Құрамы мен олардың химиялық құрылымын анықтау әдістері және принциптері туралы ғылым



бет1/6
Дата15.02.2023
өлшемі1,26 Mb.
#68152
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 1

I. Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Аналитикалық химия пәні. Сапалық талдау әдістері.

Аналитикалық химия затты талдау әдістері, заттардың химиялық құрамы мен олардың химиялық құрылымын анықтау әдістері және принциптері туралы ғылым.

  • Аналитикалық химия – затты талдау әдістері, заттардың химиялық құрамы мен олардың химиялық құрылымын анықтау әдістері және принциптері туралы ғылым.
  • Халық шаруашылығының көптеген саласында қолданылатын химиялық әдістің көптеген түрлері аналитикалық химияға негізделген. Сонымен қатар, өндірістің түрлі саласында да шикізаттың және өнімнің сапасын анықтайтын арнайы аналитикалық бақылау қызмет орындары бар.

Талдау түрлері

Талданатын объектілер

Техникалық талдау

Рудалар, металдар, техникалық шикізаттар

Ауылшаруашылық талдау

Жер қыртыстары, тыңайтқыштар, жем-
шөп, су, ауа, т.б.

Тағамдық талдау

Азық - түлік

Биохимиялық талдау

Қан, зәр

Санитарлы – химиялық талдау

Ауа, су, жер қыртыстары, ортаның ластанған объектілері

Токсикологиялық (залалды заттар-
улы заттарды) талдау

Өсімдік және жануарлар объектілері (олардың құрамындағы улы заттар)

Сот – химиялық талдау

Бөліну, адамдар мүшесі (улар)

Фармацевтикалық талдау

Дәрі-дәрмектік шикізаттар, препараттар

Химиялық талдауды орындау үшін қосылыстың немесе оны құрайтын бөлшектердің ерекше көзге түсетін химиялық немесе физикалық қасиеттері болуы тиіс, оны аналитикалық қасиеттер деп атайды. Қосылыстың аналитикалық қасиеттері (қиын еритін қосылыстар тұнбасының түзілуі, газдың бөлінуі, зерттеліп отырған ерітінді түсінің өзгеруі, жалын түсінің өзгеруі және т.б.) - оның сапасын және сандық үлесін анықтауға мүмкіндік береді, ал осы қасиеттерді көрсететін реакциялар – аналитикалық реакциялар деп аталады. Кез келген ионның аналитикалық қасиетін көрсететін химиялық реактивті реагент деп атайды. Реагенттің әсерінен белгілі бір аналитикалық сигнал пайда болады.

  • Химиялық талдауды орындау үшін қосылыстың немесе оны құрайтын бөлшектердің ерекше көзге түсетін химиялық немесе физикалық қасиеттері болуы тиіс, оны аналитикалық қасиеттер деп атайды. Қосылыстың аналитикалық қасиеттері (қиын еритін қосылыстар тұнбасының түзілуі, газдың бөлінуі, зерттеліп отырған ерітінді түсінің өзгеруі, жалын түсінің өзгеруі және т.б.) - оның сапасын және сандық үлесін анықтауға мүмкіндік береді, ал осы қасиеттерді көрсететін реакциялар – аналитикалық реакциялар деп аталады. Кез келген ионның аналитикалық қасиетін көрсететін химиялық реактивті реагент деп атайды. Реагенттің әсерінен белгілі бір аналитикалық сигнал пайда болады.
  • Аналитикалық сингал дегеніміз тұнбаның, түсті қосылыстардың түзілуі, газдың бөлінуі, жалынды өзіне тән түске бояуы және т.б. Аналитикалық сигнал - қосылыстардың сапалық және сандық құрамы туралы мәлімет береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет