Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Дисульфирам тәрізді реакциялардың дамуын туындататын препараттармен, орталық жүйке жүйесінің қызметін басатын дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер Сіз басқа дәрілік препараттар қабылдап жүрсеңіз (оның ішінде рецептісіз) Энтерофурил препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Айрықша нұсқаулар
Диареяны нифуроксазид емімен бір мезгілде емдеу кезінде пациенттің жасына, жағдайына және диареяның қарқындылығына сәйкес регидратациялық ем (ішу арқылы немесе вена ішіне) жүргізу қажет.
3 жасқа дейінгі балаларда диареяны емдеуді дәрігердің бақылауымен жүргізу керек. Жүйелі зақымдану белгілері (жалпы жағдайының нашарлауы, дене қызуының көтерілуі, уыттану немесе инфекциялар симптомдары) бар бактериялық диарея жағдайларында жүйелі әсер ететін бактерияға қарсы препараттарды қолдану жөніндегі мәселелерді шешу үшін дәрігерге жүгіну керек.
Аса жоғары сезімталдық симптомдары (ентігу, бөртпе, қышыну) пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Құрамында метилпарагидроксибензоат болуына байланысты препарат аллергиялық реакция туындатуы мүмкін (кейіннен болуы мүмкін).
Энтерофурил® 200 мг /5 мл суспензия құрамында сахароза бар, қант диабетімен ауыратын пациенттерге тағайындағанда осыны ескеру керек. Суспензияның бір құтысында 1000 мг (1 г) сахароза бар, ол 2,5 мл суспензия құрамындағы 0,04165 "нан бірлігі" (НБ), ал 5 мл суспензияда 0,0833 НБ сәйкес келеді.
1-6 айлық балалар күніне 2-3 рет 2,5 мл суспензия; осылайша тәуліктік мөлшері 0,125 НБ құрайды.
7 айдан 2 жасқа дейінгі балалар күніне 4 рет 2,5 мл суспензия қабылдайды; осылайша тәуліктік мөлшері 0,166 НБ құрайды.
2 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға және ересектерге күніне 3 рет 5 мл-ден қабылдайды; осылайша тәуліктік мөлшері 0,250 НБ құрайды.
Препаратта этанолдың болуы 1% құрайды. Өлшегіш қасығының жартысындағы препараттың құрамында (2,5 мл суспензия немесе 100 мг) 0,02 г этанол бар, толы өлшегіш қасығында (5 мл суспензия немесе 400 мг) 0,04 г этанол бар (абсолютті спиртке шаққанда). Осылайша, препараттың ең аз тәуліктік дозасында 0,04 г этанол бар, ең жорғары тәуліктік дозада 0,12 г этанол бар.
Препаратты қолданған кезеңде шырынды, шикі көкеністерді және жеміс-жидектерді, ащы және қиын қорытылатын өнімдер мен тағамдарды қоспастан диета ұстану керек.
Нифуроксазидпен емделіп жүргенде алкогольді ішуге тыйым салынады, өйткені алкоголь организмнің препаратқа сезімталдығын жоғарылатады және диареяның асқынуымен, құсу, іштің ауыруы, тері гиперемиясы, бетте және дененің жоғарғы бөлігінде ыстықты сезіну, бастағы шуыл, тыныс алудың қиындауы, тахикардия, қорқынышты сезіну сияқты көрініс беретін дисульфирам тәрізді реакцияны қоздыруы мүмкін.
Сақтықпен!
Бауыр ауруы, маскүнемдік, бассүйек-ми жарақаты, ми ауруы, лактация кезеңі, балалар жасы.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат балаларға пайдалануға арналған. Дегенмен, егер ол бала туу жасындағы әйелдерде пайдаланылса, сирек жағдайларда мыналарды ескеру қажет:
Зерттеулерде тератогенді әсер анықталмады. Алайда, сақтық шаралары ретінде жүктілік кезінде нифуроксазидті қабылдау ұсынылмайды.
Нифуроксазид асқазан-ішек жолынан сіңірілмейді және жүйелі қан айналымына түспейді, алайда лактация кезеңінде препаратпен емдеу курсы қысқа болған жағдайда ғана емшек емізуді жалғастыру мүмкін болады. Дәрігермен кеңесу қажет.
Дәрілік заттардың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын, механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |