ӘБ отырысында
ҚАРАЛДЫ
РАССМОТРЕНО
на заседании МО
Хаттама № ____
Протокол № ____
________ Жарова Ш.К.
«____» _____2015 ж.
КЕЛІСЕМІН
СОГЛАСОВАНО
әдістемелік кеңес отырысында
на заседании методического совета
Хаттама № ______
Протокол № _____
ҒӘЖ жөніндегі
директордың орынбасары
зам. директора по НМР
____________ Маликов Д.С.
«____» _____2015 ж.
БЕКІТЕМІН
УТВЕРЖДАЮ
«№12 Орта мектебі»
КММ директоры
Директор КГУ
«Средняя школа № 12»
___________ Сейфулин Т.Е.
«____» ______2015 ж.
Сыныптан тыс жұмыс
«Менің Қазақстаным»
/тақпақшылар сайысы/
Сынып : 5-9
Мұғалім: Абдрахманова К.К
Жарова Ш.К
Көкшетау - 2015
Сайыстың тақырыбы:
«Менің Қазақстаным» атты тақпақшылар сайысы
Сайыстың мақсаты:
1.Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты
өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді
көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.
2. Қазақстан Республикасының картасымен,. Отанын, елін, табиғатын, жерін
құрметтеп аялауға және ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: баннер «Мәңгілік Ел: бір ел-бір тағдыр»,
қанатты сөздер, кітап көрмесі, интерактивті тақта, слайд, бейнеролик
1. Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы
Бүгін саған әлем түгел қарайды
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы
2. Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес
мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен
достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды.
Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк
байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа
Астанасы күннен- күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды
бүкіл әлем таныды.
1.Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
2.Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ жері өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай
Елі текті, киелі, қасиетті.
Азамат бүгін байлыққа тұнған
жерім
Азап жүгін ел жауын қуған ері
Әділет пен бірлікке жанын қиып
Әділ өткен билердің туған жері
1.Қазақ жері – қонақжай төрлер
жері
Қазақ елі – қас сақтай ерлер елі
Елі кедей болмаған, жері байтақ
Едігедей, Бабырдай шерлер елі
Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы
2.Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шашылмай жылына
ма
Сүй, Отанды шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал, ойына, қырына да
Ел болдың ерік алдың астаналы
Енді кімнен қазағым, жасқанады
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.
1.Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері
– ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең –
байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен
көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай
Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.
2.Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құдіретті. Тіл байлығы – әрбір
елдің ұлттық мақтанышы. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл.
Қазақ тілі – атадан балаға мирас болып қалған қасиетті мұра. Демек, әр адам
ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға тиіс.
1.Қымбат маған анам тілі, бал тілім
Қымбат маған дана тілім, ар тілім
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
2.Ана тілін жырлап өткен талайлар
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар
Қасиетті менің ана тілімде
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
1 - жүргізуші:Менің елім- менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір
азамат асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер, асқақ
арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл –
қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп – өніп, мекен етіп, береке –
бірлікте , достық қарым – қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп
жатырмыз.
2 - жүргізуші: 2015 жыл- ерекше жыл. Бұл жыл әдебиетімізде қазақтың бас
ақыны Абай Құнанбайұлының 170 жыл, біртуар классик жазушы Ілияс
Есенберлиннің 100 жылдық, жерлесіміз саяхатшы, ғалым Шоқан
Уәлихановтың 180 туғанына жыл толу мерейтойларымен пара-пар келген
жыл.
1 - жүргізуші: Ал енді бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты ережелеріне
тоқталып өтейік:
1. Өлеңнің тақырыбы айқын болуы шарт.
2. Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті (сахнаға кітап немесе қағаз -
парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді).
3. Өлең оқыған оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс
мәнері мен ырғағына назар аударылады.
2 - жүргізуші:
Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, өлеңдерді мәнерлеп оқитын
оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып
қойғанымыз жөн болар. Сонымен:
1. ....................................................................................................................
2.....................................................................................................................
3.....................................................................................................................
Әділқазылар алқасы, сіздерден әділ төрелік күтеміз.
1 - жүргізуші:- Ендігі кезекте сайыскерлермен таныс болыңыздар
Оқушылар кезекпен шығып, дайындаған өлеңдерін оқиды.
2-жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын
1-жүргізуші: Ал, енді балалар қазір әділқазылар алқасы өз шешімдерін
шығарғанша біз, бейнефильмді тамашалаймыз
2 - жүргізуші: Ал енді сөзді әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Әділқазылар алқасы оқушылардың оқушылардың шығармашылығын
сараптап, жүлделі орындарды белгілейді.
1-жүргізуші:
Тарихтың жадында даусың қалсын,
Дала өзіңді жарылқап, тау шыңдысын.
Баста бізді бақытқа, көзіңдегі
Елге деген мейірім таусылмасын!
2 - жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен байқауымыз аяқталды!
1.Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп
өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен
жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн
сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны
шарықтай берсін демекпіз.
2.Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді
көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері
өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат
болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз
елдің азаматтары!
Достарыңызбен бөлісу: |