Құрамына тек бір элементтің атомдары ғана кіретін заттар. Күрделі заттар құрамына әртүрлі элементтер атомдары кіретін заттар


Атом - химиялық реакция кезінде бөлінбейтін элементтің ең кішкене бөлшегі, бірақ сол элементтің химиялық қасиеттерін көрсетеді. Квант сандары



бет3/3
Дата08.12.2022
өлшемі26,88 Kb.
#56000
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ

5. Атом - химиялық реакция кезінде бөлінбейтін элементтің ең кішкене бөлшегі, бірақ сол элементтің химиялық қасиеттерін көрсетеді.
Квант сандары. Әр элеметтің атомы өзіне тән ядро зарядымен сипатталады, ал ол электрондар энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелерде орналасады. Бас квант саны n.
6. Радиоактивтілік– орнықсыз атом ядроларының басқа элементтер ядросына бөлшектер немесе гамма-кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену құбылысы.
Изотоптар— ядроларында протондар саны бірдей, бірақ массалары әртүрлі белгілі бір элементті құрайтын атомдар түрі.
Изобара — ядроларында протондар саны әртүрлі, бірақ массалары бірдей белгілі бір элементті құрайтын атомдар түрі.
Ядролық реакция – атом ядросының элементар бөлшектермен немесе басқа бір атом ядросымен әсерлесуі кезінде түрленуі. Әдетте ядролық реакцияға 4 бөлшек қатынасады: оның екеуі бастапқы бөлшек болып есептеледі де, ал қалған екеуі ядролық реакцияның нәтижесінде түзіледі.
7. Менделеевтің периодтық заңы , периодтық заң – атом ядросы зарядтарының артуына байланысты химиялық элементтер қасиеттерінің периодты өзгеретінін тұжырымдайтын табиғаттың негізгі заңы.
Бұл заңды 1869 жылы Д.И. Менделеев ашты. Ол оның толық тұжырымдамасын 1871 жылы жариялады. Менделеевтің 1869 жылы жасаған еңбегі элементтердің периодтық жүйесі – Менделеевтің периодтық заңының графиктік бейнесі. Бұл заң элементтердің периодтық жүйесімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып, түсіндіреді. Ядроның заряды (Z) жүйедегі элементтердің атом нөміріне тең. Z өсуі бойынша орналасқан элементтер Z (Н, Нe, Lі, Be…) 7 период түзеді.

  • 1-ші периодта – 2 элемент,

  • 2 мен 3-те – 8-ден,

  • 4 пен 5-те – 18-ден,

  • 6-да – 32 элемент,

  • 7-де – 23 элемент белгілі

8. Атом радиусы — молекулалар мен кристалдардағы атомаралық қашықтықты жуықтап анықтау үшін қолданылатын сипаттама.
Иондану энергиясы - бұл қозбаған күйдегі атомнан электронды жұлып алу үшін қажет етілетін энергия мөлшері.
электртерістілік - элементтің сыртқы электрон қабатын толықтыруға ұмтылысын сипаттайтын шаманы айтады. Заттардың формулаларын жазғанда электртерістілігі төмен элемент алдымен, ал электртерістілігі жоғары элемент соңынан жазылады. Химиялық байланыстың түзілуі мен оның қасиеттері әрекеттесуші элементтердің атомдарының құрылысына тәуелді болады. Электртерістілік период бойынша солдан оңға қарай, ал топ бойынша төменнен жоғары қарай артады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет