Сапониндер деп химиялық құрылысы жөнінен гликозидтерге жататын жоғары беттік белсенділік көрсететін және салқынқандыларға гемолитикалық және улы әсер ететін табиғи қосылыстардың үлкен тобын айтады.
Олардың сулы ерітінділері мен сығындыларын шайқағанда ұзақ сақталатын тұрақты көбік пайда болады оларды сапониндер (сапо-сабын)деп атауы да осы себептен. Сапониндер ерітілген (60-70%) этанол мен метанолда салқын жағдайда ериді, ал жоғары (80-90%) спирттерде қыздыру арқылы ериді. Органикалық еріткіштерде ерімейді.Барлық сапониндер химиялық тұрғыдан гликозиттер бола тұрып агликондардан және көмірсулы бөліктен тұрады.
Тамырсабақтары тамырларымен көктемде гүлдеу кезеңінде немесе күзде жинайды. Бөліктерге кесіп кептіреді. Шикізаты түрлі тамырсабақтары кесінділері мен 0,5-4мм-ге дейінгі ұзындықта бау тәрізді тамырларынан тұрады. Тамырсабақтары сыртынан бурыл түсті, ал сынығынан крем түстес. Дәмі ашқылтым , аздап күйдіргіш.
Мия тамырлары
Микропрепараттарды қарастырған кезде дөңгелек немесе дөңгелек көпбұрышты жасушалардан тұратын, көбінесе кальций оксалатының призмалық кристалдар топтары бар жұқа қабырғалы паренхиманың фрагменттері көрінуі керек; қабық пен ағаш талшықтарының топтары, әдетте кристалды жабыны бар; елеуіш түтіктері бар бас фрагменттері; саңылау тәрізді жиектелген тесіктері бар әртүрлі диаметрлі торлы тамырлардың фрагменттері немесе топтары, көбінесе сүйемелдеуімен шоқтар талшықтар (кең тамырлардың сегменттері әдетте қысқа, бөшке тәрізді); көпбұрышты жасушалардың бірнеше қабаттарынан тұратын тығын фрагменттері.
Бүйрек шәй жапырақтары
Шикізаты ретінде флештерін (өркендерінің жоғарғы ұшын) (Folia Orthosiphonis staminei) жаз бойы 5-6 рет жинайды. Жиналған флештерін көлеңкелі жерлерде солдыру және ферментациясы үшін жайып 1-1,5 тәулікке қалдырады. Кептірілген флештер сабағының жоғарғы ұшынан, екі жұп жапырақтан тұрады, жапырақтарының сыртын қалың түк басқан, ұзындықтары 2-5 см, ені 1,5-2 см. Сабағының жоғарғы ұшында бүрлері көрінеді, олар жапырақ қуыстарынан да көрініп тұрады. Дәмі аздап ащылау, бырыстырғыш, өзіне тән әлсіз иісі бар.
Женьшень тамырлары
Шикізаты жабайы және мәдени түрінен жиналған бүтін тамыр жүйелері (Radices Ginseng). Тамыр жүйесі келесідей бөліктерден тұрады: мойыны- сабақтарының кесілген іздері қалған қысқа тамырсабақтары; жоғары жағында басы кейде 2-3 қыстайтын бүршіктері бар. Тамырлары төмен жағынан 2 ірі негізгі өсіндіге бөлінеді, оларды аяқтары деп атайды, мойнынан 2-3 жанама тамырлары тарайды, оларды қолы деп атайды. Тамырлары сыртынан ұзына бойына әжімделген. Түсі сарғыш-ақ, сынығы түзу. Иісі ерекше, дәмі тәтті, күйдіргіш, біртіндеп ашқылтым.
Қорытынды:
Сапониндер – негізгі қолданылу көзі -ғылыми медицинада, емдік медицинада, халық медицинасында кеңінен қолданылады.Олардың көбік түзу қабілетіне байланысты жеңіл өнеркәсіпте сабын өндірісінде де қолданылады мысалы мия тамыры сыра, сусабын, алма және булдірген шырыны өндірісінде қолданылады.
Сапониндер бояу өндірісінде қолданылады. Жәнеде кейбір сапониндердің улы қасиеті байланысты балық аулауда да қолданылған
Сұрақтар:
Сапониндер дегеніміз не?
Сапониндер қай жағда йларда ериді?
Химиялық тұрғыдан қандай бөліктерден тұрады?
Құрылысына қарай жіктелуі?
Тритерпенді сапониндерге қандай өсімдіктер жатады?
Бүйрек шәй жапырақтарының шикізаты ретінде не алынады?