Құралай рахымбай



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.03.2017
өлшемі6,71 Mb.
#6505
1   2   3   4   5   6

– Кез келген адам бала 

күннен «мен кім боламын» 

деп армандап өседі. Сіз жол 

полициясы қызметіне қалай 

келдіңіз?

– Біздің жас кезімізде 

теледидар енді ғана шығып 

жатқан. Сол кездері берілетін 

кинолардың көпшілігі мағыналы, 

әрбір адамды арманға 

жетелейтін. Көптеген детективті 

фильмдерді көріп, осы салаға 

қызығушылығым оянды. 

1975 жылы Мәскеу қаласына 

азаматтық борышымды өтеуге 

аттандым. Әскерден келген соң 

Арал ауданында кәсіптік білім 

алып, 1979 жылы Қызылорда 

қаласы әкімшілік жолмен 

айыпталғандарды ұстайтын 

арнайы орынға сержант болып 

қабылдандым. Отбасымда 6 

бала, үйдің жалғыз ұлымын. 

Әкемнің қатал тәрбиесі 

өмірлік азық болды. Тәртіпке, 

төзімділікке, отансүйгіштікке 

баулыды. 30 жыл қызмет жасап

мекеме бастығы дәрежесіне 

дейін көтерілдім. Еліміздегі құқық 

қорғау қызметкерлерінің қызметі 

ерекше. Күн­түн демей, ел 

тыныштығын күзетеді. Олардың 

арқасында бейбіт те тыныш 

өмір сүріп жатқанымызды естен 

шығарған емеспін. 

– Тәрптіп сақшысы болу 

қиындығы мен қызығы мол, 

ауыр да мәртебелі мамандық. 

Өміріңізге қауіп төнген сәттер 

болды ма?

– Қоғамдық тәртіп, 

тұрақтылық пен бейбіт 

өміріміздің кепілі – қылмыспен 

күрес жүргізуде халқының ішкі 

қауіпсіздігін кірпік қақпай күзететін 

тәртіп сақшыларының еңбегі 

ерен. Тәртіп сақшысы болу – 

жетекші қызметтердің бірі. Мұнда 

еңбек ету кез келгеннің қолынан 

келе бермейді. Тәулігіне 12­14 

сағатқа дейін созылатын жұмыс 

режимі, түнгі «торуылдар», 

қауіпті сәттер, қылмыскерлермен 

бетпе­бет келу, осының бәрі 

жедел уәкілдің күнделікті жұмысы 

деп айтуға болады. Полиция 

қызметкерлерінің қауіпсіздігін 

бөліп қарауға болмайды. 

Қызметтік міндеттерді орындау 

кезінде жұмыс ерекшеліктеріне 

қарай қосымша құрал­

жабдықтармен қамтамасыз 

етіледі. Дегенмен әр адам 

өзінің жеке басын қорғау қажет. 

Қылмыскерді құрықтау процесі 

өте қиын. Ал ұстағаннан кейін 

оны мойындату одан да қиын 

нәрсе. 30 жылдық тәжірибемде 

өміріме бірнеше рет қауіп төнді. 

Мұндай жағдай әр қызметкердің 

басынан өтетіні жасырын емес. 

Төнген қауіпке тойтарыс беру 

маманның біліктілігінде. Ауыр 

қылмыскерді ұстау барысында 

бірнеше апталап үй көрмей 

ізін аңдығаным бар. Сонда 

қылмыскерге енді тап беріп, 

есіктен кіре бергенімде басыма 

балтаны лақтырып жіберді. 

Құдай сақтап, басымда каска 

болатын. Сол балтаның ұшы 

каскаға тиіп, тайып есікке 

қадалды. Кейіннен  қылмыскер 

өзінің жазасынан бөлек 4 жылға 

бас бостандығынан айырылды. 

Қылмыскерлерді құрықтауда 

түрлі келеңсіз оқиғаларға 

тап боласың. Біз мынаны 

естен шығармағанымыз жөн:  

қылмыстың ұсақ, ірісі болмайды. 

Шындап келгенде, осындай 

ұсақ­түйек құқық бұзушылықтан 

үлкен қылмыс туындайды. Біз 

ұсақ құқық бұзушылықтарды,  

бұзақылық пен мәдениетсіздікті 

түзу жолға салмай, қоғамдағы 

келеңсіздіктерді бір қалыпқа 

келтіре алмаймыз. Әрине, әр 

адамның мәдениеті, таным 

деңгейі жеке тәлім­

тәрбиесінен басталады. 

Алайда, көрінген жерде ішімдік 

ішіп, қоқысын тастап жүре 

беретін немқұрайлылықтың 

заңды сыйламаудан 

туындайтынын, ал заңға 

бағынбау оны бұзуға әкеп 

соғатынын түсінетін уақыт жетті.

– «Отан отбасынан 

басталады». Өзіңіз отбасында 

қанша бала тәрбиелеп 

отырсыз және балаларды 

отансүйгіштікке қалай 

тәрбиелейсіз?

– Менің отбасындағы 

орнатқан тәртібім мен  тәрбием 

тікелей қазақы қалыпқа  саяды. 

Біздің отбасындағы басты 

қағида – «үлкенге құрмет, кішіге 

ізет» көрсету. Қазақ халқы бала 

тәрбиесіне, біліміне қашанда 

ерекше мән берген. Ел болам 

деген халық болашағын бесігін 

түзетуден бастайды. Егемен 

еліміздің еңсесін биік ұстап

өзгеге есесін жібермеу үшін 

білімді де жігерлі, саналы да 

сауатты ұрпақ  тәрбиелеу – 

менің азаматтық борышым.  2 

ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырмын. 

Төртеуі де – ішкі істер саласының 

үздік мамандары. Балаларыма 

осы салада қызмет жасаңдар 

деген емеспін. Әр мамандықтың 

өзіндік ауыртпалығы бар 

дегендей, тәртіп сақшысы 

болу өте ауыр. Балаларымның 

таңдауы осы болды, мен де 

келістім. Қыздарыма медицина 

саласын оқуға кеңес бердім. 

Олар  да осы салаға қызықты. 

Үлкен ұлым Ержан – аға 

инспектор, екінші ұлым Нұржан 

– полиция капитаны, қызым 

Айжан – облыстық ішкі істер 

департаментінде анықтаушы, 

кенже қызым Айтжан – заңгер. 

Балаларымның әке жолын 

қуып, ел қорғауды мақсат 

еткеніне қуаныштымын. Кейде 

бақыт дегенің өзі осы шығар 

деп ойлаймын. Кішкентайынан 

әкемнің берген тәрбиесін 

саналарына құйып отырдым. 

Әрбір ата­ана бала тәрбиесіне 

жіті көңіл бөлу қажет. Мектепте 

білім берілсе, үйден бала тәлім­

тәрбие алу қажет. 

– Қылмыстың ашылуында 

полиция қызметкерлерінің 

еңбегі зор. Бірақ мұны «оның 

несін айтады, жұмысы ғой» 

деп қабылдайтындар да 

кездеседі. Жалпы полиция 

қызметкерлерінің  имиджін 

қалай көтеруге болады?

– Иә, өте орынды сұрақ. 

Қызмет барысында «сіздер ол 

жерде не үшін жалақы алып 

отырсыздар» деген секілді 

сөздерді естіген күндеріміз 

болды.  Біз де осынша қылмысты 

аштық деуден аулақпыз. 

Дегенмен халық әр қызметкердің 

қылмысты ашу барысында 

өткеретін қиындықтарын ескерсе 

екен деймін. Полицияның халық 

алдындағы беделін арттыруға 

септігін тигізетін кино туындылар 

жарық көрсе, нұр үстіне нұр 

болар еді. Киноөндірісі дамыған 

елдерден полицияның қым­

қуыт әрі қауіпті қызметі жайлы 

фильмдерді көптеп кездестіруге 

болады. Бізде осындай 

идеологиялық жұмыстар жағы 

әлсіздеу. 



–  «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» 

демекші, шәкірттеріңіз бар 

шығар?

– Әрине, шәкірттерім бар. 

Өзімнен кейінгі қызметкерлерге 

білгенімді үйретіп отырдым. 

Әлі де жәрдемдесемін.  

Шәкірттерімнің алды бүгінде 

белді қызметтерде. Кейінгі 

шәкірттерім ол – балаларым. 

Күні­түні менің қасымда. 

Жұмысымның ауыртпалығын,  

қуанышын көріп өскен 

куәгерлерім. 



– Қазіргі таңда құрметті 

зейнет демалысындасыз. 

Бос уақытыңызда немен 

айналысасыз?

–  «Жас кезімде бейнет 

бер, қартайғанда зейнет 

бер», дейді дана халқымыз. 

1999 жылы зейнетке 

шықтым. Бірнеше жыл орман 

шаруашылығымен айналыстым. 

Қазіргі таңда Қызылорда 

қалалық №11учаскелік полиция 

пунктінде ардагерлер қоғамдық 

кеңесінің төрағасымын. 

Құқықтық саланың қыр­сырын 

терең меңгергендіктен, көпті 

көргендіктен, жастарға жөн 

сілтеп, ақыл айтуды парыз 

санаймын. Бос уақытымда 

ағалық кеңесімді айтып, қолғабыс 

болуға тырысамын. Біздің 

кезімізде мынадай сақадай 

сай тұрған техника да, оқулық 

та көктегі жұлдызбен тең 

болатын. Ал бүгінде оқимын, 

нағыз маман боламын деген 

адамға бар жағдай жасалған. 

Ғаламторыңның өзі неге тұрады? 

Білім жағынан біздің сақшыларға 

тең келер ешкім жоқ. Алайда, 

сол теорияны практикамен 

ұштастыру жағы кемшін түсіп 

жататыны жасырын емес. 

Сондықтан жастарға көп іздену 

керек, тәжірибе жинақтай білу 

керек. 

– Нағыз қазақстандық 

полицей қандай болу керек?

– Ішкі істер саласының 

көптеген қызметкерлері 

міндеттерін адал орындайды. 

Ерлік жасап, награда алған 

қызметкерлер де баршылық, 

олардың арасында қаза 

тапқандары да қаншама. Антқа 

адалдық үшін полицейлер  ажал 

аузына түсуге де жүрексінбейді. 

Міне, нағыз сақшы деген 

сондай болу керек. 2007 

жылы Мемлекет басшысының 

Жарлығымен 23 маусым 

Полиция күні болып ресми түрде 

белгіленді. Қызметтік борышын 

адал орындап, алға қойылған 

міндеттерді жоғары кәсібилікпен, 

сапалы әрі тиімді орындайтын 

полиция қызметкерлерінің 

қоғам мен мемлекет алдындағы 

жауапкершілікті үлкен абыроймен 

атқаратынына нық сенемін. Ішкі 

тұрақтылықты сақтауға сүбелі 

үлес қосып, келеңсіз оқиғалардың 

орын алмауына ықпал 

ететін қазақ полицейлерінің 

мәдениетіне, біліміне, білмекке 

құштарлығына таң қаламын. 

Олардың жұмысы көбіне көзге 

шалына бермейді. Олардың 

өздері де қылмыскерге қарсы 

тұрған табанды әрекеттерін ерлік 

дегеннен гөрі міндет деп біледі. 

Сол үшін де мен оларды бүгінгі 

күннің батырларына балаймын.



– Уақыт бөліп 

сұқбаттасқаныңызға рақмет. 

Саналы ғұмырыңызды 

отанымыздың қоғамдық 

тәртібіне арнап, ізгі ұрпақ 

тәрбиеледіңіз. Алдағы уақытта 

да еңбегіңіздің жемісін көре 

беріңіз. 

Сұқбаттасқан:

Айгүл ӘЛІШЕР

Нұртөре ЖҮСІП 

Алпамыс ИБРАЙМОВ, 

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы ардагерлер кеңесінің мүшесі:

»Тәртіпке бас иген 

құл болмайды«

БҮГІНДЕ ЗЕЙНЕТ 

ДЕМАЛЫСЫНДАҒЫ АЛПАМЫС 

ИБРАЙМОВ ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНДА 

ШИРЕК ҒАСЫРДАН АСТАМ ТЫНЫМСЫЗ 

ҚЫЗМЕТ ЖАСАҒАН. АТАЛҒАН САЛАНЫҢ 

ҚАРТ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ БАСЫН ҚОСЫП, ӘЛІ 

КҮНГЕ ДЕЙІН ЕРІНБЕЙ ЕҢБЕК ЕТУДЕ. БИЫЛ 

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ  «АТА КӘСІП – АЛТЫН 

МҰРА» АТТЫ МАРАПАТЫН 

ИЕЛЕНДІ.


№ 40 (162) 6 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

Бетті дайындаған: Сара ОМАРОВА

Инновацияны ауылшаруашы­

лы ғына  енгізу  керек.  Мұнайдың 

ба ға сы  төмендеді,  қазір  бюд же­

ті мізге  түсім  азайды.  Алда ғы  уа­

қытта мұнайдың бағасы қымбат­

тамайды.  Енді  бізге  қалғаны 

тек  ғана  өзіміздің  өнімдерді  кө­

бірек  шығару.  Ал  ол  үшін  бәсе­

келестікке қабілеттілік керек. Бұл 

туралы   Қор қыт  Ата  атындағы 

ҚМУ­дың Сту денттер сарайын да 

«Ауыл  шаруа шылығына  ин но ва­

циялық  жетістіктерді  енгізу  мүм­

кін шілік тері» тақырыбында өт кен  

дөң ге лек үстелде айтыл ды. Сон­

дай­ақ, кездесуде инно ва ция лық 

же тіс тіктерді  енгізу  ар қы лы   об-

лыс ға лым дарының ауыл шаруа­

шы лығы  өнімдерінің  өнім ді лігі 

мен  сапасын  арттыру  жолдары 

тал қыланды.



Мұрат Әбенов,

«Атамекен» ҰКП басқарма 

төрағасының орынбасары:

–  Бәсекелестікке  қабілетті 

жасау үшін, әрине, бірінші кезекте 

жаңа технологиямен шығарылған 

өнім  болу  керек.  Жаңа  техноло-

гия  болу  үшін  ғылыми  ізденістер 

қажет.  Өкінішке  қарай,  бізде  ғы-

лы ми  ізденістерге  қаржы  өте 

аз  бөлінеді.  Сол  себептен   Ұлт-

тық  кәсіпкерлер  палатасы  осы 

мәселені  қолға  алып  жа тыр. 

Нақты  қаржыларды  бақылау да-

мыз.  Қазір  бізге  қажетті,  тиім-

ді  инновацияларды  енгізу  қа-

жет.   Шетелдің  инно вациясын 

жер гі лікті  жерге   орнық ты ру 

қа  жет.  Жұмыссыздық  деңгейі 

ауыл  дарда  өте  көп.  Егер  біз 

ауылға  тиімді  технологияларды  

апарсақ,  онда  бизнес,  өндіріс  кү-

ше йеді». Оның пікірінше, жас тар-

ды  кәсіпкерлікке  тарту  қа жет.  

Бюджетке түсетін бірден бір көз 

ол  өндіріс,  бизнес.  Үлкен  жұ  мыс  

орындары  қысқарып  жатыр.   Тек 

ғана  кіші,  орта  биз неске  барса-

ңыздар  жұмыс  болады.  Қазір 

жо ғары  білімділердің  арасында  

жұ мыссыздық  деңгейі  1,5  млн.

адамға  жеткен.  Сондықтан  жас-

тарды  студент  кезінен    бас тап 

үйрету керек. Бірінші курстан ба-

стап кәсіпкерлікпен айналысу жо-

лын көрсетіп, екінші курста жеке 

кәсіпкерлігін  немесе  серіктестік 

ашып, жұмыс орнын дайындау ке-

рек. Сонда ғана ол студент бола-

шақта қо лында дипломы да бола-

ды және өзі жұмыс істей отырып, 

өзгені  де  жұмыспен  қамтиды. 

Жас  тар өз бизнесін ашуға арнайы 

кө ңіл бөлу керек.

Ғалымбек Жақсылықов, 

Қызылорда облыстық 

кәсіпкерлер палатасының 

директоры:

–  Бір  қуантарлығы  қазір  әр 

сала бойынша кә сібін бастап кет-

кен жас тар кө бейіп жатыр. Мем-

лекет тара пынан кәсібін ашамын  

деген жас тарға көптеген бағдар-

ла ма лар  жұмыс  істеуде.  Соның 

бір ай ғағы ағымда ғы жылы «Ата-

ме кен»  ҰКП  және  об лыс  әкімдігі 

бі рі ге  отырып,  «Қы зыл орда  ша-

ғын  бизнесі»  жобасы   ая сында 

ауыл дық жерлердегі кә сіп керлікті 

дамытуға  660  миллион  теңге 

қар жы  бөлінді.  Сонымен  қатар, 

об лыстық  кәсіпкерлер  палата-

сында  тегін  толық  ақпарат  ала 

отырып,  оқу  курсынан  да  өту-

леріңізге болады. 

Кездесуде  инс титут  директо-

ры,  серіктестік,  қожалық  басшы-

лары  және  студент  жастар  өз  ой-

ларын  ортаға  салып,  белсенділік 

көрсетіп, пікір ал масты.



ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ 

ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Отбасында өскелең ұрпақты жастайынан сыбайлас 

жемқорлық көріністеріне төзбеуге тәрбиелеу және оны 

бойға сіңіруді қазір ден бастау керек. 

Осындай мақсатта Қызылорда облысы бойынша мем­

лекеттік қызмет істері департаменті қалалық білім бе ру 

бөлімімен бірлесіп мектепке дейінгі мекемелердің, ор та 

білім  беру  орындарының  ата­аналар  комитеттері  өкіл­

дерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ата­аналар 

мен департамент қызметкерлері арасында конструктивті 

диалог    жүргізіліп,  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алу 

мәселелері бойынша сұрақтарға жауап берді.

АҚЫЛЫ БАЙҚАУ ӨТКІЗБЕЙДІ

«Астана  ЭКСПО-2017»  ұлттық  ком па-

ния  сы ның  қоғаммен  байланыс  департа-

менті компания ешқандай ақылы байқау 

өткіз бейтінін ресми хабарлайды.

Бұған  дейін  белгілі  болғандай,  Астана 

қаласының  мектепке  дейінгі  мекемелерінің 

бірінде  бүлдіршіндер  арасында  сурет  бай­

қауы  өткізілген.  Байқауға  қатысу  үшін  ата­

аналар  әр  қатысушы  бала  үшін  500  теңге 

кө ле мінде  ақша  ұсынған.  Мекеме  қызмет­

кер лерінің  айтуынша,  байқау  «Астана 

ЭКСПО   —  2017»  ұлттық  компаниясы»  АҚ­

мен бір лесе ұйымдастырылған­ды.

Шиелі  ауданында  «Шиелі  аруы  –  2016»  байқауы  өтті.  Қазылар 

алқасының  шешімімен  байқаудың  бас  жүлдесін  Алуа  Жанайдарова 

жеңіп алды. 

*     *     *

«Қорқыт  елі  –  Қармақшы»  жастар  қоғамдық  бірлестігінің    ұйым­

дастыруымен  өткен  «Мамандық  таңдау  –  болашақты  айқындау» 

атты  оқыту  семинарында  жастарға  қазіргі  нарықтағы  сұранысты 

мамандықтарды игеру жолдары кеңінен түсіндірілді. Оқыту семинары 

Байқоңыр  қаласындағы  №274  мектеп  базасында  ұйымдастырылып, 

шараға қала жастары мен мектеп оқушылары қатысты.  

*     *     *

Ел  тәуелсіздігінің  25  жылдығына  орай,  «Жас  Отан»  Жастар 

қанатының  жанынан  құрылған  «ЕХРО­2017»  еріктілер  тобының  жас­

тары  арасында  «Білімгер»  интеллектуалды  сайысы  өтті.  Жарысты 

Қорқыт ата атындағы ҚМУ жанынан құрылған «Dream club» ұйымы 3 

тілде жүргізді. Еріктілер 4 топқа бөлініп сынға түсті. 



*     *     *

  «Ауған  соғысының  ардагерлері  мен  мүгедектерінің  кеңесі» 

қоғамдық  бірлестігі  №2019  әскери  бөлімімен  бірігіп  техникалық  және 

кәсіптік  білім  беру  оқу  орындары  студенттерінің  арасында  «Айбын» 

әскери­қолданбалы спорттық жарысын өткізді. Сайыс  6  әскери­қол­

данбалы спорт түрін қамтыды: «Белтемірге тартылу», «Жартылай ша­

шу/жинау», «Арқамен (шалқалай) жатып кеудені көтеру», «100 метрге 

жүгіру»,  «Плащ  (жамылғы)  түріндегі  жалпы  әскери  қорғаныс  кешенді 

кию»,  «Кедергілерден  өту».  Ең  жоғарғы  көрсеткішке  Қызылорда 

политехникалық колледжі ие болып, жалпы командалық есепте І орын-

ды иеленді

*     *     *

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде бос жұмыс орындары­

ның  жәрмеңкесі  өтті.  Жәрмеңкеге  жұмыс  іздеп  келгендердің  басым 

бөлігі  Солтүстік  өңірлерде  еңбек  етуге  әрі  қоныс  аударуға  ниетті. 

Келушілердің  сұрақтарына  Павлодар  облыстық  жұмыспен  қамтуды 

үйлестіру  және  әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасының  көші­қон 

бөлімінің басшысы Меруерт Есембаева, Павлодар облысы Железин-

ский  ауданының  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар 

бөлімінің басшысы Қайрат Ибрагимов, Павлодар облысы Ертіс ауда­

нының  жұмыспен  қамту  орталығының  директоры  Дамир  Бейсемби-

нов жауап берді. Бұл облыстан 41 жұмыс беруші 227 бос жұмыс оры-

нын ұсынды. Солтүстікке жұмысқа ғана емес қоныс аударуға барлық 

жағдай жасалған дейді мамандар. Мұнан бөлек бос жұмыс орындары 

жәрмеңкесіне қалада орналасқан 20 мекеме мен кәсіпорындар 185 бос 

жұмыс орыны барын мәлімдеді.

*     *     *

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Жастар ресурстық орта­

лығы» КММ­нің ұйымдастыруымен бір топ жас дін саласының маманда-

рымен кездесті. Шараның мақсаты – жастарға имандылық тұрғысында 

насихат айту, діни экстремизм құбылыстарының алдын алу бағытында 

кең түсінік беру.



*     *     *

Кітапханаға  оқырман  тарту,  олардың  кітапқа  деген  құрметі  мен 

сүйіспеншілігін қалыптастыру, кітапқұмарлыққа тәрбиелеу мақсатында 

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапха­

насы қала оқу орындарының І курс студенттерінің қатысуымен «Жас тар 

қуаты – Қазақстан болашағы» атты оқырман қатарына қабылдау мере­

келік шарасын өтті. 

М.Әбенов: 

«ЖАСТАРДЫ СТУДЕНТ КЕЗІНЕН КӘСІПКЕРЛІККЕ БАУЛУ КЕРЕК»

ҚЫСҚА ҚАЙЫРҒАНДА

ҚЫСҚА ҚАЙЫРҒАНДА

ҚЫСҚА ҚАЙЫРҒАНДА

Қорқыт  Ата  атындағы  Қызыл-

ор да  мемлекеттік  университе тін-

де  Қазақстанның  еңбек  сіңір ген 

қайраткері,  педагогика  ғылым да-

рының докторы, профес сор Байзақ 

Момынбаевтың  70  жылдығына  ар-

налған  «Үздіксіз  кәсі би  білім  беру-

дің  проблемалары  мен  келе шегі» 

атты  республикалық  ғылыми-тәжі-

ри белік конференция өтті. 

Жиынға  облыс  әкімінің  орынбаса-

ры Руслан Рүстемов,  университеттің 

ғалымдары,  оқытушылары,  мектеп  

ұс  таз дары,  магистранттар  мен  док­

таранттар, сондай­ақ Байзақ Көпірбай­

ұлының  ұлы  Жомарт  Момынбаев 

және  әріптестері  мен  замандастары 

қатысты. Шара барысында естеліктер 

айтылып, баяндамалар жасалды. Сон­

дай­ақ, кеш қонақтары өздерінің ойын 

білдіріп, Байзақ Момынбаевтың есімін 

мектепке беруді ұсыныс ретінде ортаға 

салды. Мәжіліс секциялар жұмысымен 

жалғасып,  конференция  тақырыптық 

кітап көрмесімен қорытындыланды.



Маржан Әшірапбаева,

ҚМУ-дың студенті

МЕКТЕПКЕ Б.МОМЫНБАЕВ 

ЕСІМІН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ

Н.Бекежанов  атындағы  драма  теа-

трында  «Қызық  орда»  шығармашылық 

тобы  мен  Қызылорда  жайдарман 

орталығының  ұйымдастыруымен  мау-

сымашар фестивалі өтті.

Биылғы  жайдарман  сайысына  өнер 

көрсетуге  ниет  білдірген  27  коман-

да  сахна  төрінде  жаңа    және    сапалы 

әзілдерін  ортаға    салды.    Маусымашар 

ойындарының  қорытындысы  бойынша  10 

команда жоғарғы лигаға жолдама алса, 17 

команда  премьер  лига  ойындарында  бақ 

сынайтын  болады.  Облыстық  маусыма-

шар  ойындары  аясында  «Қазақстан  КВН 

Одағы»  РЖҚБ  Президенті  Есен  Елеукен 

арнайы  келіп,  жайдарманшыларға  семи-

нар сабақтарын өткізді. Семинарда қазіргі 

жайдарманның  рөлі  туралы  және  алдағы 

осы бағыттағы жоспарлар, сонымен қатар 

жайдарманшыларға  осы  бастан  сапалы 

әзіл, саналы ой айтуға әдеттенген жөн бо-

латынын баса айтты. Айта кетейік, алдағы 

ширек финалдық ойындар қараша айында 

өтеді.


Ерасыл ШӘРІБЕК

ОБЛЫСТЫҚ ЖАЙДАРМАН 

ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

Байқоңыр қаласында «Қорқыт елі 

–  Қармақшы»  жастар  қоғамдық  бір-

лестігінің    ұйымдастыруымен  өткен 

«Әлеуметтік  желілердегі  жастардың 

рө лі»  атты  дөңгелек  үстелде  ғалам-

тордың  жастарға  әсері  кеңінен  тал-

қы ланды.  Мақсат  –  ғаламтор  мен 

әлеу  меттік  желілерге  байланыс ты 

жастардың  білімін  нығайту,  тиянақ-

тау.  

Шараға «Жастар ресурстық орталы­

ғы» КММ Қармақшы аудандық бөлімінің 

басшысы  М.Ибраев,  орталықтың  Бай­

қоңыр  қалалық  бөлімінің  аға  кеңесшісі 

И.Қабатова  қатысып,  ойларын  ортаға 

сал ды. 

«Бүгінде  ғылым  мен  техника,  мәде­

ни­ағарту,  денсаулық  сақтау,  сауда, 

қар  жы  сынды  сан  алуан  қызметтің  тез 

әрі өнімді, икемді жүруін компьютер ар­

қылы  қамтамасыз  еттік.  Сіз  ғаламтор 

арқылы  әлемнің  қай  қиырында,  қандай 

оқиға болып жатқанынан дер кезінде ха-

бардар  болып  отырасыз.  Дегенмен  де, 

ғаламтор мен әлеуметтік желілердің зи-

янды тұстары бар. Соның ішінен жастар 

ақпаратты  саралап,  өзіне  қажеттісін  ға­

на  алып  отырса  құба­құп»,  ­  деді  И.Қа­

батова. Дөңгелек үстел соңында жас тар 

өз  ойларымен  бөлісіп,  тақырыпқа  қа­

тысты ұсыныс­пікірлерін білдірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет