Құрамы және оның маңызы Топырақтың минералды бөлігінің құрамы Топырақтың гранулометриялық құрамы, жіктелуі, маңызы


Топырақтың гранулометриялық құрамы



бет2/2
Дата25.11.2023
өлшемі15,85 Kb.
#125895
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
№3 дәріс

2. Топырақтың гранулометриялық құрамы
Үгілу процестерінің әсерінен тығыз тау жыныстары әр түрлі диаметрлі бөлшектерден тұратын борпылдақ күйде немесе түйіртпекті бөлшектерге жиналып, әртүрлі формалы размерлі агрегаттар құрайды. Бұл бөлшектерді механикалық элементтер деп атайды. Топырақтың қатты бөлігін механикалық элементтерді Н.А.Качинский диаметрлерінің размерлеріне сай келесідей топтарға бөлген: Тас >3мм, Қиыршық тас 1-3мм, Құм 1-0,05мм, Шаң 0,05-0,001мм, Тозаң 0,001-0,0001мм, коллоид <0,0001мм. Осы механикалық элементтер пайда болу жолына байланысты минералды, органикалық және органо-минералды деп бөлінеді. Олар тау жыныстарының сынықтарынан, минералдардың бөлшектерінен, қарашірінді заттардан, органикалық және минералдық заттардың әрекеттесуінен пайда болған қосылыстардан құралады.
Топырақтың құрамындағы размерлерінің диаметрі 0,01 мм-ден үлкен механикалық элементтер физикалық құм, ал 0,01 мм-ден кішілері физикалық балшық деп аталады. Размерлері 1 мм-ден үлкен бөлшектер топырақтың қаңқасы (тас бөлігі), ал 1 мм-ден кіші бөлшектер майда топырақ бөлігі деп аталады. Топырақ құрамында механикалық элементтер топтарының мөлшері әр түрлі болады. Аналық тау жыныстары мен топырақтағы физикалық балшықпен құмның салыстырмалы мөлшері гранулометриялық құрамы деп аталады.
Топырақтың құрамындағы физикалық балшықтың мөлшері көбейген сайын оның гранулометриялық құрамы ауырлайды, ал керісінше болса топырақтың гранулометриялық құрамы жеңілдейді. Гранулометриялық құрамы құмды, құмайтты «жеңіл» топырақтардың су өткізгіштігі жоғары және тез жылынады. Бірақ олардың суды ұстап тұру қабілеті нашар, су сіңіру қасиеті жоғары, қоректік заттар мөлшері аз және эрозияға тез шалдығады. Гранулометриялық құрамы ауыр топырақтардың физикалық, физико-механикалық қасиеттері, су өткізгіштігі нашар, тығыздығы жоғары, жабысқақ, ауа және жылу құбылымдары қолайсыз болғанымен, гумус пен қоректік элементтерге бай. Бірақ мұндай топырақтарды өңдеу көп энергетикалық шығынды талап етеді.
Аналық тау жыныстарынан алынған топырақтың гранулометриялық құрамы өзгеріске көп ұшырамайтын төзімді көрсеткіш болып саналады.


Бақылау сұрақтары:
1. Топырақ құраушы минералдар, біріншілікті және екіншілікті минералдарға сипаттама.
2. Топырақтың гранулометриялық құрамы.
3. Механикалық элемент деген не және жіктелуі.
4. Физикалық құм мен физикалық балшықтың сипаттамасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет