Ішінара бақылау Ішінара бақылау туралы ұғым
Ішінара жиынтықты қалыптастыру әдістері
Ішінара бақылау қателері
Жоспар:
Ішінара бақылау деп жиынтықтың белгілі бір бөлігін зерттеуді айтады. Ішінара бақылау – жартылай бақылаудың бір түрі. Ішінара бақылау жүргізгенде зерттелетін жиынтықтың азғантай ғана бөлігі (әдетте 5 –10%-ға дейін) бақыланады. Мұндай бақылаудың нәтижелері бойынша негізгі жиынтыққа сипаттама беріледі.
Ішінара бақылау теориясының қалыптасуына, дамуына орыс математиктері П.Л.Чебышев, А.М.Ляпунов, А.А.Марковтың, сол сияқты швейцар математигі Я.Бернуллидің қосқан үлесі ерекше. Қазіргі кезде ішінара бақылау тәжірибе жүзінде кеңінен қолданылады. Мысалы, шығарылған өнімнің сапасын тексеру, үй шаруашылығының бюджетін зерттеу, белгілі бір тауар түріне халықтың сұранысын анықтау үшін ішінара бақылау жүргізіледі.
Қоғамымызда болып жатқан құбылыстар мен процестерді статистикалық зерттеуде тексерілуге алынатын жиынтық бірліктері қамту дәрежесіне қарай 2 түрге бөлінеді:
жаппай
зерттеуге алынатын жиынтық бірліктерін толығымен қамтуын айтады (мысалы, халық санағы).
жартылай бақылау
мұнда зерттелетін жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөлігі ғана алынады ал одан шыққан қорытынды көрсеткіштерді барлық жиынтыққа таратады.
Ішінара бақылау жартылай бақылаудың маңызды түрі болып саналады. Бұл бақылау жаппай бақылау жүргізуге мүмкін болмаған жағдайда және экономикалық тиімсіз болған жағдайда қолданылады.
Ішінара бақылау жартылай бақылаудың маңызды түрі болып саналады. Бұл бақылау жаппай бақылау жүргізуге мүмкін болмаған жағдайда және экономикалық тиімсіз болған жағдайда қолданылады.
Ішінара бақылау кезінде жалпы жиынтықтан бір бөлік жиынтық іріктеліп алынады және оны тексеру нәтижесі барлық жиынтыққа таратылады.
Ішінара бақылауды жүргізген кезде мынадай негізгі сипаттамалар мен белгілер қолданылады:
Егер ішінара бақылауға алынған бірліктердің сандық көлемі неғұрлым көп болса, онда одан шыққан көрсеткіштер жүйесі соғұрлым жалпы жиынтық көрсеткіштеріне жақын болады немесе оны мынадай түрде жазуға болады:
Егер бір рет бақылауға алынған бірлік негізгі жиынтыққа қайтадан түсетін болса, ондай бақылауды қайталанатын бақылау дейді. Мұндай жағдайда негізгі жиынтықтағы бірліктер саны тұрақты болады, сондықтан жиынтықтағы барлық бірліктер үшін іріктеуге түсу ықтималдылығы да іріктеу барысында өзгермейді. Қайталанатын бақылауға мысал ретінде маркетинг саласындағы әр түрлі зерттеулерді келтіруге болады. Мысалы белгілі бір дүкендегі тауар сұранысын зерттеу барысында бір сатып алушы бақылауға бірнеше рет қатысуы мүмкін.
Ал іріктеп алынған бірлік негізгі жиынтыққа қайта түспейтін бақылауды қайталанбайтын бақылау дейді. Мұндай бақылауды негізгі жиынтықтың көлемі белгілі болған жағдайда жүргізген орынды. Бақылаудың осы екі түрінің нәтижесін салыстыратын болсақ, әдетте қайталанбайтын бақылау дәлдігі жоғарырақ болады.
Студенттің оқу үлгерімі
Баға
Студенттер саны, адам
Негізгі жиынтық
Бірінші
іріктеу
Екінші
іріктеу
2 (қанағаттанарлықсыз)
100
8
7
3 (қанағаттанарлық)
300
30
32
4 (жақсы)
400
43
34
5 (өте жақсы)
200
19
27
Барлығы
1000
100
100
Осы мәліметтер бойынша бақылаудың репрезентативті қатесін анықтау керек.
Осы мәліметтер бойынша бақылаудың репрезентативті қатесін анықтау керек.
Шешуі: Бұл мысалда әр іріктеудің көлемі негізгі жиынтықтың 10 пайызын құрайды (n = 0.1*1000 = 100). Кесте мәліметтері бойынша студенттердің оқу үлгерімінің орташа шамасын салмақталған арифметикалық орташа формуласы бойынша есептейміз:
Келтірілген мысалдан бақылауға алынған белгінің орташа шамасы мен белгі үлесі кездейсоқ шамалар екенін, яғни бақылауға қандай бірліктер алынғанына байланысты олардың кез-келген мәнді қабылдайтынын байқауға болады. Сондықтан бақылау қатесін де кездейсоқ шама деуге болады. Ішінара бақылау қатесінің мӛлшеріне мынадай факторлар әсер етеді:
зерттелетін белгінің негізгі жиынтықта қалай ӛзгеретіндігі (жиынтық неғұрлым біртекті болса, ішінара бақылау қатесі соғұрлым аз болады);
ішінара жиынтық кӛлемі (бақылауға алынған бірліктер саны неғұрлым кӛп болса, бақылау қатесі соғұрлым аз болады, себебі мұндай іріктеу негізгі жиынтықты дәлірек сипаттайды);
ішінара жиынтыққа бірліктер қандай тәсілмен іріктеліп алынғаны.
Бекіту сұрақтары:
Ішінара бақылаудың қандай артықшылықтары бар?
Ішінара бақылауда репрезентативті қатенің болуына не әсер етеді?