Құралай рахымбай жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін


Жаңақорған  ауданында  қазақша



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата12.03.2017
өлшемі34,43 Mb.
#8806
1   2   3   4   5   6

Жаңақорған  ауданында  қазақша 

күрестен  «Құрмет»  орденінің  ие­

ге рі  Машбек  Нәлібаевті  еске  алу ға 

арналған  турнир  мәресіне  жет ті. 

Он бірінші мәрте өткізіліп отыр ған 

дәстүрлі  турнирдің  география­

сы  ұлғайып,  шет  елдерге  де  та­

ны малдылығы  артқан.  Екі  күнге 

созылған    халықаралық  сайысқа 

еліміздің  барлық  аймағымен  Гру­

зия,  Қырғызстан,  Өзбекстан  жә не 

Моңғолиядан  келген  балуандар  

бақ сынады.

Турнирдің  ашылуында  сөз  ал­

ған  Жаңақорған  ауданының  әкімі 

Ғалым Әміреев:

– Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарса­

ңында  жылдағы  дәстүрге  сай  Маш­

бек  Нәлібаевті  еске  алуға  арналған 

турнирдің  өскелең  ұрпаққа  берері 

мол.  Бұл  аламан  спортшылардың 

жі  герін  шыңдап,  жеңіске  жетуге  де­

ген ынтасын оятып, намысын жани­

ды. Сондықтан бүгінгі сынға түсетін 

спортшыларға  сәттілік  тілеймін, 

– деді. 

Алдымен  23  жасқа  дейінгі    балу­

андар  бозкілемде  мықтыны  анық­

тады.  55  келі  салмақ  дәрежесінде 

жам былдық 

балуан 

Абылайхан  

Кеу  лім жай  жеңімпаз  атанса,  60  ке­

ліде  қызылжарлық  Олжасбек  Илес­

беков  жеңістің  биік  сатысынан 

көрінді. Тартысты 66 келіде Қызыл­

жар  аймағының  тағы  бір  балуа­

ны  Мейірбек  Рахимов  қарсылас  шақ 

келтірмеді. Сыр балуаны  Ғалымжан 

Әбдірахманов  74  келіде  өзінің  мық­

ты лығын  байқат ты.  Сондай­ақ, 

82  келіде  Ақжол  Ра қым жанов,  90 

келі  салмақта  Дархан  Жамалхан, 

100  келіде  Нұрым  Сәлімгереев, 

100  келіден  жоғары  сал мақта  Ела­

ман  Ерғалиев  бабында  жүргенін 

байқатып, биік тұғырдан көрінді.

Жыл  сайынғы  дәстүр  бойынша  

турнирдің  соңы  түйе  палуандар  

ара сындағы  чемпионды  анықтау  са­

йысына ұласты. Бұл сында грузиялық 

Левани  Матияшвилидің  бағы  жан­

ды. Ол өткен жылы да осы бәсекеде 

топжарған.  Кіл  мықтыларды  жарыс  

жолынан  тайдырған  балуанға  авто­

көлік  табыс  етілді.  Ал,  екінші  және 

үшінші  орын  алған  Айбек  Нұғманов 

пен  Гурами  Тушивилиге  қомақты 

қар жылай сыйақы табысталды. 

Левани Матияшвили,

жарыс жеңімпазы:

–  Бүгінгі  жеңісім  оңайлықпен 

келмегені белгілі. Бозкілемде тайта­

ласқан  балуандардың  осалы  жоқ. 

Барлығы  да  жан  алып,  жан  беруде. 

Әрине олай болатыны жөн. Мен осын­

да  келерде  алдыма  мақсат  қойдым. 

Қалайда былтырғы жетістігімді қай­

та лай мын  деп.  Спортта  ең  жауап­

ты  әрі,  қиындық  тудыратын  бұл 

– чемпиондық  атағыңды қорғау. Сон­

дық тан  мақсатымды  толығымен 

орын дадым. 

Айбек Нұғманов, 

жүлдегер балуан:

– Бүгінгі балуандар бәсекесі тар ­

тысқа  толы  болды.  Тіпті  жас  ба­

луан дардың  жақсы  қырынан  таны­

лып  келе  жатқанын  да  байқадық. 

Бұл  әрине  осындай  ірі  турнирлердің 

жемісі  деп  білемін.  Ал,  бәсеке  бары­

сында  ақтық  сынға  дейін  іркілмей 

өттім.  Дегенмен  ақтық  сында  гру­

зин  балуанына  есе  жібердім.  Бұл 

жеңілісімнен сабақ алатын боламын.  

Өздеріңіз  байқағандай,  барлығы  да 

мығым  балуандар,  байрақты  бәсе­

келерде абыроймен атой салып жүр­

гендер.

ҰЛТЫМЫЗ ҰЛЫҚТАҒАН – ҚАЗАҚ  КҮРЕСІ

ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР БАЛУАНДАРДЫ ШЫҢДАЙДЫ



Бетті дайындаған: Ерасыл ШӘРІБЕК

СПОРТ ТАРИХЫНАН



Күрес өнерін қай халық болмасын жан-тәнімен сүйе-

ді.  Ғасырдан  ғасырға,  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып, 

міне, бүгінге дейін жетті. Өзіміз қыр-сырын сөз еткелі 

отырған  қазақтың  ұлттық  спорттық  өнерлерінің 

ішіндегі  шоқтығы  биік  қазақша  күресті  алайық.  Алды-

мен тарихқа үңілейік.

№ 42 (164) 20 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

Газет Қазақстан Республикасының 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат 

жә не мұрағат комитетінде тіркеуге алынып, 

№13844­Г куәлігі 26.08.2013 жылы берілген.

«Ақмешіт жастары» облыстық газеті 

ҚР СТ ИСО 9001­2009 «Сапа менеджментi 

жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.



Меншік иесі: «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

БАС ДИРЕКТОР

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

Қабылдау бөлмесі:

тел/факс: 70­00­36

Редакция тел.: 40­06­71

БАС РЕДАКТОР

Айжан АБДУЛЛАЕВА

Газет әр аптаның бейсенбі күні шығады. Қолжазбалар өңделеді және қайтарылмайды. Жарияланымдар 

газеттің түпкілікті көзқарасын білдірмейді. Газет редакцияның компьютер орталығында қатталып, 

«Сыр медиа» ЖШС баспаханасында басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.

Индекс: 65425

Редакцияның мекен­жайы: 120018

Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4



aqmeshit_zhastary.kz@mail.ru

Таралымы: 9533

Тапсырыс № 1258

Кезекші редакторлар: 

Қ. РАХЫМБАЙ, Е.ШӘРІБЕК

ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ереже

Тәуелсіздік  күніне  арналған  оқушылар  мен  студенттер  арасындағы 

бұл байқауды (бұдан әрі – Байқау) «Сыр медиа» ЖШС өткізеді.

ІІ. Байқаудың мақсаты

Мемлекеттің ең ұлық мерекесінің мәнін, ел тәуелсіздігіне ширек ғасыр 

толған  айтулы  датаны  мектеп  оқушылары  мен  орта  және  жоғары  оқу 

орындарының студенттері арасында кеңінен насихаттау, ынталандыру; 

Жас  өскін  бойында  қазақстандық  патриотизмді  және    отансүй гіштік 

қасиетті қалыптастыру, шығармашыл тұлғаны дамыту.

Ел тәуелсіздігін жариялаған 25 жылда көркейіп, гүл ден ген туған ауыл, 

туған аудан, туған қала келбетінің бү гін гі тыныс­тіршілігін, ондағы елмен 

бірге  еңсе  тіктеген  тұр ғындардың  шат­шадыман  тұрмысын,  боямасыз 

болмысын бейнелеу, көркем мазмұнда жет кізу;



ІІІ. Байқаудың міндеттері

Байқаудың  жеңімпаздарын  анықтау  конкурстық  комиссияның 

(қазылар алқасы) шешімімен жүзеге асырылады;

Қазылар алқасының құрамына БАҚ өкілдері кіреді;

Осы ереже байқауға қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға та­

нысу үшін ұсынылады.



IV. Қатысу шарттары

Байқауға  қатысуға  облыстың  орта  мектептері    мен  ли цей лерінің 

оқушылары  және  кәсіптік­техникалық  білім  бе ру  ұйымдарының, 

колледждердің,  сондай­ақ  жоғары  оқу  орын дарының  студенттері 

шақырылады. 

Байқауға қатысатын материалдар биылғы қазан айының 17­сінен ба­

стап 1 желтоқсан аралығында қабылданады. 

