Растения красной книги


Ахмет Байтұрсынов - ағартушы



бет2/4
Дата05.12.2022
өлшемі7,46 Mb.
#55068
1   2   3   4
Ахмет Байтұрсынов - ағартушы
Азырақ құлағын сал, ақын інім,
Ойымыз, рухымыз жақын, інім.
«Ағалық правосын қолыма алып,
Келемін айтайын»,— деп ақыл, інім!
«Өзімді ағаңмын»,— деп үлкейтемін,
Онымды көремісің мақұл, інім.
Адасқан ағаңыздың жері болса,
Тілеймін ете гөр деп ғапу, інім.
Жай жатсаң жаңылмайсың, адаспайсың,
Күресте кім кетпейді ғапыл, інім.
Ат қойған аз-көбіне қарамастан,
Ақылға біздер жарлы пақыр, інім.
Доңыздай талғамай жеп семіргендер,
Саналып ақылдыға жатыр, інім.
Сүйікті милләтіңе болам десең,
Нашардың көбірек же хақын, інім.
Сыйласын десең жұртың қадір тұтып,
Айғырсып момындарға ақыр, інім.
Білімді ел ішінде болам десең,
Шешенсіп, жоқты сөйлеп лапыр, інім.
Қолыңнан мұның бірі келмес болса,
Кісімсіп ең болмаса қақыр, інім.
Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа,
Ет асып табақ-табақ шақыр, інім.
Аузымен орақ орып, бәрін де етер,
Қымызды шара-шара сапыр, інім.
Етпенен қымыз беріп сөйлеп көрсең,
Айтқаның жұртқа балдай татыр, інім,
Ақылың Аплатондай болса-дағы,
Қымыз бен еті жоқ құр татыр, білім.
Ақын ініме
Тақырыбы: атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу.
Жанр түрі: поэзия (өлең)
Идеясы: атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу. Халқына пайдасы тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға үндейді..
Шумақ: 8 шумақты
Тармақ: 30 тармақты
Бунақ: 3 бунақты
Буын саны: 11 буынды.
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы (а-а-б-а)
Әдеби-теориялық ұғымдар.
Теңеу: доңыздай, балдай,Аплатондай
Эпитет: ақылға жарлы, сүйікті милләт
Дөрекі сөздер: қақыр,лапыр,пақыр,айғырсып.
Сөздікпен жұмыс
Ғапу (ету) – кешірім ет
Ғапыл (қалды) – қапы қалды, қапыда қалды, аңдамай қалды.
Пақыр – халі мүшкіл, байғұс, сорлы.
Милләтіңе – арабша ұлт деген мағынада.
Тарихи сөз Хақын – ақы, еңбек
Лапыр — лап – бұрынғы уақытта тізгін босап, аттан, тұра шап, деген мағынада айтылған жарлық сөз.
Лепір – бөсу, есу.
Қақыр – тамақты қырнай жөткірініп, қақырық шығару.
Рух – 1.Күш-қуат, батылдық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет