Гистологияның негізгі тақырыбы тіндер болып табылады, олар организмдегі жасуша деңгейінен кейін тұратын тірі материяның жүйесі
Жасушалық теория. 1838 ж. Т.Шванн қалыптастырған.
Жасушалық теорияның негізгі қағидалары :
Жасуша тірі материяның ең кішісі бірлігі;
2) Әртүрлі организмдер жасушаларының құрылысында жалпы ұқсастық болады;
3)Жасушалардың көбеюібастапқы жасуша бөлінуі арқылы қамтамасыз етіледі;
4)Көпжасушалы организмдер тіндер мен ағзаларға біріккенжасушалардың және олардың туындыларының күрделі жүйесі болып табылады.
Жасушаның
жалпы морфологиясы
Организмнің қажеттілігіне байланысты:
1) Жасушаның құрылысы күрделенеді -
Жасушалар бірігіп, көпядролы құрылым – симпластқа айналады.
2) Жасушаның құрылысы қарапайым түріне айналады. –
даму барысында ядролы жасуша ядросыз жасушаға айналады (мысалы эритроцит).
Қанқа бұлшықетінің гистогенезі .
Организм жасушаларының көлемдері ж/е сырт пішіндері. Адам организмі жасушаларының орташа көлемі 17-18 мкр.
Майда көлемді мишықтың дәнді жасушалары. Көлемі − 4 микрон
Ми қыртысының ірі көлемді пирамидалы жасушалары (180 мкм).
Организмнің әртүрлі пішінді жасушалары
Организмнің әртүрлі пішінді жасушалары
Пішіні тұрақты және белсенділігіне байланысты пішіні өзгермелі жасушалар.
Барлық жасушаларда, олардың көлемдеріне, пішіндеріне, ішкі құрылысына ж/е функцияларына байланысты емесжалпы ұқсастық болады. Жасушалар 3 компоненттерден тұрады: қабығы, цитоплазма және ядро.