Бір автордан бір ғана шығармашылық жұмыс қабылдана ды. Мақала 

А4 форматында Times New Roman (14) қарпімен терілген, 3 беттен аспау 

қажет. Шығармашылық жұмыспен қоса авторы туралы қысқаша мәлімет 

«Байқауға»  деген  белгімен  aqmeshit_zhastary.kz@mail.ru  электрон­

ды  поштасы  арқылы  мемлекеттік  және  орыс  тілдерінде  қабылданады 

немесе  «Сыр  Медиа»  ЖШС,  «Ақмешіт  жастары»  газетінің  редакция­

сы (Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, 4 үй, Т.Жүргенов атындағы 

Шығармашылық үйі) 3­қабат, 312, 313, 314, 315 кабинеттерге жолдауға 

болады. Қосымша сұрақтар үшін тел.: 8(7242) 40­06­71. Байқау нәтижесі 

бойынша үздік деп танылған туындылар «Сыр медиа» порталына қарасты 

барлық сайттарға жарияланады.   

Жеңімпаздар саны – төртеу. Бас жүлде І, ІІ, ІІІ орын және қосымша ын­

таландыру сыйлығы тағайындалады.

V.Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемдері

Конкурстың  материалдарын  бағалау  кезінде  төмендегі  өлшемдер 

назарға алынады:

– автордың ұстанымы;

– жазу стилінің көркемдігі;

– мақаладағы дерек пен дәйектің шынайылығы;

– оқырманға эмоционалды әсері;

VI. Ұйымдастыру комитеті

Ұйымдастыру комитеті байқауды ұйымдастырушылар және қазылар 

алқасынан  тұрады.  Байқауды  дайындау  мен  өткізу  жөніндегі  жұмысты 

жоспарлайды  және  үйлестіреді,  сонымен  қатар  оның  орындалуын 

қадағалайды. 

Байқау  туралы  ережені  және  конкурстың  қазылар  алқасы  құрамын 

бекітеді. 



Ұйымдастыру комитеті

БАЙҚАУ


«СЫР МЕДИА» ЖШС ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА 

«ТУҒАН ӨЛКЕ КЕЛБЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ



ТОҚТЫ

Әдеби кітаптар оқып білім жетілдіріңіз. Әр 

кез сыпайылық сақтай білу биікке көтеретінін 

естен шығармау қажет. Апта көп еңбектенуді 

қажет етеді. Қаншалықты еңбектенсең, нәти­

жесі соншалықты болмақ. 



ТОРПАҚ

Тағдыр  сізге  оң  көзбен  қарайды,  өз 

ісіңізді бастауға мүмкіндік бар, ол үшін сізге 

тек  сәттілік  қана  емес,  сонымен  бірге  күш­

қуатыңыз  бен  уақыт  керек.  Алда  пайдалы  

ұсыныс түсіп, одан бас тарту қиын болады,  

бірақ бірден келісім бермеңіз, жақсылап ой­

ланыңыз.


ЕГІЗ

Кез­келген  мәселені  іс  жүзінде  шеше 

аласыз.  Қарым­қатынас  ортаңызды  өзіңізге 

жағымды  және  пайдалы  адамдармен 

толықтырыңыз.  Табысты  жұмыс  үшін  сізге 

шыдамдылық,  сабырлық  пен  байсалдылық 

қажет. 

ШАЯН

Айналаңыздағылар  сізден  көмек  сұрап 

келе ді. Қандай жағдай болмасын өз пікіріңізді 

ашық айтпауға тырысыңыз. Қызметте, достар 

ортасында  беделіңіз  артады.  Достарыңызға 

айтқан әр сөзіңізге абай болыңыз.



АРЫСТАН 

Бар  назарыңызды  оқуға,  жұмысқа 

бағыттаған  жөн.  Араларыңызда  жасы  кіші 

адамдар болса, соларға көмек берген абзал. 

Достармен көп уақыт өткізіп, сүйіктіңізді таң 

қалдыратын дүние ойлап табасыз.



БИКЕШ 

Ата­анаңыздан  алдағы  жоспар  тура­

лы ақыл сұраңыз. Бұл сізге алдағы уақытта 

қажет  болуы  мүмкін.  Ескі  суреттерді  бір 

қарап шығыңыз, өзіңіз жақсы болып қаласыз. 

Мұнымен  қатар,  дәл  қазір  жалғыз  қалып, 

миыңызды тынықтыратын уақыт. 

ТАРАЗЫ

Қызмет  барысында  қалыптасқан  бір 

қа лыпты  жағдай  апта  аяғына  дейін  созы­

лады.  Қызметте,  бизнес  саласында  әріп­

тес теріңмен түсініспеушілік туындап, алауыз­

дыққа жол берілуі мүмкін. Өзгелермен достық 

және әріптестік қарым­қатынас ортану үлкен 

қиындық туғызады. 



САРЫШАЯН 

Ата­анаңызбен  жолығып,  көптен  бері 

өзі ңізді  мазалап  жүрген  сұрақтардың  жа­

уабын  алатын  кез  келеді.  Бастапқыда 

психологиялық  тұрғыдан  қатты  қиналасыз. 

Күш­жігердің  арқасында  барлық  қиындықты 

жеңіп, мықты бола аласыз.

МЕРГЕН 

Өміріңізді  сырттан  бақылап  көріңіз. 

Себебі,  алдағы  күндері  барлығы  өздігінен 

жүзеге  асатын  болады.  Болашағымды  бол­

жаймын  деп  бақсы,  құмалақшыларға  бар­

маңыз.  Соңғы  кезде  ақшаны  көп  жұмсап 

жүргендіктен, оларды санап қойыңыз.

ТАУЕШКІ

Осы  аптада  өз  мүмкіндіктеріңізді  асы­

ра  бағалаймын  деп,  кері  әсерге  ұрынып 

қалуыңыз  ықтимал.  Дегенмен  кездесетін 

қиындықтарға  бола  шыдамсыздық  таныту 

абырой әпермейді. Ашуды ақылға жеңдірген 

абзал. 

СУҚҰЙҒЫШ 

Соңғы кезде әбден қажып жүрсіз. Сабыр­

ға  келетін  уақыт  та  жетті.  Отбасылық  ша­

руа  лар, мерекеге дайындалу, барлығы сізді 

шаршатып жіберсе, мұңаймаңыз. Бұлт арты­

нан күн ашылатынын ұмытпау керек.



БАЛЫҚ 

Шығармашылық  қабілет  арта  түспек. 

Ұзақ жылдар бойы ойға келмеген жаңа иде­

ялар  туындап,  оны  жүзеге  асыруға  де­

ген  құлшыныс  артады.  Егер  бұрын­сонды 

кездесіп  көрмеген  жаңа  мүмкіндіктерге  жол 

ашылса, жасқанбай кірісу қажет.

(20 – 26 қазан)

ЕЛМЕН БІРГЕ ЕҢСЕ ТІКТЕГЕН

«Кешегі  дағдарыс  жылдары  ең­

се ні  түсірер  қиындықты  еңсеру  кім 

кімге  де  оңайға  соқпады.  Отбасым­

да  тоғыз  баланың  ең  кен жесімін. 

Қарашаңырақтың иесі болған соң ата­

анама  қарайлап,  отбасын  бағу  үшін 

екі  қолға  бір  күрек  табудың  қамын 

жасауға  кірістім.  Сөйтіп,  қаланың 

орталық  алаңынан  шағын  дүкенді 

жалға алып, құйылмалы сусындар са­

та  бастадым.  Пайызға  қарыз    алып, 

жақын шетелден түрлі тауар тасыдым. 

Енді мұнымен тоқ тап қалуға болмай­

ды.  Әйте ке  би  көшесінің  бойындағы 

бұ рын ғы  АХАЖ  ғимаратының  әбден 

тозығы  жетіп  тұр  екен.  Жақын­

дарыммен  бірге  соны  жалға  ал дық. 

Қалтамда  қомақты  қара жат  болма­

са  да,  тәуекел  деп  қажетті  құрал­

жабдық,  ыдыс­аяқ  сатып  алып,  1995 

жылы  «Қыз  Жібек»  мейрамханасын 

аштық.  Сол  уа қыт та  мейрамханаға 

инвестиция  тарту  қиынның  қиыны 

бола тын.  Тамыр­таныстар  жемісті 

жұ  мыс болатынына күмәнмен қа  рап, 

қаржы  құюға  жүрексінгені  рас.  Неге 

екенін білмеймін, ме нің ішкі дүниемде 

осы  кәсіпті  дөңгелетіп  әкететіндей 

сенімділік  берік  орнықты.  Сол  сезім 

ме ні  алдамағанына  әлі  күнге  де йін 

таңқаламын.  Жұмысты  баста ған нан 

кейін  оны  жандан ды ру  үшін  жанта­

ласа бас та  дым. Бизнесті дамытудың 

қыр­ сырын  үйрететін  көптеген  кі ­

тап  тың  бетін  парақтадым.  Осы  із де­

ніс  кәсіпкерлік  қабілетімді  шыңдай 

түсті. О баста мейрамхана бизнесінің 

қыр­сырынан  бей хабар  болатын­

мын.  Бәрін  нөлден  бастауға  тура 

келді. Мей рамхана ісін ұйымдастыру, 

оның  маркетингі,  мәдениеті,  кон­

цепциясы,  атмосферасы,   сырт қы 

әсем делуі  мен  ас  мәзі рі,  келу ші­

лердің  талғамы,  аспазшы лардың  бі­

лік тілігі,  баға  саясаты,  сапалы  тал­

дау  жасау...  барлығын  бү ге­шігесіне 

дейін  зерттеп­зерде ледім.  Бір  мәрте 

дәм  татқан  клиент тің  қайтып  айна­

лып келуі үшін ең бірінші жайлылыққа 

көңіл бөлу керегін түсіндім. Тазалық, 

астың  дәмділігі  және  жанды  бау­

рап  алатын  қонақжайлылық,  яғни 

қызмет  көрсету  үйлесім  тапқан  жер­

ге  адамның  қайта  айналып  соғары 

сөзсіз.  Сөйтіп,  тұрақты  клиенттердің 

санын  арттыруға  тырыстық.  Мұның 

бәрі  айналып  келгенде  мейрамха­

на  ұжымының  кәсіби  біліктілігіне 

келіп  тіреледі.  Аспазшылар  мен 

даяшылардың  біліктілігін  арттыру 

үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне, Ре­

сейге, Гер манияға және басқа да ел­

дерге жіберіп, оқыттым, үйреттім. Мей­

рамхана ісін дамыту үшін өзім де сан 

мәрте  шетелге  барып,  тәжірибе  жи­

нап қайттым. Осы лайша «Қыз Жібек» 

мейрамханасы  жаңа  даму  деңгейіне 

өтті.  Қызылордадағы  ғана  емес, 

еліміздегі  қызмет  сапасы  жоғары 

көшбасшы  мейрамханалардың  бі­

ріне  айналды.  Мейрамхана  ұжы мы 

бірнеше  рет  Мемле кет  бас шысы 

Нұрсұлтан  Назарбаев қа,  үкімет  бас­

шыларына,  ресми  де ле гацияларға, 

ЮНИСЕФ, БҰҰ өкіл деріне, елшілерге 

және  басқа  да  белгілі  азаматтарға 

қалтқысыз  қызмет  көрсетіп,  риза 

етті.  Мұны  мейрамханада  тек  өз 

ісінің  хас  шеберлері  жұмыс  істейді 

деген  сөзбен  түсіндіруге  болады. 

Ұжым  «Қазақстанның  үздік  аспаз­

шысы»,  «Үздік  қоғамдық  тамақтану 

орны»,  «Үздік  жыл  мейрамха на сы» 

номинацияларының  ие гері.  Биыл 

«Атамекен»  ҰКП  прези диумының 

төралқа  төраға сы  Тимур  Құлыбаев 

«Атамекен»  ҰКП­ның  ІІІ  съезінде 

Қазақстанның  әлеуметтік  дамуына 

және  кә сіп керлік  қоғамдастығының 

ны ғаюы на  қосқан  маңызды  үлесі, 

таңдаған  ісіне  деген  адалдығы,  кә­

сібилігі үшін «Құрмет грамо та сы мен» 

марапаттады.  Қызыл орда  шаһа рын­

дағы ең танымал  мейрамхана 25 жыл 

бойы тұ рақты жұмыс істеп келеді».

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДӘМ ТАТҚАН МЕЙРАМХАНА



Ерлан Райымов, «Раим» ЖШС директоры:

БАЙҚАУҒА


Мен – қазақпын, ұлан байтақ, Алтай  мен 

Атырау  арасын  жайлаған  Қазақ  же рін   де 

дүниеге келдім, Қазақ жерінде білім алып, са­

нама сан түрлі әлем сырларын сыйғыздым, 

болашақ  өмірімде  де  мейір бан,  қонақжай 

Қазақ елінің мүд десі үшін қызмет жасаймын, 

мен Қазақ елінің патриотымын.

Қазақта, «туған елдей ел болмас, туған жердей 

жер болмас», «ер туған жеріне, ит тойған жеріне» 

деген аталы сөз бар. Сонау Мысырға құл болып са­

тылып, Мысыр елінің патшасына айналған Бейба­

рыс  Сұлтан  да  –  біздің  еліміздің  мақтанышы.  Бір 

елдің патшасы бола тұра жү регімен Отанын сүйген, 

пейілі мен көңілі туған жеріне ауған, туған жердің 

топырағын  аңсаған  Бейбарыс  сұлтанның  тұл ғасы 

«өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» 

деген мақалды еріксіз еске  түсіреді. Осы мақалдан­

ақ әрбір өз елін сүйетін патриот адамның тұлғасын 

елестетуге  болады.  Осы  тұрғыда  Отанымыздың 

басты  қазынасы  –  тәуелсіздікті  айтпау  мүмкін 

емес.  Тәуелсіздік  бізге  оңайлықпен  келген   жоқ. 

Кешегі Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек 

хан,  одан  бергі  үш  жүздің  басын  қосқан  Абы­

лай  хан,  Әбілхайыр  және  Тәуке  хан,  Қанжығалы 

Бөгенбай,  Қара ке рей  Қабанбай,  Шапырашты  На­

урызбай  сынды  батырларымыз  қасық  қаны  қал ­

ғанша  Қазақ  жеріне  қорған  болды.  Халқымыздың 

басына  төнген  «ақтабан  шұбы рынды,  ал қакөл 

сұлама» апаты  ке зінде небір бо йында  қазақ қаны 

тула ған  жанкешті  баба ла рымыз  білектің  кү ші  мен, 

найзаның  ұшымен  Қазақ  жерін  бо ла шақ  ұрпаққа 

аманат  етіп  қалдырды.  1986  жылғы  Желтоқсан 

көтерілісінде  Ләззат,  Қайрат,  Сәбира  секілді  апа­

ағала рымыздың жаужүректілігімен келген қа сиет ті 

тәуелсіздігіміз  –  біздің  баға  жетпес  байлығымыз. 

Қазақ  елінің  тәуелсіздігін  мәң гі  ету  –  болашақ  біз 

секілді жастардың мін деті деп білемін. 

Әр  адамның  патриоттық  сезімі  тәу елсіз­

дікті  құрметтеп,  ардақтаумен  шектел мейді,  со­

нымен  қоса,  қазақ  тілі міздің  мәр тебесін  кө теру, 

ұлттық рәміз дерімізді ар дақтау және ұлт тық салт­

дәстүрлерімізді ұлықтау керек. Қа зіргі таңда қазақ 

тілінің  мәртебесі  көтерілді,  ұлт тық  арналардағы 

бағдарламалар  тек  қа зақ  тілінде  таратылатын 

болды,  қазақ  тілін де  оқытатын  мектептер  көптеп 

ашылды, осы жағдайлардың өзі ана тілінің маңызы 

артқа нын  көрсетеді.  Ұлттық  рәміздерімізге  кел­

сек,  әр  елдің  туы,  елтаңбасы,  әнұраны  аталмыш 

елдің өткен тарихы мен рухын, ұлттық бол мысын 

айқындайды. Туымыздағы көк аспан да қалықтаған 

қыран  қазақ  елінің  еркін дікті  сүйетін  ел  екенін 

білдірсе,  тудың  сол  жа ғында  бейнеленген  ою­

өрнек ұлттық өне рі мізді айшықтайды. Елтаңбамыз 

қара па йым  қазақы  шаңырақты  бейнелейтін  ұлт­

тық  символымыз десек болады. Міне, осы қаза қы­

лығымызды дәріптейтін рәмізде рімізді ұлық тау – әр 

патриоттың    борышы.  Елбасы мыз  Н.Ә.Назарбаев 

айт қандай, еліміздің ер теңі – болашақ жас тардың 

қо лында.  «Ел  болам  десең,  бе сігіңді  түзе»  де ген 

мақал дың астарына үңілсек, талай мағынаға то лы 

тылсым сырларға куә боламыз. Сол се беп ті келер 

ұрпақты намысты, жігерлі етіп тәр бие леу – әр ата­

ананың  парызы,  отан ға  деген   сүйіспеншілікті  арт­

тыру, ба ла ларды жастайы нан Отанға қызмет етуге 

тәрбиелеу әр мұға лім нің міндеті деп білемін.

Гүлдана САУРАНБЕК

Жаңақорған ауданы, Жаңырық ауылы, 

№167 орта мектебінің оқушысы

МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН!



ЖҰЛДЫЗ-

ЖОРАМАЛ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет