Пероксисомалар. Мембранамен шектелген гранулярлы матриксі бар сопақша келген денешіктер. Матрикстің ортасында фибриллалардан және түтікшелерден тұратын кристаллоидті құрылымдар болады. Пероксисомалар бауыр және бүйрек жасушаларына тән . Пероксисомалардың құрамында аминқышқылдар тотығуының ферменттері және каталаза айқындалады. Аминқышқылдар тотығуының нәтижесінде пайда болатын зиянды зат - сутектің асқын тотығы каталаза арқылы ыдыратылып отырады.
Рибосомалар. Нәрузыдарды, полипептидтерді өндіретін синтез аппараттары, барлық жасушаларда кездеседі.
Рибосомалар- бұл күрделі рибонуклеидтер, олардың құрамына көлемі шамамен бірдей нәруыздар және рибосомалды РНК (рРНК) кіреді. Эукариотты жасушалардың рибосомалары үлкен және кішкене субъбірліктерден тұрады. Бірліктердің әрі қайсысы рибонуклеопротеидті тәжі ден құрылған, оның құрамындағы рРНК рибосоманың денесін қалыптастырады.
Рибосомалардың екі түрі кездеседі: 1) жеке рибосомалар және 2) рибосомалардың жинақтары (полисомалар).
Рибосомалар гиалоплазмада бос немесе ЭТ мембраналары мен байланысып орналасуы мүмкін.
Азмамандандырылған жылдам өсетін жасушаларда бос рибосомалар айқындалады. Мамандандырылған жасушаларда рибосомалар гранулярлы ЭТ құрамында орналасады. Бос рибосомалар жасушаның өз тіршілігіне қажетті нәруыздарды өндіреді, ал бекітілген рибосомалар “экспортқа” арналған, яғни организмге қажетті нәруыздарды өндіреді.
Сур. Рибосомалардың құрылысы. а-кіші субъбірлік; б-үлкен субъбірлік; в-толық түзілген рибосома
Цитоқанқа.
Цитоқанқа.
Цитоқанқа жасушаның сүйемелдеу-жылжу аппараты олардың құрамына жасушада каркас (қанқа) және жылжу функцияларын атқаратын мембрандыемес нәруыз жіпшелі органеллалар кіреді. Бұл құрылымдар динамикалы (өзгермелі) болып келеді, олар полимеризацияуақытында пайда болады да деполимеризация кезінде бөлшектеніп таралып кетеді. Бұл жүйеге фибриллярлы құрылымдар және микротүтікшелер жатады.