Интернет-қатынасындағы орфография бұрмалануының ең соңғы формасы «албан тілі», яғни «креатифф», «эрративті тіл», «аффтар тілі», «падонкаф тілі», «превед тілі», «неограф тілі», «ОРФО-арт тілі» деп аталып жүр. Және олар желілік сленгтің ерекше түрін, яғни лексика қабатында өзінің «екінші рет өмірін» тапқан ерекшелікті танытады. Пайдаланылған әрбір сөз бен сөйленістер эрратив деп танылады (лат тілінін алғанда errare – қателесу, яғни әдеби тіл нормасымен сөйлейтін адамдар тіліндегі әдейі бұрмалану, қате сөйлеуге шалдыққан сөздер мен сөйленімдер). Тілдегі барлық эрративтерді бірінші және екінші деңгейдегі эрративтер деп бөлуге болады. Бірінші деңгейдегі эрративтерге ауызша сөйлеу формасын қалыптастыра отырып, жазба норманы бұрмалау жатады. Екінші деңгейдегі эрративтер бірінші эрративте қолданылатын сөз, сөйленімдердің гипербұрмаланған, қиын айтылатын түрін ұсынады. Мысалы, «кросавчег» нормаланған «красавчик» үлгісіне мүлдем сай келе алмайды. Осыдан барып, «красафчек» деген эрратив пайда болады. Осындай эрративтер өз ішінде одан әрі әркімнің айтылу ыңғайына қарай бұрмалана берсе, яғни жалпыазамзатқа, білімді, сауаты бар тұлғаларға мүлде түсініксіз сөйленіс түрі қалыптасса, ондай жазу түрін «падонки» деп атайды, бұл жазба түрі «креатиффтер» қатарына енеді. «Креатиффтерді» жиі қолдану тек екі интернет желі байланысындағы сөйлесуші арасында ғана емес, бүкіл байланыс кеңістігіне де тарап, «падонковтық субмәдениет» қалыптастыруы ықтимал. Электронды коммуникация қатынасының тағы бір ерекше белгісі – компьютерлік сленгтердің барынша көп болуы. Сондай-ақ компьютер желідегі жазбаша тілдің мөлшерін қарауға мүмкіндік бермейді, себебі, жазбаша тіл компьютерлік заңға сәйкес қатаң нормаланған, реттелген жүйеге салынып отырады. Сөйтіп ауызша тілден ерекшеленеді. Қазіргі таңда Интернеттегі сленгке арналған түрлі сөздіктер бар. Дегенмен, шынайы өмірде компьютерлік сленг пен қарапайым қатынас арасындағы айырмашылықты табу қиын болып отыр. Себебі Интернетпен байланысу адам өміріне әбден сіңіп кеткен. Сондықтан жастар интернетпен сөйлескенде ондай сленгтік тілсіз сөйлесу нормасын тіпті көз адына елестеде де алмайды. Интернеттік тіл сленгтік тіл деген түсінік терең қалыптасып кеткен. Сленгтен тыс интернет сөйлесуінде тіпті анайы, дөрекі (боқауыз) сөздер мен анайы афоризмдер де жиі қолданылады. Экспериментальді анткеталық зерттеу жүргізгенде интернет байланысында отыратындардың 22 пайызы мүлде мұндай анайы сөздерді қолданбайды екен, ал 24 пайызы үнемі сондай сөздерді келтіріп отырады, бірақ тура формасында емес, кейбір әріптерін басқа символдық белгілермен өзгертіп, сөз мағысын беруге тырысады екен