Rap? Шалғынбаева Қ.Қ. Албытова Н. П


Қазақстанда жогары білім беру жүйесінің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет11/92
Дата07.10.2024
өлшемі14,38 Mb.
#147024
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92
Байланысты:
педагогика

Қазақстанда жогары білім беру жүйесінің қалыптасуы.
Қазақстанның Ресейге қосылуы жалпы қазақ халқының білім 
жүйесінің дамып, мектептер ашылуынан бастап әрі қарай ілгерілеуіне 
ықпал етті. Бұл - Қазақстанға Ресейдің экономикасы мен алдыңғы 
қатарлы мәдениетінің ықпалг етуіне қолайлы жагдайлар туғызды, 
өндіргіш күіптер мен өндірістік қатынастардьщ дамуына эсер етгі.
1744 жылы Орынборда татар мектебі ашылып, мұнда әскери 
шендегілердің балалары оқыды. Бұл мектепті бітіргендер өкімет 
кеңселерінде, сауда-сатгық орындарында жұмыс істеп, тілмаштық 
қызмет атқарды. 1786 жылы Омскіде ашылган «Азия мектебі» де 
осындай мақсатты көздеді. Олардьщ ішінде қазақ балалары да болды.
XIX гасырдың екінші жартысында Бөкей хандылыгында 
мектептегі білім беру кең тарала бастады. Бұнда үлкен рөлді Жэңғір 
хан атқарды. Ханның білім беру саясатының орталығында мешіт 
жанындагы басгауыш мектептерін үйымдастыру 
болды. 1841 
жылдың желтоқсанында Жэңгір ханның үкімімен орталық мектеп 
ашылды. Мектепте арабша, татарша жэне орыс тілі, жаратылыстану 
негізі, тарих жэне медицина оқытылды. Мектепті жақсы бітіргендер 
кадет корпусында білім алды.
XIX ғасырдың екінші жартысында Бөкей хандылығында 
мектептегі білім беру кең тарала бастады. Бүнда үлкен рөлді Жэңғір 
хан атқарды. Ханның білім беру саясатының оргалығында мешіт 
жанындагы бастауыш мектептерін үйымдастыру болды. 
1841 
жылдың желтоқсанында Жэңгір ханның үкімімен орталық мектеп 
ашылды. Мектепте арабша, татарша жэне орыс тілі, жаратылыстану 
негізі, тарих жэне медицина оқытылды. Мектепті жақсы бітіргендер 
кадет корпусында білім алды.
Кадет корпустарының оқу курсы сегіз жылдық, эр класс екі 
жылдық 
мерзімді 
болды. 
Оқу 
бағдамаларының 
әскери 
училищелерден айырмашылыгы - еуропалық эскадронда француз
28


жэне неміс тілдері, ал азиялық эскадронда шығыс тілдері (араб, 
парсы, татар) оқытылды.
Кадет корпустарын бітірушілер Қазақстандағы эр турлі басқару 
орындарына қызметке жіберілді. Олардың біразы орыс тілін 
меңгерген және орыс мәдениетінен хабардар, әжептәуір білімді 
жастар болды, кейбіреулері орыс баспа сөзімен байланыс жасап, 
қазақтарды орыс оқу орындарымен таныстырды, сол арқылы қазақ 
жастарын оқу орындарына ынталандыруды ойлады.
60-жылдардағы Халық ағарту жөніндегі алдыңғы қатарлы 
теориялар біртіндеп мекгеп тәжірибесіне ене бастады. Бұл кезде 
ағарту ісінде қоғамдық орындардың тәуір бастамалары өріс алды. 
Қалалар мен ауылдарда бастауыш мектептердің бірнеше түрлері 
ашылды: жеке адамдар ашқан гимназиялар, жексенбілік мектептер 
дүниеге келді.
Қазақ балаларына арналған Орынбор орыс мектебі 1850 жылы 
22 тамызда ашылды. Мектепке 50 бала қабылданды. Мектептің оқу 
жұмысы белгілі тэртіпке келтіріле бастады: оқу жылының мерзімі 
белгіленді, жалпы оқу мерзімі (7 жыл), оқушыларды қабылдау кезеңі 
(эрбір екі жыл сайын), жазғы демалыс (15 маусымнан 15 тамызға 
дейін) анықталды, сабақ кестесі мен оқушыларға арналған үзіліс 
енгізілді, емтихандардың ережесі жасалды. Орынбордағы қазақ 
балаларына арналған тұңғыш мектеп (1850-1869) оқушылар санының 
тым шағындылығына қарамастан, қазақтар арасында орыс білімін 
таратудың алғашқы ошағы болды.
Ішкі қазақ (Бөкей) ордасында мектептің негізінен екі түрі (алты
жылдық екі 
класты, төрт жылдық бір 
класты орыс-қазақ 
училищелері) болды.
Торғай жэне Орал облыстарында алты жылдық екі класты уездік, 
төрт жылдық болыстық орыс-қазақ училищелері және Ы.Алтынсарин 
негіздеген ауыл мектептері ұйымдастырылды.
Ақмола мен Семей облыстарында интернатты мектептер ашылып, 
кейінен ауыл шаруашылық мектептеріне айналды. 19-ғасырдың 
аяғында бұл облыстарда ауылдық мектептер ашылды.
XIX ғасырдың ортасында Қазақстан аймағында медреселер мен
мектеп-оқу орындары жұмыс істеді, оларды ежелгі Шыгыс жэне Азия
мұсылман халықтарының жогары дамыған мәдениетіне тартуда, Орта
Азия мен Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетінің дамуында 
жагымды рөл атқарды.
29


XIX ғасырдың аяғында Қазақстан аймағында бірішпі рет орта 
жэне кәсіби оқу мекемелері пайда болды. Орта мектеп бастауыш 
жэне келесі буындағы білім арасындағы аралық буын болып 
есептеліп, 
екі 
міндетгі 
орындады. 
Біріншіден, 
гимназияны 
бітіргендер, алғашқы кәсіби білім алу мүмкіңдігі бар; екіншіден
қабілеті бар окушылар жоғары оқу орынына түсуіне мүмкіндік 
болады.
Қазақстанда 1917 жылы 1 қантарда 17 орта мектеп, 4 реальды 
училище жэне 13 гимназия жұмыс істеді, онда 5880 оқушы оқыды, 
оның ішінде 215 ғана қазақ ұлтының өкілдері.
XX ғасырдың басьгада Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
дамуы білім саясатында өзгерістерді тапап етгі. Өндірістің дамуы 
кэсіби жұмысшы кадр мамандарды даярлау міндетін қойды. 1903- 
1904 жж. Ресейдің біпім министрлігі бірқатар қаулыларды шыгарып, 
соған сәйкес мемлекеттік қазыналық қаржыга мектеп жанынан қол 
еңбегі жэне қол өнер мектептерін ашуды шешті. Сонымен, қол өнер 
бөлімі Қазақстанда кәсіби білім беруді қалыптастырудың негізі 
болып табылады. 
Олардың даму мөлшері бойынша кәсіби 
бағыттылығы кеңи түсті. Қазақстандағы кәсіби мектептер 3 бағытты 
қарастырды: ауылшаруашылық, қолөнер, педагогикалық.
Қазақстанда 
мұғал і м 
мамандықтарын 
дайындау 
мұғалім 
семинарияларымен педагогикальщ сыныптарда жүзеге асырылды. 
Бірінші мұғалім семинариясы Қазақстанда 1903 жылы Семейде 
ашылды. Педагогикалық сыныптар Қазақстанның біпім жүйесінің 
қальштасуына жағымды рөл атқарды, олар арқылы оқу орындарының 
негізгі түрі - бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау жүргізілді.
Революцияға дейінгі 
Қазақстан 
аймағында жоғары 
оқу 
орындары болмады. Сондыктан жоғары білім алуға ұмтылған кейбір 
қазақгар Ресейдің басқа қалаларының оқу орындарында оқыды: 
Томскде, Казанда, Петербургте, Орынборда т.б. XX гасырдың басы 
жэне XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының ішіндегі 
ағарту жэне мәдениеттің дамуында негізгі рөлді Омск қаласының 
орталығы жэне Түркіменстан өлкесінің орталығы - Ташкент қаласы 
атқарды.
Білім беру жүйесінің қалыптасуына алдыңғы қатарлы баспасөз 
үлкен рөл атқарды. Орыс-қазақ мәдени-ағарту ынтымағының жэне 
Қазақстандағы ой-пікірдің дамуында «Айқап» журналының мэні зор. 
Бүл журнал 1911-1915 жылдары Троиц қаласында шыгып түрды.
30


