Құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат



Pdf көрінісі
бет41/67
Дата01.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#112263
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67
Байланысты:
ФИЗИКА ҰБТ2023 ТЕОРИЯ ЖИНАҚ 7-11сынып. Мұхамеджан Нұрболат

Механикалық қозғалыс
деп дененің (материялық нүктенің) уақыт өтуімен басқа 
денелерге қатысты кеңістіктегі орнының өзгеруін айтады.
3.
Материялық нүкте
деп қарастырылып отырған жағдайда өлшемдерін ескермеуге 
болатын денені айтады.
4.
Бойымен дене жүріп өткен сызық 
траектория
деп аталады. 
5.
Жол
– траектория бойымен дене жүріп өткен арақашықтық. 
6.
Дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді 
орын ауыстыру
деп аталады. 
7.
Санақ денесімен байланысқан координаталар осі мен уақытты есептейтін құралдан 
(сағаттан) тұратын жүйені 
санақ жүйесі
деп атайды. 
8.
Санақ басынан таңдап алынған нүктеге дейін жүргізілген бағытталған кесінді 
радиус-
вектор
деп аталады.
9.
Векторлық түрдегі қозғалыс заңы радиус-вектордың уақытқа тәуелділігі арқылы 
сипатталады. 
10.
Қозғалыстағы нүктенің орын ауыстыруы
деп оның радиус-векторының өзгерісін 
айтады. 
11.
Дене жылдамдығының өзгеру сипатына қарай механикалық қозғалыс 
бірқалыпты
және 
бірқалыпты емес
болуы мүмкін

12.
Дене кез-келген тең уақыт аралығында бірдей орын ауыстырса, ондай қозғалыс 
бірқалыпты
деп аталады. Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс кезінде V=const. 
13.
Егер дене бірдей уақыт аралығында әртүрлі орын ауыстырса, ондай қозғалыс 
бірқалыпты емес
қозғалыс деп аталады. 
14.
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыстың жылдамдығы
– векторлық шама, ол орын 
ауыстырудың сол орын ауыстыруға кеткен уақыт аралығына қатынасына тең.
15.
Дененің белгілі бір уақыт мезетіндегі немесе белгілі бір нүктедегі жылдамдығы 
лездік 
жылдамдық 
деп аталады. 
16.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет