Тышқанның децидуалды жасуша цитоплазмасындағы жасыл түсті аралық филаменттердің торы. Ядро –көк түсті. Иммунофлюоресцентті әдіс.
Микрофиламенттер. Микрофиламенттер барлық жасушаларда кездеседі. Олар цитоплазманың кортикалды қабатында , плазмолемма астында шоғырланып орналасады. Микрофиламенттердің (МФ) құрамында актин, миозин, тропомиозин, альфа-актинин нәруыздар болатыны айқындалған. Сонымен МФ жасушаның бөлінуін, цитоплазманың, органеллалардың жылжыуын және өз жасушалардың жылжыун қамтамасыз ететін жасушаішілік жиырылу аппараты болып табылады. Сондай-ақ актинді МФ жасушаның қаркасын (қанқасын) түзеді, мысалы ішек эпителийі микробүрілерінің негізін немесе жасушаның торлы қанқасын.

Аралық филаменттер (АФ).Бұл жұқа тармақталмайтын жие шоғырланып орналасатын жіптер. Әртүрлі тіндер жасушаларында олардың нәруызды құрамы ерекше болады. Мысалы тері эпителий жас-да АФ құрамына кератин кіреді,олардың шоғырлары десмосомаға бекінетін тонофиламенттерді түзеді. Фибробласттар АФ құрамына виментин, бұлшықет жас-да – десмин, глия жас-да – глиалды фибриллярлы қышқыл нәруыз кіреді.