74
Г.К. Жексембаева, Б.Ж. Махамедова, А.А. Кустабаева
ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
Бұл мақалада Алматы облысында орналасқан Іле өзенінің экологиялық мəселелері
қарастырылды. Өзен суының салыстырмалы гидрохимиялық мерзімінің жəне су
құрамындағы негізгі иондары концентрациясының динамикалық өзгерістері туралы
мəліметтер келтірілді. Іле өзенінің қазіргі экологиялық жағдайы сипатталып, өзен суын
қорғаудың жəне оны кешенді пайдаланудың ұсыныстары жасалды. Сонымен қатар Іле
өзенінің экологиялық мəселелерін шешу жолдары қарастырылды.
Кілт сөздер: экология, қоршаған орта, су қорғау
G. Zhexembayeva, B. Makhamedova, A. Kustabaeva
ASSESSMENT OF THE ECOLOGICAL STATE OF ILE RIVER
This scientific article deals the problem of water resources of Ili river of Almaty region.
Comparative data hydrochemical regime and the dynamic changes in the concentration of major
ions. Revealed modern ecological condition of Ili river, recommendations had developed for the
protection and comprehensive utilization of water. The ways of solving environmental problems
of Ili river was given in the article.
Key words: ecology, environment, natural resources, analysis
ƏОЖ 599.735.2 (574)
Г. Жұмағалиева, Қ. Абаева
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРАҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ТАРАЛУ АЙМАҚТАРЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ
ҚОРҒАУ МЕН САНЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ШАРАЛАРЫ
Аңдатпа. Мақалада елімізде мекендейтін киіктер тұқымдасы газелдер туысының
өкілі болып табылатын қарақұйрықтың биологиясы, таралу аймақтары, оларды қорғау
жəне санын қалпына келтіру мəселелері мен бағдарламалары туралы сипаттама берілген.
Қарақұйрықты қорғау жəне санын қалпына келтіру мемлекеттік көлемдегі мəселе
болғандықтан, Үкімет тарапынан шығарылған бағдарламалар саны жетерлік.
Кілт сөздер: газельдер туысы, айна, ұсақтоптық құрылым, питомник.
Қарақұйрық – қазіргі кезде жер бетінде кездесетін киіктер тұқымдасына жататын
газельдер туысының жалғыз өкілі. Қазақстан аумағын мекендейтін қарақұйрықтың
түртармағы басқасынан тек дене тұрқымен ғана емес, мүйізінің ұзындығы жəне
салмағымен де ерекшеленеді.
Қарақұйрық дене тұрқы 95-115 см, шоқтығының биіктігі 60-75 см келген өте
сымбатты ашатұяқты аң. Текесінің салмағы – 22-33 келі. Сүйірлеу тұмсықты, басы
кішірек, қазмойынды. Текелерінде түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген,
75
ұзындығы 33-43 см қарақоңыр түсті мүйізі болса, ал ешкілерінде мүйіз болмайды, тек
кейбіреуінде ғана алғашында дұрыс формасыз, ұзындығы 3-7 см нəзік мүйіз шығады.
Денесінің үсті мен бүйірінің түсі құм түсті, бауыры ақ. Құйрығы қысқа əрі екі түсті:
жоғары жағы қара, төменгі жағы құм түстес. Құйрығының төңірегінде, яғни арт жағында,
ғылыми тұрғыда «айна» деп аталатын шағын көлемді ақ дағы болады. Үріккен
қарақұйрық, əдетте тік жоғары көтеріп, басын сəл артқа қарай шалқайтады да жорта
жөнеледі. Осы кезде сырттан қараған адамға құйрығының қара ұшы ақ түстің арасынан
ерекшеленіп көрінеді, сондықтан халық бұл аңды - қарақұйрық деп атаған [1].
1-сурет. Елімізде мекендейтін киіктер тұқымдасы газелдер туысына жататын
қарақұйрықтың сыртқы бейнесі.
Қарақұйрықтың шығу тегінің құмды аймақ екендігін кішкене келген қара түсті
үшкір, əрі сопақша тұяқтары білдіріп тұрады. Тұяқтары тебіндеуге келмейді. Сол себепті
олар қақаған суық қыста борпылдақ қалың қардың астындағы жемге жете алмай, қысы
жұмсақтау, құмды аймақтарға қоныс аударуға мəжбүр болады.
Қарақұйрық - ҚР Қызыл кітабына енгізілген аң. Үкіметтің қаулысы бойынша
қарақұйрық 1951 жылдан бері аулауға тыйым салынған. ХХ ғасырдың ортасына дейін
қарақұйрық еліміздің оңтүстік бөлігінде кеңінен мекендеген. Бұл кезде оның таралу
аймағы батыстағы Маңғыстау мен Үстірттен бастап, шығыстағы Зайсан шұңқырына дейін
созылды. Қарақұйрық Алакөл шұңқыры бойымен Тарбағатай тауының жоталарына шейін
көтерілген. Сондай-ақ, олар Зайсан шұңқырынан да кездесетін, 1940 жылдары осы
аймақта да олардың тұқымы жойылды.
1930-жылдардың ортасында жүргізілген санақ бойынша, республикада шамамен 200
мыңнан астам қарақұйрық болды. Оның 100 мыңдайы Маңғыстау мен Үстіртте тіркелген.
Бұл аймақтарға адам аяғы жетіп, жерін игере бастағанда күрт өзгеріске ұшырады.
Мəселен, күріш, мақта, бау-бақша егу жəне мұнай өндіру, теміржол, автокөлік жолдарын
салу. Оның үстіне суық қыс айлары мен өткен ғасырдың аяғындағы экономикалық
дағдарыстар халықты қасақылыққа алып келді. Соның салдарынан далада мекендейтін
жабайы жануарлардың саны едəуір азайды. Бұл жайт қарақұйрыққа да кері əсерін тигізді,
олардың мекендеу аймағына тарылып, Іле, Тауқұм, Қызылқұм, Үстіртті Маңғыстау
аймақтарына бөлініп кетті.
76
2-сурет. Киіктер тұқымдасы газелдер туысына жатқызылатын аңдар түрлері
Қарақұйрық мекендеу аймағында біркелкі тегіс таралмаған. Олар негізінен азығы
мол жерлерде, жазық тау бөктерінде, сулы жəне қорғаныштық қасиеті бар өңірлерде өмір
сүреді. Оның таралу аймақтарының көп бөлігі мезгілдік ауысыммен байланысты көшіп
жүретін жерлер: таралу аймағының солтүстік бөлігінде қар түсумен байланысты – күзгі-
қысқы (оңтүстікке) жəне сулы, жайылым жері мол – жазғы болып келеді. Жазғы көшулері
өсімдіктердің қурауына байланысты басқа жайылымды, суға жақын жерлерге ауысуымен
көрінеді [2].
Қарақұйрық дəнді дақылдар, барқын, қына, жыңғылдар мен бұтақтар сияқты əр
түрлі, шамамен өсімдіктердің 70 түрін қорек етеді. Осындай азықтық өсімдіктердің мол
жиынтығы – оның белгілі азығының жоқ екендігін көрсетеді. Нəтижесінде қарақұйрық
шөл далада өсетін барлық өсімдіктермен қоректене береді. Бұл қарақұйрықтың азықты
шөптері əдемі өскен шөл далаларда кеңінен жортуына жол береді.
Қарақұйрықтар тек тұщы суды ғана емес, сонымен қатар ащы суды да іше береді.
Олардың су ішу тəртібі азықтанған өсімдіктерінің ылғалдығына байланысты. Көктемде
жəне жаз мезгілінің бас кезінде олар көктемгі шырынды азықтармен қанағаттанғандықтан
суды сирек ішеді. Аптап ыстық түсе бастасымен, жануарлар сулы аймақтарға көше
бастайды.
Қарақұйрықтың бір ерекшелігі – мекен ету аймағында шағын топ құрып, өмір сүреді.
Қыс мезгілінде олар топтасып жүреді, ал көктем шығысымен табындары ыдырап кетеді.
Қарақұйрықтардың табын құрып өмір сүруі өте сирек – негізінен олар жалғыз жүреді, не
болмаса 2-5 бастан, 6-15 бастан (сирек кездеседі) құралған шағын топ болып өмір сүреді.
Қарақұйрық популяциясының ұсақтоптық құрылымы шөл дала ішіндегі арнайы табиғи
жағдайға қалыптасуын көрсетеді. Осындай құрылымда жануарлар қорегі аз шөл
өсімдіктерін толығымен пайдалана алады.
Қыс мезгілдерінде қарақұйрықтардың жас жəне ересек аталықтар мен аналықтардан
тұратын əртүрді табындары топтасып жүреді. Бұл олардың бірігіп қорек табуына,
жыртқыш жануарлардан жəне т.б. қорғануына мүмкіндік береді. Жазғы уақыттарда
77
қарақұйрықтар көбіне жалғыз жүреді, кейде 2-4 бастан құралған топтары сирек кездесіп
жатады. Жаздың соңы жəне күз мезгілінің бас кезінде де олар шағын топ болып өмір сүре
береді. Қаңтар айында, күйлеу аяқталғаннан кейін қарақұйрықтар біртіндеп бірігіп, үлкен
табын құра бастайды.
Қарақұйрық – көпүйірлі аң. Күйлеуі қараша-желтоқсан айларында жүреді, ешкі-
лерінің буаз болу мерзімі шамамен 5,5-6 айға созылады. Жыл сайын төлдейтін ересек еш-
кілері 3-4, ал жас аналықтары 1-2 төл береді. Төлдері тез жетіледі [3].
Басқа жабайы жануарлар сияқты қарақұйрықтардың да өлім-жітімі жиі кездеседі.
Табиғи жағдайлардан қарақұйрыққа аса қауіптісі – қалың қар мен көктайғақ мұз.
Қарақұйрықтың тұяқтары кішкене болғандықтан қалың қарда жүруі жəне оның астынан
азық іздеп табуы қиынға соғады. Сол себептен, қар қалыңдығы 10 см-ден жоғары болған
жағдайда ол оңтүстік аймақтарға қоныс аударады.
Қарақұйрықты қорғау жəне санын қалпына келтіру – бұл мемлекеттік көлемдегі
мəселе болып табылады. Қазақстанда сирек жəне құрып бара жатқан жануарлар
мəселесіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі жəне Ауыл шаруашылығы
министрлігінің Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитеті жануарлар əлемін қорғау
бойынша арнайы шаралар қолдануда. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитетінің “Охотзоопром” ӨБ”
республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнында 2003 жылдан бері сирек жəне құрып
бара жатқан жануарлар түрлері мен киіктерді мемлекеттік қорғау қызметі құрылып,
қызмет атқаруда. Қорғау шараларының нəтижесі бойынша Қазақстанда қарақұйрықтың
саны 2005 жылғы 12150 бастан 2009 жылы 17000 басқа дейін өсті.
Қарақұйрықтардың таралу аймақтарының көп бөлігінде экожүйелер аздап
бұзылғандықтан, алдағы уақытта оларды қалпына келтіру мүмкін болатын жағдай. Қазіргі
уақытта бұл тұяқтылардың сақталып қалған популяцияларын экологиялық бақылап отыру
қажет. Бұл ретте республикадағы сирек кездесетін жəне құрып бара жатқан жабайы
тұяқты жануарлар түрлері мен киіктерді қорғау жəне санын арттыру мəселесі
қарастырылған “Сирек кездесетін тұяқты жануарлар мен киіктерді қорғау жəне санын
арттыру бойынша 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама” (2005 жылғы 25 наурыздағы
№267) мен “Су ресурстары мен жануарлар əлемін сақтау мен тиімді пайдалану жəне 2010
жылға дейін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту жөніндегі бағдар-
ламаны” (2007 жылғы 8-қазандағы №914) бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметі қау-
лыларының маңызы зор. Аталған қаулыларға сəйкес Қазақстанда қарақұйрықтарды
тарихи таралу аймақтарына көшіру жұмыстары белсенді жүргізілуде, бұл мақсаттарды
“Алтын Емел” ұлттық бағы жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта реинтродукциялау үшін асыл тұқым алу көзделіп отырған “Алтын
Емел” ұлттық бағы аумағындағы қарақұйрық саны 2009 жылғы санақ бойынша 7078
басты құрайды. Басқа аймақтарға қоныстандыру үшін олардың біразын ұстау қарақұйрық
популяциясының жағдайына теріс əсер етпейді.
Қарақұйрықтың тобырлары өте сирек кездесетін Шарын ұлттық бағы мен
Жусандала республикалық мағыналы мемлекеттік қорық аймағына көшіру жұмыстары
жүргізіледі. Жануарлардың қосымша тобын шығару олардың санының артуына ықпалын
тигізеді [4].
Қазіргі уақытта “2010-2014 жылдарға арналған сирек кездесетін тұяқты жануарлар
мен киіктерді сақтау жəне санын қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаның” жобасы
жасалуда, онда жабайы тұяқты жануарлар санының көбею мəселесімен қоса олардың өмір
сүру аймағын сақтауға да аса көңіл бөлінген. Қарақұйрықты қазірдің өзінде олардың
тарихи мекендеріне көшіру, сонымен қатар бұл жануарларды асырап, кейін оларды
жабайы табиғатқа шығаратын арнайы питомниктерді ұйымдастыру бойынша шараларды
қолға алу қажет.
78
Əдебиеттер
1. В.М. Антипин «Млекопитающие Казахстана». Копытные. - Алма-Ата: Казахстанское
объединенное государственное издательство. Том 3. 1941.
2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 25.03.2005 г. -№ 267 «Об
утверждении Программы сохранения и восстановления редких и исчезающих видов
диких копытных животных и сайгаков на 2005-2007 годы».
3. Приказ Комитета лесного и охотничьего хозяйства от 23.08.2005 г. -№ 191
4. Методических рекомендаций для проведения учета отдельных видов диких животных».
Жевнеров В.В., Бекенов А., Слудский А.А. Джейран // Млекопитающие Казахстана.
Парнокопытные: (Полорогие). - Алма-Ата, 1983.Т.3, ч.3. -С. 11-54.
Г. Жумагалиева, Қ. Абаева
РАСПРОСТРАНЕНИЕ И ЧИСЛЕННОСТЬ ДЖЕЙРАНОВ В КАЗАХСТАНЕ И
МЕРОПРИЯТИЯ ПО ОХРАНЕ И ВОСПРОИЗВОДСТВУ
В настоящее время охота на джейрана запрещена по всему Казахстану. Для
сохранения этой антилопы необходима также организация ряда новых заповедников в
зоне пустынь, площадью не менее 300 тыс. га каждый: Устюртский (западный чинк плато
Устюрт), межреспубликанский Капланкырский (южный чинк), Бетпакда-линский
(восточная часть пустыни Бетпакдала), Кызылкумский (центральная часть Кызылкумов
северо-западнее Мынбулакских гор). Следует организовать ряд заказников: на п-ове
Бузачи, в Кызылкумах и урочище Чулак-Курган (Бетпакдала). Следует также создать
питомники с полувольным содержанием этих газелей. Одним из них может служить
заповедник Барсакельмес, где уже сейчас можно отлавливать этих антилоп и расселять в
другие районы. Джейран должен быть сохранен в наших пустынях, он может стать
ведущим видом звероводства в этой зоне, так как мало конкурирует в питании со скотом.
Ключевые слова: представитель рода газелей,
зеркало, питомник
G. Zhumagaliyeva, K. Abaeva
DISTRIBUTION AND NUMBER OF DZHEYRAN IN KAZAKHSTAN AND
ACTIONS FOR PROTECTION AND REPRODUCTION
Now hunting on DZHEIRAN is forbidden across all Kazakhstan. The organization of a
number of new reserves is necessary for preservation of this antelope in a zone of deserts, not
less than 300 thousand hectares everyone also: Ustyurtsky (western чинк a plateau Ustyurt),
interrepublican Kaplankyrsky (southern чинк), Betpakda-linsky (east part of the desert of
Betpakdal), Kyzyl kum (the central part Kyzylkumov North to the west of Mynbulaksky
mountains). It is necessary to organize a number of wildlife areas: on the peninsula Buzachi, to
Kyzylkumakh and natural boundary Chulak-Kurgan (Betpakdala). It is necessary to create also
nurseries with the semi-free maintenance of these gazelles. The reserve Barsakelmes where
already now it is possible to catch these antelopes can serve one of them and to settle to other
areas. Dzheyran has to be kept in our deserts, he can become a leading type of fur farming in this
zone as competes in a food with cattle a little.
Key words:
representative of a genus of gazelles, mirror, nursery.
Достарыңызбен бөлісу: |