Тромбоциттер (қан пластинкалары), мөлшері 180-320х109/л (103мкл)
Қызметтері: 1.Ангиотрофикалық (қан тамырларды қоректендіру);
2.Адгезивті агрегациялық (Жабысып үйінді құру);
3.Ангиотензивтік (серотонин бөліп, қан тамырларды тарылту);
4.Креаторлық (қанның, қантамырлардың табиғи құрылысын сақтауға);
5.Қанның ұюына қатысу (тромбоциттік факторлар, ұйытуға қарсы заттар, адреналин, лизоцим, АТФ, АДФ)
Тамырлық-тромбоциттік гемостаз 1.Тамырлардың рефлекстік тарылуы.
2.Тромбоциттердің жарақаттанған жерге жабысуы (адгезиясы).
3.Тромбоциттердің қайтымды агрегациясы.
4.Тромбоциттердің тұрақты агрегациясы.
5.Тромбоциттік тромбтың нығыздалуы (ретракциясы).
Гемостазтуралытүсінік.Қанныңұюыжәнеоныңкезеңдері.
Қанның ұюы (гемостаз) – қан сұйық күйден қоймалжың күйге, одан ұйынды – тромбқа айналатын биологиялық және биохимиялық күрделі үрдіс.
Тромб тамырды тығындап, қан кетуді тоқтатады.
Қанның ұюына 15 плазмалық және
11 тромбоциттік факторлар қатысады.
Қанның ұю кезеңдері: 1.Алғашқы кезеңі (тамырлық-тромбоциттік гемостаз)
2.Коагуляциялық гемостаз.
3.Соңғы кезеңі (ретракция, фибринолиз)
Қан ұюының соңғы кезеңі (ретракция, фибринолиз) – пайда болған тромб қатайып тағыздалады, қантамыр жарақатын бітеп, сыртқа қан кетуін тоқтатады. Тығыз тромбпен бітелген қантамыр саңылауы тарылады. Тарылған қантамыр саңылауын қайта қалпына келтіру үшін келесі фибринолиз (фибриннің пептидтер мен амин қышқылдарына ыдырауы) кезеңі – басталады. Ол еріткіш ферменттердің қатысымен жүреді. Плазминогеннің белсендірушілері: урокиназа, трипсин, калликреин-кинин жүйесі, сілтілік және қышқылдық фосфатаза.