М. Дулатов А.Байтүрсыновпен бірлесіп, «Қазақ» газетін 
шығаруға ат салысты. Халық ағарту мәселелері, кітап басып шығару 
мәселелері жалпы халықтың баспа органы - «Қазақ» газеті бетгерінде 
кең таралды.
Қазақстандағы 
Қазан 
төңкерісіне 
дейінгі 
Жогары 
оқу 
орындарыдары ретінде Шымкент, Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт 
медреселерін атауға болады.
S
1919-1920 жж, халық ағаріу инстшутгары ашылды: Орынборда, 
Семейде, Ордада.
S
1920ж. қарашада Түркістан мемлекеттік университеті (кейінгі Орта 
Азия ун-ті) құрылды. Сондай-ақ осы жылдың күзінде Семейде 
халық ағарту институты құрылды.
^ 1921 ж. Орьшборда Қазақ халық агарту институты (кейін 
Қызылордаға көшірілді) жэне Верныйда (Алматы) Қазақ ағарту 
институты ашылды.
1926ж. 2 шілдеде Ташкенттегі халық агарту институты Қазақ 
педагогикалық институты болып қайта құрылды.
S
1928ж. Қазақстандагы тұңғыш жогары оку орны - Алматыда 
ашылган Қазақ педагогикалық институты,
S
1929ж. Алматы малдэрігерлік институты,
S
193 Ож. Қазақ ауыл шаруашылық институты,
S
1931 ж. Қазақ медициналық институты, Орал педагогикалық 
институты,
S
1934ж. Қазақ мемлекетгік университеті мен Кен-металлургия 
институты ашылды,
S
1950-1960 жж. Ақтөбе, Атырау, Тараз, Қостанай, Көкшетау,
Өскемен, 
Павлодар, 
Петропавл, 
Ақмола 
(қазіргі 
Астана)
қалаларында педагогикалық институттар, Ақтөбе, Қараганды,
Семей, Ақмолада медициналық институтгар, Алматыда хапық
шаруашылыгы, Қарағандыда политехнология және кооперативтік,
Павлодарда индустриалдық, Өскеменде жол құрылысы, Ақмолада
инженер құрылыс, Таразда гидромелиоративтік-құрылыс және 
технология институттары.
S
1972ж. 
Қараганды 
мемлекетпк 
университеті, 
Арқалық, 
Талдықорган педагогикалық институттары ашылды.
S
1986-1987 оқу жылында Қазақстанда 55 жогары оқу орындарында 
247 мыңнан астам студент оқыды. 2001ж. 5 шілдеде Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
жарлыгымен 
8 жогары 
оқу
орындарына
ерекше мәртебе берілді. Олар:
3



Қазақ үлттық университеті;
S
Еуразия ұлттық университеті 
■S
Қазақ ұлттық аграрлық университеті;
S
Қазақ ұлттық техникалық университеті;
■S
Қазақ ұлттық өнер академиясы;
/ Қазақ үлттық консерваториясы;
S
Қазақ ұлттық музыка академиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет