Құрамы Қан сарғылттау келген сұйық зат плазмадан және оның ішінде жүзіп


Қанның тамырлар арнасымен ағуын қамтамасыз ететін факторлар



Pdf көрінісі
бет19/27
Дата02.12.2023
өлшемі360,59 Kb.
#132067
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
2-рк физиология

 
24.Қанның тамырлар арнасымен ағуын қамтамасыз ететін факторлар.
1. Жүрек қызметі – қан қысымының градиентін тудыра отырып, қанды 
қантамырлар бойымен айдау. 2. Кеуде қуысындағы теріс қысымы. 3. 
Веналық қанды жүрекке қарай жылжытатын қаңқа бұлшықеттерінің 
қызметі. 4. Тыныс алу кезіндегі диафрагманың ішкі ағзаларға көрсететін 
қысымы. 5. Веналық қақпақшалардың болуы қанның кері ағуына кедергі 
жасайды. 6. Жүректің сору қызметі – жүректің диастола кезінде қысымы 
0 тең. 7. Тамырлар қабырғаларының созылғыштығы. 8. Қанағысына 
шеткері қан айналымының кедергісінің көлемі. 9. Қантамырлар 
қабырғасының бұлшықет қабатының белсенді жиырылуы. 
 
25.Қан тамырларының тонусын жүйкелік реттелуі.
Қан тамырларына жүйке әсерлері


Тамырлардың тонусына вегетативтік жүйке әсер етеді,Тамыр жүйкелері
тамыр түтігін тарылтатын – вазоконстриктор және кенейтетін – 
вазодилататор болып екіге бөлінеді.
 1851 жылы француз ғалымы Клод Бернар өте көрнекті тәжірибе жасап , 
симпатикалық 
жүйкенін 

вазоконстриктор 

қантамырларын 
тарылтатынын дәлелдеді . Ақ қоянның қүлақ тамырларындағы 
симпатикалық жүйкені мойын түсынан кесіп тастаса құлақтын 
кызарғанын және әр тамырдың кеңейгенін ешбір аспапсыз жай көзбен де 
көруге болады . Құлақтың қантамырлары кеңейіп , қанға толып ысиды , 
қызуы көтеріледі . Кесілген жүйкенің шеткі құлаққа баратын үшын 
тітіркендірсе , керісінше , құлақ тамырлары тарылады да , күлақ сұрғылт 
тартып , қызуы төмендейді . Бұл тәжірибе симпатикалық жүйкенің 
қантамырларын тарылтатынын , олардың тонусын жоғарылататын 
көрсетеді . Сонымен қүрсақ ағзаларының қантамыр ларының тарылуы мен 
кеңеюі симпатикалық жүйкелер серпінісінің жиілігіне тікелей байланысты 
екені анықталды . Мұнымен қатар тамырлардың тарылуы мен кеңеюі сол 
жүйкелердін үшынан бөлініп шыкқан медиаторлардың және оларды 
қабылдайтын тамыр қабырғасындағы ет талшықтары рецепторларының 
түріне байланысты болады . Симпатикалық ганглийден кейінгі жүйкенің 
үшынан медиатор - норадреналин не адреналин бөлініп , ал ганглийге дейінгі 
ұшынан ацетилхолин шығатыны айтылған . Осыған орай симпатикалык 
адренергиялық жүйке тамырды тарылтса , холинергиялық симпатикалық 
жүйкелер оны кеңейтеді. Симпатикалық жүйкенің қантамырларына әсері , 
бір жағынан медиаторлардың түріне , олардың мөлшеріне , 
концентрациясына бай ланысты болса , екінші жағынан медиатормен 
әрекеттесіп қозатын адренорецепторлардың санына да байланысты . 
Қаңқа еттеріндегі кейбір тамырлардың симпатикалық ганглийден кейінгі 
жүйкелер ұшынан ацетилхолин бөлінеді . Ацетилхолин қан тамыры 
қабырғаларындағы салалы еттердің тонусын төмендетіп , түтігін 
кеңейтеді .
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет