Құрамы Қан сарғылттау келген сұйық зат плазмадан және оның ішінде жүзіп


Гемостаз туралы түсінік. Қанның ұюы және оның кезеңдері



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата02.12.2023
өлшемі360,59 Kb.
#132067
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
2-рк физиология

10.Гемостаз туралы түсінік. Қанның ұюы және оның кезеңдері. 
1929 ж америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның , организмнің 
басты - биологиялық көрсеткіштерінің тұрақтылық дәрежесін белгілеу 
үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды . Гомеостаз деп қан көлемі мен 
құрамының және физикалық , химиялық , биологиялық қасиеттерінің 
тұрақтылығын айтады . Жасушалардың тіршілігіне байланысты және 
олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым - қатынас 
жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай 
болып саналады . Бірақ бүйрек , тер бездері , өкпе сияқты көптеген 
ағзалардың қызметі арқасында , сондай - ақ денедегі арнайы механизмдердің 
қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды . Осыған орай ішкі орта үшін 
абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық 
гомеостаз тән . Мұны гемокинез дейді . 
Қанның ұюы. Үю - канның биологиялық қасиеті , қорғаныс қызметінің бір 
түрі Осы қасиеттің арқасында канның сыртқа шығуы тоқтайды.Мұны 
гемостаз дейді яғни қан тоқтау. 
Ұйыған кезде кан қойылып , тромбыға айналады . Тромб қантамырынын 
жарасын бiтейді де , сыртка кан кетуін тоқтатады . Қаны ұйымайтын 
адамдар да болады . Бұл ауру - гемофилия деп аталады . Гемофилиясы бар 
адам жарақаттанса , қаны тоқтамай өліп кетуі мүмкін . Кан ұюын көру 
үшін оны пробиркаға құйып , біраз уақыт байқайды , Қан 2-3 минуттен 
кейін қойылып , біртіндеп қоймалжыңданған массаға айналады .10-12 
сағаттан кейін ұйынды нығыздалады . Қан сарысуы ұйындының жан жағын 
коршайды. Ұйындыны ағып тұрған суға ұстап жуса , пішінді элементтер 
жуындымен бірге ағып кетеді де , қолда ақ түсті ұйыскан фибрин 
талшықтары қалады . Ұйыған қанның құрылысын микроскоп арқылы қарау 
үшін заттық әйнекке бір тамшы кан тамызады да микроскоп астына 
қояды . Қараған кезде ең алдымен сұйық плазмада жүзіп жүрген жеке - 
жеке қан жасушалары көрінеді . 3-5 минуттан кейін плазмада жіп тәрізді 
жіңішке фибрин талшықтары ұйысып , торға айналады . Тордың арасы қан 
жасушаларына толады да қан қойылып , тромб қүрады . Сонымен жоға 
рыда келтірілген тәжірибелер қан ұйыған кезде фибрин жіптері пайда 
болатынын көрсетеді . 
Қанның ұюы барлық омыртқалы жануарларға тән күбылыс.Қанның ұю 
жылдамдығы кан үйтатын заттардын санына , күшіне байланысты . 
Қатын үюы туралы ілімнің негізін салған Александр Шмидт.


Соңғы кездегі мәліметтер бойынша қан ұюы 3 кезеңнен : а ) протромбиназа 
пайда болуы ; б ) тромбин пайда болуы ; в ) фибрин пайда болуы 
кезеңдерінен өтеді .Және қанның ең соңғы кезеңі-ретакция мен фибринолиз. 
Жарақаттанған қантамырының жуан жіңішкелігіне , ондағы қысымына 
қарай қан тоқтау 2 түрге бөлінеді . Соның бірі тамырдағы тромбоциттік 
гемостаз - тромбоцит пен қан тамыры қабырғасының ішкі бетінің 
қасиеттеріне , ал екіншісі коагуляциялық гемостаз кан ую жүйесін құратын 
плазмалық түрткілерге байланысты .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет