Қою және сұйық ерітіндіні қатар қойып, олардың арасына мембрана салса, еріткіш (су) сұйық ерітіндіден қою ерітіндіге өте бастайды. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіні өткізе-тін күш осмостық қысьш деп аталады. Ол жарғақтың екі жағын-дағы (бетіндегі) ерітінділерде еріген электролиттер мен молекулалар санына, олардың арасындагы айырмашы-лыкка байланысты. Ерітіндінің осмостық концентрация-сы мен осмостық қысымының аз-кептігі еріген бөл-шектердің химиялық тегіне емес, жалпы санына байланыс-ты, еріген заттардың иондар саны неғұрлым кеп болса, оның осмостық қысьшы соғұрлым жоғары болады. Қанның ос-мостық кысымының 60%-і ас тұзы (NаСІ) иондарына байланыс-ты.
6.Онкотикалық қысым
Онкотикалық қысьм аз, бірақ оның қан-ткань арасындағы су алмасу цфоцестерін реттеуде зор мәні бар. Белоктардың гидрофилдік (су ұстап тұру) касиеті өте жоғары. Бұл қысым белгілі бір деңгейге жетісімен плазма сұй-ықтығының сыртқа шығуы тоқтайды да тканьдегі судың қан та-мырына етуі үдейді, сондықтан тамырдағы қанның көлемі плаз-малық белок мелшеріне байланысты. Сумен бірге ондағы еріген заттар мембраналар арқылы қанға, лимфаға немесе кері қарай тканьге өтеді, яғни тіршілікке өте қажет сіңіру, сыртқа шығару процестері қандағы белок деңгейіне де байланысты.