Құрамы Қан сарғылттау келген сұйық зат плазмадан және оның ішінде жүзіп



Pdf көрінісі
бет1/27
Дата02.12.2023
өлшемі360,59 Kb.
#132067
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
2-рк физиология




Рубежка-2 Физиология 
Қан 
1.Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері.
Қанның құрамы
Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп 
жүрген қан жасушаларынан , яғни пішінді элементтерден тұрады . Ересек 
адамда канның көлемі 5-6 литрдей . Қан жасушалары қызыл түйіршіктер 
( эритроциттер ) мен ақ түйіршіктер ( лейкоциттер ) , кан пластинкалары 
- тромбоциттер . Плазма қан құрамының 52-58% - іне , қан жасушалары -
42-48 % -не тең. Қанның негізгі қызметтері :
1 ) Тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді , ал зат алмасу 
өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады ( тасымалдау қыз меті ) .
2 ) Оттегін өкпеден тіндерге , жасушалардағы көмірқышқыл газды өкпеге 
жеткізеді ( тыныс алу қызметі ) .
3) Ішек - қарыннан қоректік заттарды , витаминдерді , су мен тұздарды 
( минералдарды ) тіндерге жеткізеді (нәрлендіру қызметі ) .
4 ) Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді , мәселен , адам 
денесіндегі уытты заттар , азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке , 
өкпеге , тер бездеріне , ішекке апарады . Сөйтіп оларды шығарып тастайды 
( экскрециялық қызмет ) . 
 5 ) Қан жасушалары ( лейкоциттер ) , плазмадағы антитәндер денеге енген 
микробтарды , вирустарды , табиғаты жат , улы заттарды 
бейтараптайды ( қорғаныс қызметі ) .
6 ) Адам денесіндегі көптеген әрекеттерді , үрдістерді реттеуге қатысады 
( гуморалдық реттеу ) . Қандағы биологиялық әсері күшті заттар - 
гормондар , медиаторлар , метаболиттер ағзалар мен тіндерге өтіп 
тікелей 
немесе 
қантамырларының 
ішкі 
бетінде 
орналасқан 
хеморецепторларды тітіркендіру арқылы әсер етеді ( рефлекстік реттеу ) .
7 ) Қан жасушалары ( пішінді элементтер ) тін жасушаларымен 
креаторлық байланыста болады . Креаторлық байланыс жаңарған 
жасушалардың және жасушалардың табиғи құрылысы мен кейпінің 
сақталуын қамтамасыз етеді . Жаңа жасушалар құрылысы жағынан 
ескілеріне ұқсас болу үшін олардағы ақпараттардың маңызы өте зор .
8 ) Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып жасушалар мен 
тінаралық сұйықтықтың коллоидтық , осмостық тұрақтылығын 
сақтайды . Осмостық тұрақтылық бұзылса жасушалар ісіп небүрісіп 
қалады . PH тұрақтылығын сақтауда буферлік рөл атқарады . 
 9 ) Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады , ал суыған 
ағзаларды жылытады . Сөйтіп , дене қызуын бірқалыпта сактауға 
қатысады .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет