Құрамына қойылатын талаптар. Құжаттардың жеке деректемелерін ресімдеу ережесі. Деректемелердің орналасу схемасы



бет7/8
Дата20.04.2022
өлшемі59,65 Kb.
#31670
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аменова. 2-ші тапсырмаТасымалдау процесі

Құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын қандай нормативтік құжат реттейді?
Мемлекеттік ұйымдардың нормативтік және құқықтық актілерін дайындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Құжаттар мемлекеттік тілде дайындалады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңында көзделген жағдайда басқа тілдер де қолданылады.

Мемлекеттік тілдегі өкімдік құжаттың және орыс тілінде немесе өзге тілде жасалатын тең түпнұсқалы өкімдік құжаттың әрқайсысы жеке бланкілерде (жеке парақтарда) басылып шығарылады және бірыңғай деректемелермен ресімделеді

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құжаттарды А4 (210х297 мм), А5 (148х210 мм) форматтағы қағаздық стандартты парақтарында дайындай алады. Құжаттарды қағаздың парақтарында жасау кезінде:

1) құжатты шығарған ұйымның ресми атауы;

2) хаттардан басқа құжат түрінің атауы;

3) құжаттың күні;

4) құжаттың тіркеу нөмірі;

5) құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, қолы және қолының толық жазылуы;

6) мөр бедері көрсетіледі.

Құжаттардың бланкілері А4 немесе А5 форматты қағаздың стандартты парақтарында дайындалады. Бланкте және онсыз ресімделген құжаттың әрбір парағында кемінде:

сол жағынан - 20 мм;

оң жағынан - 10 мм;

жоғарғы жағынан - 10 мм;

төменгі жағынан - 10 мм жиек болуы тиіс.

Екі жақты басып шығару немесе көшіру кезінде құжат парағының сыртқы жағында тиісінше мөлшері кемінде:

сол жағынан - 10 мм;

оң жағынан - 20 мм;

жоғарғы жағынан - 10 мм;

төменгі жағынан - 10 мм жиек болуы тиіс.

Бланкілердегі деректемелердің орналасуы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет