Райстанова Е. Пайызхан М. Қадірше Ж. Рантева А



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі4,07 Mb.
#16165
1   2   3   4

Клондау

  • Клондық микрокөбейту әдісінде дағдылы вегетативтік жолмен көбейтумен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар. Оның ішінде ең маңыздыларының көбею коэффициенттері өте жоғары және өсімдіктерді вирустармен патогендік микроорганизмдерден тазарту.

Өсімдіктерді клондау арқылы микрокөбейтудің

Микроклоналды көбейту үрдісін 4 әдіс арқылы жүзеге асыруға болады:

Өсімдіктегі меристемалардың дамуын белсендендіру;

Адвентивті бүршіктердің тікелей эксплант ұлпаларынан пайда болу индукциясы;

Сомалық эмбриогенез индукциясы;

Адвентивті бүршіктердің бастапқы және қайта отырғызған каллус ұлпаларынан мамндануы.

Клондық микрокөбейту 4-этапта өтеді;


  • 1.Эксплантты  In vitro өсіру;
  • 2.Микрокөбейтудің өзі;
  • 3.Көбейген өркендерді тамырландыру;
  • 4.Өсімдіктерді топыраққа отырғызу;

Микроклоналды көбейтуді бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:
  • Донор өсімдікті таңдау, эксплатты оқшаулау және залалсыздандыру, in vitro жағдайында қоректік ортада өсіру үшін қолайлы жағдай жасау;
  • Көбейту жолдары: а) каллус арқылы түзбей-ақ жапырақта, өркенде, жуашық қабыршағы мен түбіртегінде, тамырсабақта, гүл шоғырының бастамаларында адвентивтік бүршіктің пайда болуын қоздыру; в) апикалдық басымдылықты химиялық жолмен және өркендерді микроқалемшелеу арқылы жою нәтижесінде эксплантта қолтық бүршіктерінің пайда болуына жағдай жасау;
  • Көбейтілетін өркендерді тамырландыру және пробиркадағы өсімдіктерді in vitro жағдайына бейімдеу;
  • Қоректік ортадан алынған өсімдіктерді жылыжай топырағында өсіру. Өсімдіктерді іске асыру немесе танапқа отырғызу үшін дайындау.

Жасушалық инженерия

Жасушалық инженерия – in vitro әдісінің көмегімен сомалық жасушаларды будандастырып, алуан түрлі жасушаларды құрастыру. Будандастыру үрдісіне әдеттегідей , жыныс жасушаларын (гаметаларды) қолданбай, өсімдіктердің денелік (сомалық) жасушаларын қосады, яғни сомалық будандастыру жүргізіледі. Сомалық будандастыру жекелеген протопласт арқылы жүргізіледі.

Оқшауланған протопласт деп жасушаның сыртқы қабықшасы алынған, плазмалемма деп аталатын плазма мембранасымен ғана қоршалған өсімдік жасушасының ішіндегі затта айтады.

Протопластты оқшаулау тәсілінің мәні мында



жасушаны қайтымсыз өзгеріске ұшыратпай, оның сыртқы қабықшасынан босаты. Мембранаға әсер ететін сыртқы және ішкі осмостық қысым жасушаның құрылысын бұзбау керек және протопласттың лизисі байқалмауы қажет.

Оқшауланған протопласттарды біріктіру үшін мынадай тәілдер қолданады:



1

Өсірілетін ортаға протопласттардың бірігуін ынталандыратын заттарды қосу.

Нәтижені жақсарту үшін 2% ДМСО қосады.

Протопласттың қосылуын жылдамдататын зат ретінде NaNO3 – натрий нитраты қолданады. Егер ортаның pH мөлшері жоғары болып, құрамында Ca ++ көп болса , онда ПЭГ қолданады.

Электр тоқпен біріктіру.



2

Қазіргі таңда протопласттарды көбінесе электр тогымен қосу тәсілі қолданылып жүр. Бұл тәсіл бойынша ортаға жиілігі 50 гц, кернеуі 100 В тоғын жібергенде протопласттар бірінің артынан бірі электродтардың арасында жіпше тәрізді тізбектеледі.

Протопласттардың қосылуын ынталандыру және өсімдікті қалпына келтіру тәсілдерін жетілдіру жасуша инженериясының негізгі міндеті.

Гендік инженерия

Өсімдіктердің гендік инженериясының жұмысы мынадай кезеңдерден тұрады :


  • 1) басқа организмге көшірілетін құрылымдық генді алу;
  • 2)оны вектордың құрамына енгізу, яғни рекомбинанттық ДНҚ-ны жасау;
  • 3)рекомбинанттық ДНҚ-ны өсімдік жасушасына тасымалдау;
  • 4) өсімдік жасушаларында бөтен ДНҚ-ның экспрессиясын талдау;
  • 5)геномы өзгерген жеке жасушалардан регенерант өсімдігін алу.

Гендерді өсімдіктерге тасымалдау әдістері:
  • Агробактерияларды немесе олардың плазмидаларын протопластармен бірге өсіру
  • Микроинъекция арқылы
  • Рекомбинанттық ДНҚ-ның өзін протопластарға электропорация арқылы енгізу
  • Хромосомалық инженерия
  • Ішінде рекомбинанттық ДНҚ бар липосомалармен протопластардың қосылуы арқылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет