2 жүр: Ғ. Мүсірепов пен Б. Майлин сценарийін жазған бұл туынды қазақ киносының саласында көш бастап тұр.
1 жүр: Қазіргі таңда Амангелді Имановтың есімімен аталатын нысандар да аз емес. Еліміздің ірі мегаполисті қалаларында Амангелді есімімен аталатын ірі көшелер мен мектептер, әртүрлі табиғи нысандар кездеседі.
2 жүр: Сондай-ақ, Қостанай облысының аймағында да Амангелді Имановтың атына берілген әкімшілік аймақ бар. Сол Амангелді ауданының орталығында батырға арналған тарихи-мемориалдық мұражай да бар. Ол 1969 жылы ашылған. Батыр туралы көптеген құнды мәліметтер де сол мұражайдың ішінен орын алған.
1 жүр: Міне, халқының біртуар батыр азаматы елі үшін қанша қан төксе де оның тарихи шындығы әлі толығымен ашыла қойған жоқ.
2 жүр: Осымен, біздің бүгінгі Амангелді Үдербайұлына арналған «Алаштың бас сардары- Амангелді» атты тарихи танымдық кешіміздің соңына да келіп жеттік. Батырдың 150 жылдық мерейтойы өзіне тән құрметпен, абыроймен атап өтілсе деген тілегіміз бар.
1 жүр: Иә, сонда ғана ұрпақтық парызымызды атқарып, бабалар рухынан тәлім алып, рухани байи түсеріміз хақ.
2 жүр: Көңіл бөліп келгендеріңізге шын жүректен алғыс білдіреміз. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!!!