Құрамы Р/с № Көрсеткіштердің атауы Сомасы, мың тенге 1



бет5/17
Дата16.05.2023
өлшемі169,25 Kb.
#93576
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Есеп 7.2. Төмендегі кассадағы және ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты есебі бойынша берілген мәліметтерге бухгалтерлік жазу беріңіз (7.3-кесте).

Кесте 7.3


20 ж. наурыз айындағы шаруашылық операциялар

Р/с


Шаруашылық операциялардың мазмұны

Сомасы, тенге

Шоттар
корреспонденциясы

Дт

Кт

1.

«Санал» ЖШС-нен дебиторлық
берешек сомасы шотқа қабыл- данды.

1500000







2.

Жеке тұлғалардың табыс салығы
сомасы бюджетке аударылды

67400







3.

Алынбаған еңбек ақы сомалары кассадан банктегі шотқа қайта-
рылды

34850







4.

Сатып алушылардың төлемі кас-
саға нақты ақшамен қабылданды

550000







5.

Шетелдік фирмаға алынған
тауарлар үшін ақша аударылды

500000







6.

Іссапар шығындары үшін кассадан
аванс берілді

10000







7.

Түгендеу кезінде анықталған
жетіспеушілік сомасын қоймашы кассаға төледі

56028







8.

Жинақтаушы зейнетақы қорына
төлем аударылды

26000







9.

Аванс есебіне сәйкес ісссапар
бойынша артық шығын сомасы кассадан берілді

126000







Тапсырма:



  1. Берілген шаруашылық операцияларға шоттар корреспонден- циясын қойындар;

  2. Өзгеріс типін анықтаңдар.



Есеп 7.3. Тапсырма:

    1. Төмендегі шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп бойынша көрсету үшін шоттардың корреспонденциясын жазыңыз (7.4-кесте):

Кесте 7.4
Шаруашылық операциялардың мазмұны

Р/с


Шаруашылық операциялардың мазмұны

Сома,
тенге

1.

Өзге ұйымдарға берілген займдардың қайтарылуы
есебінен кассаға ақша түсті

25000

2.

Кассадағы валюталық қаржы қалдығын қайта бағалау кезінде бағамдық айырманың есебінен алынған пайда
анықталды

450

3.

Кассадан қызметкерге жалақы есебінен аванс берілді

5000

4.

Сатып алушыдан сатылған өнім үшін ағымдағы банктік
шотқа ақша қаражаты келіп түсті

124
000

5.

Сатудан түскен түсімнің есебінен банктегі шотты
толықтыруға кассадан ақша келіп түсті

100
000

6.

Кассадағы валюталық қаржы қалдығын қайта бағалау кезінде бағамдық айырманың есебінен алынған залал
анықталды

270

7.

Операциялық жалдау бойынша банктегі ағымдағы
шоттан жалдау ақысы төленді

45 000

8.

Кассадан қызметкерлерге есеп берілетін ақша берілді

16000

9.

Есеп берілетін соманың пайдаланылмаған қалдығы
кассаға қайтарылды

275

10.

Кассаға құрылтайшыдан жарғылық капиталдың салымы
есебінен ұлттық валюта түрінде ақша келіп түсті

50 000

11.

Кассадан қызметкерге қысқа мерзімді займ пайыссыз
берілді

150
000



Есеп 7.4. Банктік қызмет көрсету туралы келісімшартта, банктегі ағымдағы шоттағы ақша қаражатының одан әрі азайтылмайтын қалдық сомасының ең төменгі мөлшері 70 000 теңге деп көрсетілген. Банктен алынған клиенттің жеке шотының есебі бойынша, есепті кезең соңында ағымдағы банк шотындағы ақша қаражатының қалдығы 1 250 000 теңге құрады.
Тапсырма:
Есепті кезең соңында бұл қалдықты бухгалтерлік баланста қалай көрсетуге болады? (шоттардың нөмірлерін, олардың аттарын және есепті кезең соңындағы сальдоның сомасын көрсетіңіз).
Есеп 8.1. «Амир и К» ЖШС-нің қызметкері Аралбаев Дастан Алматы қаласына 3 күндік мерзімге қызметтік іс-сапарға барды. Фирманың есеп саясатына сәйкес тәуліктік шығындар нормасы 6 АЕК (айлық есептік көрсеткіш көлемі 01.01.2015 ж. бастап – 1982 тг).
Ұсынылған жол жүру құжаттарына сәйкес бару және кері қайтуға кеткен жол жүру шығындары-22000 теңге,екі тәулікке қонақ үй шоты бойынша шығын-16500 теңге (тәулік ақысы – 8250 теңге).
Табу керек:

  1. Қызметкердің іс-сапар бойынша есеп беретін сомасын.

  2. «Аванстық есебін» толтырыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет