Талқыла
Қазіргі таңдағы ауылдан қалаға көшу үдерісіне салыстырмалы талдау жасаңдар. 1926 жылы Бүкілодақтық халық санағы өткізілді. Қазақстанның демографиялық көрсеткіші халық санағының қорытынды мәліметі бойынша 6,2 млн адамды құрады. Полиэтникалық республикамызда 86 ұлт пен ұлттық топтар өмір сүрді. Қазақтардың халық құрамындағы үлесі – 58,5%, орыстар – 20,6%, украин – 13,9% құрады. Қазақтар негізінде Сырдария, Орал, Ақтөбе және Жетісу губернияларында тұрды. Орыстар Ақмола және Семей губернияларында шоғырланды. Қостанай округі мен Ақмола губернияларында украиндардың үлкен топтары орналасты.
Ойлан Не себепті халық санының азаюы ұлт өкілдерінің «көшіп кетуімен» түсіндірілді? 3. 1937 және 1939 жылғы халық санақтары бойынша Қазақстан халқының саны мен ұлттық құрамы. 1928 жылы байларды тәркілеу, саяси қуғын-сүргін, 30-жылдардағы жаппай етек алған ашаршылық жалпы халық санының әсіресе қазақтардың кемуіне жеткізді. Тек ашаршылық кезінде республика 2 миллионға жуық жергілікті тұрғындарынан айырылды.
Қазақстанның ұлттық құрамы өзгеруінің үрдісін қанша кезеңге бөлуге болады? 1937 жылғы халық санағы бойынша 5,1 млн адам тіркелді. Оның ішінде қазақтар – 42,6%, орыстар – 37,4%, украиндар – 10,7% адамды құрады. 1937 жылы қаңтарда өткізілген бір күндік санақ қорытындысы дұрыс емес деп танылып, мәліметтері құпия сақталып, жойылды. Халық санының азаюын көшіп кеткен ұлт өкілдері санымен түсіндірген. Санақ жүргізгендердің біразы қуғын-сүргінге ұшырап, көпшілігі атылды. Бұл санақ материалдары жарияланбай, ұзақ уақыт бойы КСРО мұрағаттарында сақталып қалды.
1939 жылғы санақ бойынша республикадағы қазақтар саны 2,3 млн адам болды. Қазақстанда этностардың жаңа көрсеткіші қалыптасты. Ұлттық құрамындағы қазақтардың үлесі 37,8%-ға азайды. Ал, жалпы халықтың үлес салмағының 40%-ын орыстар құрады.
4 . Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықтар депортациясы. ХХ ғасырдың 30–40-жылдары КСРО басшылығы жеке халықтарды республика аймағына депортациялау, күштеп жер аударуды жүзеге асырды. 1936 жылы «арнайы қоныс аударылғандар» деп аталғандардың саны 360 мың адамға жетті. 1936 жылы Қазақстанға Украинаның батыс аудандарынан 15 мың поляк және неміс отбасылары жер аударылды.
Қуғын-сүргінге ұшыраған халық өкілдері қазақ жерінде екінші отанын тапты. Солардың бірі белгілі жазушы Герольд Бельгер Солтүстік Қазақстандағы Есіл өзені жағасында орналасқан шағын ауылға көшірілген неміс отбасында өсті.