Химиялық (классикалық) талдау әдісі химиялық реакцияларға негізделіп жүргізіледі. Химиялық реакциялардың нәтижесінде пайда болған аналитикалық сигналды көзбен шолып байқайды (тұнба түзілу, ерітінді түсінің өзгеруі, газ бөліну және т.б.)
Химиялық (классикалық) талдау әдісіхимиялық реакцияларға негізделіп жүргізіледі. Химиялық реакциялардың нәтижесінде пайда болған аналитикалық сигналды көзбен шолып байқайды (тұнба түзілу, ерітінді түсінің өзгеруі, газ бөліну және т.б.)
Инструментальдық (аспаптық) әдістер:
Физикалық әдістерде – талдау химиялық реакцияларсыз жүреді, бұл әдіс заттардың физикалық қасиеттеріне негізделген. Мысалы, спектрлі, рентгенструктуралық, масс-спектроскопия , ИК-спектроскопия және т.б.
Физика-химиялық әдістерде талдау химиялық немесе электрохимиялық реакциялардың көмегімен жүреді, бұл реакциялардың нәтижесінде жүйенің физикалық қасиеттері өзгереді. Осы өзгерістерді әр түрлі аспаптардың көмегімен анықтайды. Физика-химиялық әдістерге потенциометрия, кондуктометрия, фотометрия, амперметрия, полярография, хроматография, кулонометрия және т.б. әдістер жатады.
Биологиялық әдістер әлі көп қолданылмайды, бірақ бұл әдістер дәрі-дәрмектерді, дәрі-дәрмек шикізаттарын талдау үшін, атап айтқанда, дәрі-дәрмектің әр түрлі препараттарының биологиялық активтілігін анықтау үшін қолданылады.
“Құрғақ” түрінде талдауды қатты заттармен жүргізеді. Ол көбінесе тек алғашқы мәлімет алуға ғана қолданылады. Бұл тәсілдің екі түрі бар: біріншісі – пиротехникалық жолмен зерттеу. Бұл кезде зерттелетін затты жанарғы отында қыздырады. Оған от жалынының түссіз бөлігінің боялуы жатады. Мысалы, натрий тұздары жалынның түссіз бөлігін сары түске, барий тұздары – жасыл түске, калий тұздары – сия-көк түске бояйды.

Екінші түрі –ұнтақтау әдісі. Бұл әдісті 1898ж. Ф.М. Флавинский ұсынған. Зерттелетін затты анықтаушы реагентпен бірге келіге салып ұнтақтайды. Реакция нәтижесінде түсті қосылыс береді, соның түсіне байланысты қорытынды жасайды.