Құрамында сапониндер бар ДӨШ макро және микроскопиялық талдау



Дата19.04.2023
өлшемі66,87 Kb.
#84509
түріҚұрамы
Байланысты:
Презентация11

Құрамында сапониндер бар ДӨШ макро және микроскопиялық талдау


Орындаған: Айтхожаева А

Сапониндер

  • Сапониндер деп химиялық құрылысы жөнінен гликозидтерге жататын жоғары беттік белсенділік көрсететін және салқынқандыларға гемолитикалық және улы әсер ететін табиғи қосылыстардың үлкен тобын айтады.
  • Олардың сулы ерітінділері мен сығындыларын шайқағанда ұзақ сақталатын тұрақты көбік пайда болады оларды сапониндер (сапо-сабын)деп атауы да осы себептен. Сапониндер ерітілген (60-70%) этанол мен метанолда салқын жағдайда ериді, ал жоғары (80-90%) спирттерде қыздыру арқылы ериді. Органикалық еріткіштерде ерімейді.Барлық сапониндер химиялық тұрғыдан гликозиттер бола тұрып агликондардан және көмірсулы бөліктен тұрады.

Құрылысына қарай жіктелуі


Стероидты сапониндер
  • Диоскорея

  • тамырсабақтары
    тамырларымен

Тритерпенді
сапониндер
  • Мия тамырлары
  • Маньчжур аралия

  • тамырлары
  • Бүйрек шай

  • жапырақтары
  • Көкшегүл

  • тамырсабақтары
  • Қырықбуын шөбі

Тетрациклды тритерпендер

Диоскорея тамырсабақтары тамырларымен

  • Тамырсабақтары тамырларымен көктемде гүлдеу кезеңінде немесе күзде жинайды. Бөліктерге кесіп кептіреді. Шикізаты түрлі тамырсабақтары кесінділері мен 0,5-4мм-ге дейінгі ұзындықта бау тәрізді тамырларынан тұрады. Тамырсабақтары сыртынан бурыл түсті, ал сынығынан крем түстес. Дәмі ашқылтым , аздап күйдіргіш.

Мия тамырлары

  • Микропрепараттарды қарастырған кезде дөңгелек немесе дөңгелек көпбұрышты жасушалардан тұратын, көбінесе кальций оксалатының призмалық кристалдар топтары бар жұқа қабырғалы паренхиманың фрагменттері көрінуі керек; қабық пен ағаш талшықтарының топтары, әдетте кристалды жабыны бар; елеуіш түтіктері бар бас фрагменттері; саңылау тәрізді жиектелген тесіктері бар әртүрлі диаметрлі торлы тамырлардың фрагменттері немесе топтары, көбінесе сүйемелдеуімен шоқтар талшықтар (кең тамырлардың сегменттері әдетте қысқа, бөшке тәрізді); көпбұрышты жасушалардың бірнеше қабаттарынан тұратын тығын фрагменттері.

Бүйрек шәй жапырақтары

  • Шикізаты ретінде флештерін (өркендерінің жоғарғы ұшын) (Folia Orthosiphonis staminei) жаз бойы 5-6 рет жинайды. Жиналған флештерін көлеңкелі жерлерде солдыру және ферментациясы үшін жайып 1-1,5 тәулікке қалдырады. Кептірілген флештер сабағының жоғарғы ұшынан, екі жұп жапырақтан тұрады, жапырақтарының сыртын қалың түк басқан, ұзындықтары 2-5 см, ені 1,5-2 см. Сабағының жоғарғы ұшында бүрлері көрінеді, олар жапырақ қуыстарынан да көрініп тұрады. Дәмі аздап ащылау, бырыстырғыш, өзіне тән әлсіз иісі бар.

Женьшень тамырлары

  • Шикізаты жабайы және мәдени түрінен жиналған бүтін тамыр жүйелері (Radices Ginseng). Тамыр жүйесі келесідей бөліктерден тұрады: мойыны- сабақтарының кесілген іздері қалған қысқа тамырсабақтары; жоғары жағында басы кейде 2-3 қыстайтын бүршіктері бар. Тамырлары төмен жағынан 2 ірі негізгі өсіндіге бөлінеді, оларды аяқтары деп атайды, мойнынан 2-3 жанама тамырлары тарайды, оларды қолы деп атайды. Тамырлары сыртынан ұзына бойына әжімделген. Түсі сарғыш-ақ, сынығы түзу. Иісі ерекше, дәмі тәтті, күйдіргіш, біртіндеп ашқылтым.

Қорытынды:

  • Сапониндер – негізгі қолданылу көзі -ғылыми медицинада, емдік медицинада, халық медицинасында кеңінен қолданылады.Олардың көбік түзу қабілетіне байланысты жеңіл өнеркәсіпте сабын өндірісінде де қолданылады мысалы мия тамыры сыра, сусабын, алма және булдірген шырыны өндірісінде қолданылады.
  • Сапониндер бояу өндірісінде қолданылады. Жәнеде кейбір сапониндердің улы қасиеті байланысты балық аулауда да қолданылған

Сұрақтар:

  • Сапониндер дегеніміз не?
  • Сапониндер қай жағда йларда ериді?
  • Химиялық тұрғыдан қандай бөліктерден тұрады?
  • Құрылысына қарай жіктелуі?
  • Тритерпенді сапониндерге қандай өсімдіктер жатады?
  • Бүйрек шәй жапырақтарының шикізаты ретінде не алынады?
  • Женьшень тамырларының шикізаты?
  • Сапониндердің қолдануы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет