Құрамы мен қадірменді қонақтар! 2 жүр: Қайырлы күн, білімі мен білігі ұштасқан студенттер!



бет1/2
Дата05.05.2023
өлшемі23,74 Kb.
#90336
түріСценарий
  1   2

Сценарий
(А. Имановтың 150 жылдық мерейтойына арналған тарихи-танымдық кеш)

1 жүр: Армысыздар, құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы мен қадірменді қонақтар!
2 жүр: Қайырлы күн, білімі мен білігі ұштасқан студенттер!
1 жүр: Бүгінгі тарихи - танымдық кешіміз - ұлт үшін жанын қиған дара тұлға, Торғай жеріндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы, сардарбегі, күллі қазақтың ХХ ғасыр басындағы хас батыры - Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
2 жүр: Олай болса, халық батырына арналған “Алаштың бас сардары - Амангелді” атты тарихи - танымдық кешімізге қош келдіңіздер!
1 жүр: Биылғы 2023 жыл еліміз үшін көптеген мерейтойлар мен атаулы күндерге толы болмақ. Атап айтсақ: Сопылық бағыттың негізін салушы, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл;
2 жүр: Қарапайым құлдан, мемлекет билеушісіне дейін көтерілген мәмлүктік Египет сұлтаны Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл;
1 жүр:Ұлы жүздің биі Төле бидің туғанына 360 жыл;
2 жүр: Бұқар жырауға 330 жыл;
1 жүр: Қазақ батыры Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл;
2 жүр: Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл;
1 жүр: Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевқа 130 жыл;
2 жүр: Әйгілі партизан Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл;
1 жүр: Торғай ақыны, жазушы Ғафу Қайырбековтың туғанына 95 жыл;
2 жүр: “Қазақ” газетінің алғашқы нөмірінің шыққанына 110 жыл және бүгінгі кешіміздің тірегі Амангелді Үдербайұлына 150 жыл толып отыр.
1 жүр: Иә, биылғы аталып өтілетін мерейтойлардың қатары бұнымен шектелмейді, айта берсек көп-ақ.
2 жүр: Олай болса алғашқы құттықтау сөз Тарих және өнер факультетінің деканы, философия ғыл. кан. Конкина Гүлбаршын Спанқызына беріледі.
1 жүр: Иманов Амангелді Үдербайұлы - 1873 жылы 3 сәуірде Торғай уезі Қайдауыл болысының үшінші ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Қазақ халқының батыры, ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі, әйгілі Кенесары Қасымұлының бас қолбасшысы Иман батырдың немересі.
2 жүр: Амангелді жастайынан ауыл молдасынан біліп алған, Тасыбай мен Ташмағамбет ишандардың медресесіне оқуға түскен. Он екі жасына дейін ауыл мектебінде, кейін төрт жыл медреседе оқыды, түрік, парсы, араб тілдерін үйренді. 1905-1907 ж өкіметке қарсы көтерілістерге қатысып, қудалауға ұшырап, Торғай даласының шалғайдағы ауылдарында жасырынуына тура келді. 1910 жылы Амангелдінің руы өмір сүрген Терісбұтақ ауылында оның бастамасы бойынша мектеп салынды.
1 жүр: Иә, Амангелді Үдербайұлы тек соғыстың, көтерілістің адамы ғана емес, кіндік қаны тамған туған жеріне ағартушылық жол салған қырынан да танып білуімізге болады.
(бір номер кетуі керек)

1 жүр: Батыр бабамыздың тарих сахнасына көрінуінің бірден бір себебі 1916 жылғы патша жарлығы болатын. Николай ІІ патшаның 25 маусымдағы жарлығы бойынша Түркістан және Сібірдің оңтүстік аймақтарынан майдан даласының тыл жұмыстарына 19 бен 43 жас аралығындағы бұратана халықтарды қара жұмысқа тарту болатын.
2 жүр: Дұрыс айтасың. Осы жайттарды бей-жәй қалдырмаған батыр бабамыз бірден ат үстіне қонып, ел тағдыры үшін сынға түскен еді. Осы жылдардан бастап қазақ даласында патша өкіметіне қарсы жаппай көтерілістер бұрқ ете қалды. Жетісу аймағында Т. Бокин, Ұ. Саурықов бастаған көтеріліс, Торғайда одан сайын өршіп, Амангелді, Әбдіғапар, Кейкі, Әліби сынды дарабоздардың батырлық тұлғасын жандандыра түскен еді.
1 жүр: Жалпы Амангелді батыр аталарынан бергі батыр болып келген бірегей тұлға. Оның атасы Иман батыр — Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі кезінде қол бастаған 3 баһадүрінің бірі болған. Әкесі Үдербай шаруа баққан момын кісі болған деседі. Иман атасынан дарыған батырлық өнеге Амангелдінің бойынан табылып, халқының батыр перзенті ретінде танылды.
2 жүр: Қанды көтеріліс жылдары Амангелді батырдың жасағы барған сайын ұлғая түсті. Бұл- Торғай жеріндегі көтерілістің арнайы ұйымдастырылған һәм стихиялық сипаттағы ұлт үшін күрестің бастауы еді.
1 жүр: Тарихи-ғылыми деректерге сүйенсек, сол кезеңде Амангелдінің жасағы 50 мың сарбазға дейін жеткен деген деректер кездеседі. Торғай қаласын 27 күн бойы қоршауда ұстап, Торғайды патша әскерлерінен тазартқан болатын.
2 жүр: Иә, алайда мұздай қаруланған патша өкіметі қарапайым көтерілісшілерді аяусыз басып, жаншыды. Жан-жақтан жазалаушы отрядтар жіберіп көтерілісшілердің еркін қимылдауына жол бермеді.
1 жүр: Осы уақыттарда Амангелді батырмен бірге көрінген, оның сенімді серігі әрі батыр Кейкі Көкембайұлы болды. Ол құралайды көзге атқан мерген болған кісі еді. Сондықтан халық арасында: «Амангелді көз мерген, Кейкі қол мерген» деген сөз кеңінен таралып кетті.
2 жүр: Батыр тұлғасы әрдайым ел жадында болатыны белгілі. Тәуелсіз ел болғалы осындай елдің қаймақтары болған ұлт көсемдерін, саналы ұрпақ ретінде дәріптеп, қастерлеп келеміз.
1 жүр: ҚР-ның тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына сәйкес біз- тарихымызды түгендеп, ел мүддесі үшін қолдануымыз керек. Тәуелсіз ел болғалы осындай тұлғаларымызды дәріптеп, оларды лайықты құрметпен тарих сахнасына паш етіп келеміз. Бұл- болашақ ұрпақтар үшін рухани өнеге болары сөзсіз.
2 жүр: Расыменде, бүгінгі тарихи танымдық кешіміздің тірегі болып отырған Амангелді Үдербайұлы Иманов та қазақ халқының біртуар асыл перзенті. Оның даңғыл жолы тек бостандық үшін ғана болып қойған жоқ, сондай-ақ, қазақ кино индустриясына да айтарлықтай үлесін қосты.
1 жүр: Дұрыс айтасың. Мысалы, қазақ киносының тарихында ең алғаш түсірілген дыбыстық фильм — Мойсей Левиннің «Амангелді» атты кино картинасы еді. Фильм 1938 жылы жарық көрген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет