Құрамы 85,7% көміртектен тұратын органикалық қосылыстың молекулалық формуласын табыңыз. (3 балл)



Дата10.02.2023
өлшемі13,33 Kb.
#66883
түріҚұрамы

«Органикалық синтез» және «14 топ элементтері» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау №1
1. Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 21 тең, құрамы 85,7% көміртектен тұратын органикалық қосылыстың молекулалық формуласын табыңыз. (3 балл)
2. Пропан мен ацетиленнен тұратын қоспаны бром суы бар шыны түтік арқылы өткізгенде шыны түтіктің массасы 1,3г артты. Бастапқы қоспаның дәл осындай мөлшерін жаққан кезде 1,4л (қ.ж.) көміртегі (IV) оксиді бөлінді. Бастапқы қоспа құрамындағы пропанның массалық үлесін анықтаңыз. (3 балл)
3. Берілген генетикалық айналымды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеуін жазыңыз:
(2 балл)
Дихлорэтан→этин→этаналь→этанол→көмірқышқыл газы→иіс газы→метанол
4. Элементтердің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрыңыз.
(2 балл)
A. Қорғасын (II) оксиді мен тұз қышқылы
B. Қорғасын (IV) оксиді мен тұз қышқылы
C. Қорғасын (II) оксиді мен натрий гидроксидінің ерітіндісі
D. Көміртек диоксиді мен су
5. Кремний оксидінің тотықсыздану реакциясының теңдеуін электронды баланс әдісімен теңестіріп, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңыз. (2 балл)
6. Қорғасын мен қалайы оксидтері +2, +4 тотығу дәрежесін көрсетеді. (2 балл)
A. Қалайының анағұрлым тұрақты оксидінің формуласын жазыңыз:
B. Қорғасынның анағұрлым тұрақсыз оксидінің формуласын жазыңыз:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет