрынғы  көргендерімізбен 
бірдей.  Мен  әлемнің  шегіне  бара  алатынымызды 
қабылдамаймын.  Өйткені  оның  шексіз  екендігіне  сене-
мін»  -  деп  жауап  бергенде  осы  жағдайдың  да  Құранда 
білдірілгені көркем аяттар арқылы өзіне көрсетіледі.
«Бірінің үстіне бірін көтеріп, Аллаһ жеті қат аспанды 
жаратты.  Мейірімді  Аллаһтың  жаратуынан  ешқандай 
ақау таба алмайсың. Сен аспанға қайта-қайта көз таста-
шы – бір сызат көрер ме екенсің? Тағы екі рет қара, көзің 
талып,  үмітің  мүлде  үзіледі  (сызат  таба  алмайсың)». 
(Мүлік сүресі 3-4 аяттар)
Осы  аяттар  оқылғаннан  кейін  ынсапты  білім  адам-
дары  қарсылық  білдіре  алмайтын  бұл  ақиқаттардың 
алдында профессор Др. Армес Тhом тізе бүгуге мәжбүр 
болып, барлығына ұнаған бір сөз сөйлейді:
«Басынан  бері  ойлап  жатырмын.  Құран  туралы 
баға  беру  өте  қиын!  Шынында  да  сасқалақтап  тұрмын. 
Осыншама жылдар бұрын түскен бір кітап қалайша на-
зар  аудартатындай  астраномия  мәліметтерін  ең  кәміл 
түрде, тіпті адамзат баласын әлсіз қалдыратын дәрежеде 
ұсынады!  1400  жыл  бұрынғы  адам  не  істей  алатын  еді, 
толық  мәліметім  жоқ.  Бірақ  осы  мәліметтер  керемет 
мәліметтер».
Тағы  біраз  ойланғаннан  кейін  адамзат  баласының 
бүкіл  шығармаларының  тәжірибе  немесе  қиялмен 
жазылғанын  және  кемшіліктері  болғанын  білген  про-
фессор сөздерін былайша аяқтады:
«Бұның адамдық тәжірибеден туған баяндама болуы 
әсте мүмкін емес.

- 198 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Біздер  білім  мен  дін  татуласқан  жаңа  ғасырға  аяқ 
бастық  деп  түсінсек  қате  болмас.  Ендеше  білімнің 
және  діннің  берген  мәліметтері  қауышқан  бір  заманда 
болғанымызды сезіп тұрмын...»
Әрине бұл білімнің, шын болған білім, діннің де Ал-
лаh  тарапынан  келгені  жөнінде  ешбір  күдік  болмаған 
Ислам екендігі өте анық.
Ботаника
«Аллаһ  -  пәк.  Барлық  затты  ол  жұп  етіп  жаратты. 
Жерден  өніп  шығатынның  бәрінің,  олардың  өздерінің 
(тіпті)    өздері  білмейтін  жан  иесінің  бәрінің  қосағы  
(жұбы)  бар» 
(Иәсин,  36)
  аяты  барлық жаратылғандардың 
жұп  болып  жаратылғандығын,  осылардың  біразының 
қазірге дейін білінгенін және де әлі білінбеген бірталай-
ының бар екендігінен хабар береді.
Расында жанды әлем мен жансыз әлемде бір жағынан 
өте  үлкен  (макро),  екінші  жағынан  өте  кішкене  (ми-
кро)  жүйелерде,  «екілі  құрамдардың»  немесе  «екілі 
функциялардың  (қызмет,  жұмыс)»  бар  екендігі  қазіргі 
кезде ғана білініп отыр. Сондықтан Құранның білдірген 
ақиқаттары мен қазіргі кездегі білім арасында ешқандай 
қайшылық жоқ.
Қысқаша айтқанда бір болу, яғни жалғыздық тек қана 
Аллаh  Тағаланың  ерекше  сипаты  болғандықтан  жаны 
жоқтар,  көкөністер,  хайуанат,  жын  және  адамзаттың 
барлығы  жұп  болып  жаратылған.  Мысалы:  оң  заряд-
ты (плюс) тоқтың теріс зарядты (минус) тоққа ағуымен 
жарық  пайда  болады.  Оң  зарядты  бұлт  теріс  зарядты 
бұлтқа қосылады да жаңбыр жауады. Осы сүннәтуллаh, 
яғни Аллаhтың ісі, құдайы заң бүткіл жаратылғандарды 
қамтиды.
Көркем аят өсімдіктердің де жұп-жұбымен жаратыл-

- 199 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ғандарын  білдіреді.  «Аллаh,  әр  жеміс-жидектен  және 
өздерінің ішінде екі-екіден жұп қылып жаратқан» 
(Рағд 
сүресі  3-аят)
  аяты  осы  мәселені  анықтайды.  Сондықтан 
барлық өсімдіктердің гүлдерінде аталығы мен аналығы 
бар және аталығының аналығын егуімен жеміс-жидек-
тер  пайда  болады.  Осы  ұрықтандыру  және  егу  желдің 
арқасында болады. Білім осы кезде ғана жете алған осы 
ақиқат хабарын Құран Кәрім он төрт ғасыр бұрын білді-
ріп қойған.
«Біз желдерді егуші қылып жібердік...»
(Хижр сүресі 22-
аят)
Геология
Қазіргі  замандағы  геология  ілімі  таулардың  жер 
үстіндегі бөлімінің көлеміндей жер астында да тегі (фун-
дамент) барын тапқан.
«Жер жүзін төсек сияқты жасамадық па? Тауларды 
да қазықтар сияқты қағулы жасамадық па?» 
(Нәбә сүресі 
6-7 аяттар) 
аяттарында таулар қазықтарға ұқсатылған.
Шатырдың  қазықтарының  біраз  бөлігі  жерге 
қағылатыны белгілі. Осы сияқты:
«Тауларды да Аллаh мықтылап қақты!» 
(Назиғат сүресі 
32-аят)
 аяттарымен таулардың жерге қағулы екендігі біл-
дірілген.
Қазіргі  замандағы  геология  ілімінің  баяндауы  бой-
ынша таулардың ішкі құрамы да қазық сияқты. Астын-
да  осы  қазықтарды  ұстап  тұратын  іргетасы  сияқты  бір 
қабат бар.
Тағы  геологияда  таулардың,  атмосфера  теңізінде 
айналған  дүниенің  тұрақты  теңдігін  қамтамасыз  етуде 
маңызды  бір  мүше  болғаны  осы  ғасырда  ғана  білінген. 
Ал Құран Кәрім осы шындықты он төрт ғасыр бұрын бір-

- 200 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
талай аяттарында баяндап қойған. Осы аяттардың біреу-
інде былай айтылады:
«...Сендерді  бұлғақтатпасын  деп  жер  жүзінде  де 
тұрақты таулар қойды». 
(Лұқман сүресі 10-аят)
Гео-физикада  «Ыстық  нүктелер»  делінген  және 
дүние  жүзінде  110-ға  жуығы  белгілі  үлкен  тау  топта-
ры  бар.  Осылар  жердің  сыртқы  қабаттарының  қатты 
қозғалып,  әрекет  етуіне  кедергі  болады  және  жердің 
терең  қабаттарынан  шығып,  жердің  бетінде  қатайып, 
шеге іспеттес сыртқы қабаттарды тұрақты қылған және 
әлемдік деңгейді қамтамасыз еткен үлкен магма топта-
ры деп білінеді. Аяттардағы келтірілген мәліметтер мен 
қазіргі  замандағы  ғылыми  дамулар  (жаңалықтар)  ара-
сында толық сәйкестік бары көрінуде.
Бірде геология конференциясында Профессор Др.Ко-
унер  Арабстан  жарты  аралының  көне  замандарда  «жа-
сыл  аймақ»  болғанын,  келешекте  қайталанатын  мұз 
дәуірімен  бірге  келетін  үлкен  бір  ауа-райы  (климат) 
өзгерісімен  қайтадан  жасыл  аймаққа  айналатынын 
айтқанда,  конференцияға  қатысқан  Др.  Абдулмәжид 
Зиндәни,  Пайғамбардың  төмендегі  киелі  хадисін 
оқиды:
«Арабстан  аймағы  қайтадан  «жасыл  алаң»  бол-
майынша қиямет болмайды!»
 (Муслим)
 
Профессор Др. Коунер, біраз сасқалақтап тұрғаннан 
кейін:
«Бұл,  Хазіреті  Мұхамедке  тек  қана  Аллаh  тарапы-
нан  білдірілген  мәлімет»,  -деді.  Осыменен  Хазіреті 
Пайғамбардың хақ болғанын қабылдап төмендегі баян-
даманы береді:
«Барлық  ғылыми  мәселелерге  шырақ  болатын 
құдіретпен  кездесіп  отырмын  деп  ойлаймын.  Мен  осы 
мәліметтердің 1400 жыл бұрын Аллаhтан келгеніне се-

- 201 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
немін.  Өйткені  осындай  сөздерді,  ілім  мен  технология 
жоқ  дерліктей,  бұлыңғыр  болған  ғасырда  үмми,  яғни 
оқуды  білмеген,  жаза  алмайтын  адамның  өздігінен  ай-
туы мүмкін емес».
Ең  соңғы  археологиялық  зерттеулер  жасалғанда 
теңіздің  деңгейінен  төмен  орналасқан  бірталай  жердің 
ішінде ең төменде болған жердің мына аятта баяндалған 
жер екені белгіленген:
«Әліф. Ләм. Мим.
Римдер  (арабтар  тұрған  аймаққа)  ең  жақын  әрі  ең 
шұңғыл жерде жеңілді...». 
(Рұм сүресі 1-3 аяттар)
Бұл  жер,  жаман  қылықтар  (қызтекелік,  гомосексу-
ализм)  көрсетуінен  астан-кестен  қылынған  Содом-Го-
море  қаласы    жер  түбіне  көшірілген  жер  болып,  теңіз 
деңгейінен 400 метр төменде орналасқан.
Он төрт ғасыр бұрын әлі жер шарының географиясы 
толығымен белгіленбей тұрып, Құран Кәрімнің бұл ме-
кенді «деңгейі ең төмен» деп айтуы, айрықша бір Құран 
иғжазы  ,  яғни  үстемдігі  деп  саналады.  Геология  мама-
ны  профессор  Др.  Балмар  бір  семинарында  зерттеуші 
Абдүлмежид  Зінданиден  осы  мәселеге  қатысты  аятты 
естігенде алғашында қарсы келген. Бірақ кейін жасаған 
ғылыми зерттеулерден соң былай айтқан:
«Ғажайып!  Ғажайып!  Бұл  кітап  өткен  шақты  да, 
осы кезді де, келешекті де түсіндіріп жатыр. Осыған еш-
бір пенденің күші жете алмас!»
Кейінгі  кездерде  осы  профессор  Мысырда  (Египет) 
«Геология саласында Құранның иғжазы-үстемдігі» деген 
тақырыпқа баяндама жасады. Баяндаманың соңында:
«Мен  Хазіреті  Пайғамбар  өмір  сүрген  ғасырдың 
өмірлік  ерекшеліктерін  білмеймін!  Бірақ  Хазіреті 
Пайғамбардың  жай,  қарапайым  бір  өмір  сүргенін  біле-
мін! Біріншіден осы жағдайға, екіншіден ішіндегі терең 

- 202 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
мағыналы  мәліметтерге  қарап  түсінетінім  -  Құранның 
сол кезеңге қарасты бір мәдениет шығармасы бола ала-
тынын ойлаудың өзі қате! Бұл кітап аспаннан түскен кі-
тап!..» - деп айтқан.
Міне,  дұрыс  ақыл  біліммен  бірлескен  уақытта 
«құдайы  ақиқаттарды»  қабылдаудан  басқа  шара-
сы  қалмайды.  Сондықтан  ақыл  мен  білімге  Құрани 
шындықтарды  шағылыстыратын  жарық  білім  айнала-
ры қажет. Әлбетте қияметке дейінгі барлық кезеңдерде 
жаңа табыстар болады да Құран мұғжизалары ілім адам-
дарын таң қалдыра береді.
«(Сүйіктім!)  ...  Өздеріне  білім  берілгендердің,  саған 
Раббыңнан түсірілгеннің хақ екендігіне және мақтаулы, 
үстем Аллаһтың жолына салатындығына көздері жете-
ді». 
(Сәбә сүресі 6-аят)
Физика
Қазіргі  кезде  білім  жеткен  табыстар  мен  өткізген 
тәжірибелер  бойынша  жер  бетінен  көтерілген  сайын 
ауадағы  оттегі  азайып  ауаның  қысымы  әр  100  метр 
сайын  1  градусқа  төмендеуінен  дем  алу,  сөйлеу,  көру 
мүмкіншіліктері  қиындап,  адам  талатындай  дәрежеге 
келетінін  білеміз.  Әсіресе  20000  метрден  асқанда,  ар-
найы  құрал-жабдықтар  қолданылмаса,  дем  ала  алмай, 
өліп  кетуге  дейін  апаратын  жағдайлардың  болатыны 
анық.  Сондықтан  өте  биікте  өткізілетін  ұшу  сапарла-
рында  оттегі  баллондары  қолданылады.  Адамзат  өткен 
жылдарда  ғана  тапқан  осы  ақиқатқа  Құран  Кәрім  он 
төрт ғасыр бұрын:
«Кімді  дұрыс  жолға  салғысы  келсе,  Аллаһ  оның 
көкірегін Ислам үшін кең ашады. Ал кімді аздырғысы 
келсе,  оның  көкірегін  тарылтатыны  сонша,  (илану) 
олар  үшін  көкке  шығудан  да  қиын  сезіледі.  Имансыз-
дарды Аллаһ осылай қинайды» 
(Әнғам сүресі 125-аят)
 аяты-
мен ишарат еткен.

- 203 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Рахман Сүресінің 19 және 20-аяттарында:
«Аллаһ  ащы  және  тұщы  сулы  екі  теңізді  бір  біріне 
араласып қосылмайтындай ағызып қойды. Араларын-
да  бөгет  бар  сондықтан  бір  біріне  қосылмайды»  -  деп 
айтылған.
Осы  аяттарда  білдірілген  ақиқат  осы  ғасырда  білі-
ніп,  түсінікті  болған  Құран  мұғжизасы.  Соңғы  кезде-
гі  «жаңалықтарда»  екі  теңіз  қосылған  жерде  судың 
бір-біріне  араласуына  кедергі  болатын,  білінбеген  әрі 
көрінбейтін  бір  бөгеу,  перде  бары  белгіленіп  ортаға 
шықты. Мысалы Ақ теңіздің суы мен Атлант мұхитының 
суы бір-біріне араласпай екі жақ та негізгі ерекшелікте-
рін жоғалтпай, сақтайды. Гибралтар бұғазында «құдайы 
перде»  бар  сияқты.  Миссисипи  және  Янг-Че  сияқты 
терең  өзендер  де  сондай.  Өзендердің  тұщы  суы  мен 
теңіздің ащы суының араласуы кейбір кездері ғана теңіз 
жағасынан  алыс  жақтарда  пайда  болады.  Бұл  құдайы 
көрініс  болып,  қазіргі  кездерде  ғана  табылып,  білінген 
ұлы мұғжиза.
Yмми  бір  қауымның  және  сол  қауымның  ішінен 
шыққан  үмми  адамның  сол  кездерде  осы  ақиқатты 
өздігінен біліп айтулары мүмкін бе?
Америкалық  теңіз  зерттеуші,  маман  профессор  Др. 
Хеий  де  ұзақ  уақытқа  созылған  ғылыми  зертеулерінің 
нәтижесінде осы ақиқаттарға жеткен:
Теңіз  суларының  арасында  тартылған  құдайы 
бір  құдірет  пердесі  бар.  Осы  перде  қатар  жатқан  екі 
теңіздің  бір-бірімен  араласуына  бөгет  болғанымен, 
екі  теңіздің  суының  бір-біріне  өтуіне  бөгет  болмай-
ды.  Бірақ  бұл  «ағуды»  әр  жақтың  суын  өтетін  жақтың 
химиялық  құрамына  сай  қылып  келістіргеннен  кей-
ін  жүзеге  асырады.  Яғни  осы  перде,  ағып  кетуі  қажет 
болғанды  өткізетін,  қажет  болмағанды  өткізбейтін  екі 

- 204 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жақты сүзгіш сияқты. Өйткені бүкіл теңіз және мұхит 
суларының еркешеліктері әр түрлі. Температурасы мен 
тұздылығының мөлшеріне қарай іштерінде өмір сүретін 
жәндіктердің айырмашылығына дейін әрбіреуі басқа бір 
әлемді баяндайды.
Профессор Др. Хеийге осы мәселе жөніндегі Құрани 
мәліметтер  көрсетілгенде,  бірталай  ынсапты  білім 
адамдары  сияқты  қайран  қалып,  аузынан  осы  сөздер 
шықты:
«Расында мен осы мәліметтерді Құранда көргенімнен 
таң  қалып,  сасқалақтап  отырмын!  Бұның  бір  адамның 
сөзі бола алмайтынын ойлаймын. Бұл мәліметтер сөзсіз 
Аллаh тарапынан келуге тиісті!»
Бұдан кейінгі күндерде Профессор Др. Хеий Құранды 
және  хадистерді  күшті  назар  аудара  отырып  зерттеді. 
Құранның  уаhи  туындысы  болғанымен  бірге,  бірталай 
мұғжизаларға  толы  болғанын  көргенде  төменде  кел-
тірілген  хадистегі  ақиқаттың  да  мұғжиза  ретінде  іске 
асқанын баяндады.
Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ай-
тады:
«Барлық  Пайғамбарларға  адамдардың  өздеріне  се-
нуін қамтамасыз ететін бірталай мұғжизалар берілді. 
(Бірақ берілген мұғжизалар, қай Пайғамбарға берілген 
болса, сол Пайғамбардың бұл өмірден қайтуымен өкімін 
жоғалтып,  осы  әлемде  көрінбейтін  болды.)  Ал  маған 
Құран берілді. (Құран да қияметке дейін адамзат пен 
жындардың көздерінің алдында ең ұлы бір мұғжиза бола 
тұрып, Хақ Тағала тарапынан қорғалатындығы себеп-
ті)  Өзіне  ең  көп  сенім  білдірілген  Пайғамбар  болаты-
нымды Аллаhтан үміт етемін!»
Бұған  қоса  Профессор  Др.  Хеий  Беихаки  нақыл  ет-
кен осы хадистен көп әсер алады:

- 205 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Фухуш  (яғни  жұбайының  көзіне  шөп  салып, 
басқаларға  жыныстық  пейілдену  және  нәпсіге  бағыну) 
бір  қауымда  көзбен  көрінетіндей  айқын  түрде  істеле 
бастағанда,  яғни  ойнастық  сияқты  жаман  қылықтар 
әбден  көбейгенде  ортаны  оба  ауруы  сияқты  жұқпалы 
және бейшара күйге түсіретін аурулар қаптайды. Және 
бұрын көрінбеген аурулар пайда болады».
Профессор Др. Хеии көп әсер алған осы хадис туралы 
ұзақ зерттеулер жүргізіп, төмендегі баяндаманы береді:
«Қазіргі  кездегі  ғылыми  жетістіктер  де  ақыры  осы 
нүктеге келіп жетті. Міне СПИД! Алдау мен жыныстық 
азудың  нәтижесі.  Шынында  Европа  ойнастық  пен 
жыныстық  еркіндікті  жариялаған  кезде,  бірталай 
жұқпалы ауру жан-жақты қоршады және аты да білін-
беген неше түрлі микробтар алаңды қаптап алды. Адам-
дарды  шарасыз  қалдырған  қаншама  дерт  пайда  болды. 
Әрине  осы  жағдай  ойнастық  және  жыныстық  азу  мен 
аурудың  арасындағы  байланыс  -  ғибрат  алатын  түрде 
білдірілген киелі хадистің күшті бір көрінісі.
Енді  мен  Хазіреті  Пайғамбардың  өзінен  кейін-
гі  ғасырларда  пайда  болатын  оқиғаларды  өте  дұрыс 
бағалап,  хабар  беруін  әсте  бір  кездейсоқтықтың  әсері 
деп қабылдай алмаймын! Бұған қоса Оның үммилігі де 
көзге  алынса  осы  мәліметтерді,  өздігінен  беруі  мүмкін 
емес!  Мен  де,  досым,  ұстаз  Кеитч  тәрізді  ойлаймын 
да  осы  мәліметтердің  құдайы  текті  болғанын  қабыл-
даймын!.. Осы терең ақиқаттар адамдық қайратпен жете 
алатындай  шындықтар  емес!  Мінеки  мен,  осыншама 
жылдар бойы тырысып, зерттеп келе жатырмын, бірақ 
істей  алғандарым  бәріңізге  белгілі...  Осындай  шынайы 
ақиқаттардың алдында түкке тұрғысыз бір іс!»

- 206 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Генетика
Көркем аятта:
«(Мұхаммед 
А.С.
)  сол  уақытта  Раббың  адам 
балаларының белдерінен нәсілдерін алады да өздеріне 
куә етіп: «Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе?» 
(де-
генде),
 олар: «Әрине куәмізң деген. Қиямет күні: «Бұдан 
хабарымыз  жоқң  демеңдер» 
(Ағраф  сүресі  172-аят)
  -  деп 
айтылған.
Осы  аят  адамзат  гендерінің  ерекшеліктеріне  назар 
аудартады.  Расында  қазіргі  кездегі  білім  гендердің, 
яғни  адамның  барлық  табиғи  ерекшеліктерін  ішіне 
алатын  бір  кесте  күйінде  болған,  тұқымды  көшіретін 
клеткалардың, бір тіркеу дәптері күйінде болғанын және 
адам баласы әлі жатыр ішінде жатқан жасуша (клетка) 
күйінде болған кезінде барлық ерекшеліктерінің сол ген-
дерде мазмұндалғанын (ДНК-ны) білдіреді және үш мил-
лиард адамның тіркеуін сақтаған және солардың бүткіл 
ерекшеліктерін қамтыған гендердің көлем жағынан бір 
сантиметр кубтан (1 см
3
) аспағанын, яғни оймақтай жер-
ге сыятынын баяндайды.
Осындай ғылыми шындықты, яғни «құдайы компью-
тер» болған ДНК-ны бұдан он төрт ғасыр бұрын үмми бір 
адам  өздігінен  айта  алатынын  қандай  түйсік  қабылдай 
алады?
Гигиена
Құран  Кәрімде  басқа  мәселелермен  қатар  гигиена 
жағынан да маңызы зор киім-кешек кию, киім-кешектің 
тазалығы,  жеткілікті  дем  алу,  жақсы  және  өлшемді 
түрде тамақ ішу, жаман және шіріген жеміс-жидектерді 
жемеу сияқты мәселелерге назар аудартылған.
Желінетін өсімдіктер мен олардың пайдалары ерек-
шелікпен  айтылып,  жақсы  және  жаман  сусындар  ту-

- 207 -

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет