Құрамы Сүт сусындары Сүтті стерильдеу Сүтті пастерлеу Сүттің майлылығы мен тығыздығы



бет5/5
Дата23.11.2022
өлшемі56,08 Kb.
#51981
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сүт өнімдерінің технологиясы

Қорытынды
Жалпы сүт дегеніміз барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. Сүт өнімдері - сүттен дайындалатын әртүрлі тағамдар. Сүттен әртүрлі тағамдық өнімдер дайындалған кезде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Қазіргі кезде мұнымен қатар сүт консервілерін, ашытылған сүт өнімдерін өндіру кеңінен дамып келеді. Сүттің | майлылығы оның негізгі сапа көрсеткіші болады. Әртүрлі мал сүттерінің майлылығы (% есебімен) мынадай: сиыр сүті — 3,9, ешкі — 4,3, қой — 7,2, шошқа — 5,9, түйе — 5,0. Сүт құрамына кiретiн барлық заттектердiң жалпы үйлесiмдiлiгi антисклеротикалық қасиетiмен сипатталған. Олар қан сарысуындағы холестериннiң деңгейiн қалыптандыруға әсер етедi.Сонымен сүт және сүт өнiмдерi тағамдық, биологиялық құндылығы жоғары және емдәмдiк маңызы зор өнiмдерге жатады. Сүттің майлылығы - сүттің сапасын сипаттайтын, өнімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі. Мал тұқымын асылдаңдыруда оған үлкен мән беріледі. Сүттің майлылығын айына бір рет арнайы құрал-жабдықтармен анықтайды. Сүттің майлылығы сауын малдың түріне (сиыр, бие, қой, түйе т. б.), тұқымына, сауын маусымына, жеген жемшөп құрамына байланысты. Мал тұқымын асылдаңдыру жұмыстары арқылы сүттің майлылығын арттыруға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011.
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
4. kk.wikipedia.org
5. mylektsii.ru
6. infourok.ru

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет