Құрастырушы: ф.ғ. к., доцент Г. К



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата15.03.2017
өлшемі288,61 Kb.
#9604
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3

                 Рабочая программа                                                                                                Форма

                                                                                               Ф СО

ПГУ 7.18.2/06

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 050205

«Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне

арналған

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Павлодар

       


Лист утверждения к рабочей                                                                                       Форма                               

            программе дисциплины,

                                   Ф СО ПГУ 7.18.1/06

       разработанной на основании 

               государственного 

       общеобязательного стандарта 

       образования специальности и 

                типовой программы                                        

                                                          

                                                                 БЕКІТІЛДІ

                                                                           ОІ жµніндегі 

проректоры

        

                                                                 

________________ Н.Э. Пфейфер  

                                                                          

«___»_____________2008ж.

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Қажыбаева__________

           

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс   бағдарламасы   050205-«Қазақ   филологиясы»

мамандығының студенттеріне арналған

Жұмыс   бағдарламасы   ҚР   МЖМБС   3.08.267-2006   жылғы

Мемлекеттік   стандарттары   және   Қазақстан   Республикасы

Білім   және   ғылым   министрлігінің   2006   жылғы   22.06

мәжілісінің   хаттамасының   шешімімен   бекітілген   және

қолданысқа   енгізілген   типтік   бағдарламасы   негізінде

дайындалды.

Кафедра мәжілісінде ұсынылды.  «___»_________________2008ж. 

 №_____хаттама. 

Кафедра меңгерушісі________________________Н.'>_______________________Н.Қ.Жүсіп

          

                                   

Филология,   журналистика   және   өнер   факультетінің

әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________2008 ж. №____хаттама.


ӘК төрайымы____________________ Е.Н.Жұманқұлова

КЕЛІСІЛДІ

 Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев.  



«____»_____________2008 ж.

ЖӘҚБ МАҚҰЛДАДЫ

ЖӘҚБ бастығы______________А.А.Варакута 

«____»____________2008 ж 

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Қазақ   әдебиетін   оқыту   әдістемесі»   пәні   бойынша

студенттерге   әдеби-тарихи,   әдеби-теориялық   мәліметтер

мен   практикалық   дағдылар   туралы   жан-жақты   түсінік

берілді.   Көркем   әдебиеттің   оқытылу   тарихының   жүйесі,

ерекшелік сипаттары көрсетіледі. Әр жылдарда құнды-құнды

пікірлер   айтқан   ағартушылық-демократтық   бағыттағы

педогог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектерне

назар   аударылады.   Қазақ   орта   мектептерінде   әдебиет

пәнінің   оқытылу   жайы,   сапасы,   оқулықтары   мен

бағдарламаларының түзілісі кеңінен сөз болды.

Пәнді оқыту мақсаты

Жалпы білім беретін орта оқу орындарындағы өзге пәндер арасындағы

әдебиет   пәнінің   алатын   орны   мен   әдебиетті   оқыту   әдістемесі   жөніндегі

ілімнің мән-мазмұнынан әрі қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінің қалыптасу

кезеңдерін түсіндіру бағытын ұстанады.

Пәннің міндеттері:

Оқыту   барысында   студентке 

«Қазақ   әдебиетін   оқыту

әдістемесі»   курсының   құрылым   мен   мазмұнын,   теориялық

және практикалық мәселерін толық игертуді көздейді. Пәнді

оқытудың   негізгі   ұстанымдарын   әдеби   білім   беруде   оқу

процесін   ұйымдастыру   түрлерін,   әдеби   шығарманы   оқып-

үйренудің  жолдары  мен  амалдарын,  көркем шығармаларды

жанрлық   сипатына   қарай   оқыту   тәсілдерін   іс   жүзінде

қолдана білуге баулиды.



Студенттер білуі тиіс:

Орта   мектепте   қазақ   әдебиетінің   тарихын,   оның

теориялық   мәселелерін   және   шетел   әдебиетінің   озық

үлгілерін   оқыту   үшін   студенттер   практикалық   істер   мен

дағдыларды қалыптастырып, жаттығады: күнтізбелік жоспар

жасай   білуге   төселеді;   сабақтық   жоспар   жасау   тәжірибесін

меңгереді;   әдеби   жұмыстарын   ұйымдастырып   жүргізуді

иегреді.


Студенттер істей білуі тиіс:

- күнтізбелік жоспар  жасай біледі;



- сабақтық жоспар жасай білуі тиіс;

- шығарма, мазмұндама талаптарын білуі тиіс.



 2 Пререквезиттер:

  

1 Әдебиеттану

2 Тіл білімі

3 Тарих


4 Педагогика

5 Психология

6 Философия.

         

Тематический план                                                                                                   Форма                       

                   дисциплины                                                                                                   СО ПГУ 7.18.2/07



3 Пәннің

 мазмұны


3.1 Пәннің тақырыптық жоспары

№ 

Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

С¤Ж

СӨЖО

1

2

3

4

5

1

Кіріспе



1

1

4



2

Қазақ   әдебиетін   оқыту

тарихы

1

1



5

3

Әдебиет   пәнінің   қазіргі



оқытылу ерекшеліктері

1

1



5

4

Әдеби   базалық   білім



аймағы.

 

Жоғары



сыныптардағы

 

тарихи-



әдеби оқу курсы

1

1



5

5

Әдебиет пәнінің оқыту әдіс-



тәсілдері

1

1



5

6

Көркем



 

шығарманы

жанрлық   ерекшеліктеріне

қарай оқыту

1

1

5



7

Эпикалық   шығармаларды

оқытудың

 

өзіндік



сипаттары.

1

1



6

8

Драмалық   шығармалардың



оқытылуы

1

1



5

9

Лирикалық   шығармаларды

оқыту

1

1



5

10 Әдебиет   пәні   мұғалімінің

жұмыс жоспарлары

1

1



5

11 Қосымша

 

оқуға


ұсынылатын   шығармалар

мен шет ел әдебиеті. Әдеби

жазу   жұмыстары   және

оның түрлері

1

1

5



12 Әдебиет пәні кабинеті

1

1



5

Барлығы:  сағат

15

15

60

3.2 Теориялық курс мазмұны

1- тақырып.  

Кіріспе


Қазақ   әдебиетін   жалпы   білім   беретін   орта   мектепте

оқыту   әдістемесінің   Жоғары   оқу   оырндары   жүйесіндегі

алатын   орны.   Әдебиет   пәні   мұғалімдерін   дайындауға

қойылатын   талаптар.   Бүгінгі   күн   сұраныстарының

ерекшеліктері.ғылым   мен   білімнің,   жаңа   технологиялардың

қарыштап   дамып   отырған   заманында   әдебиет   пәні

оқытушыларының   дайындық   деңгейі   мен   бітімі.   Әдебиет

пәнінің мектеп өміріне, ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарын игі

әсері.   Мектеп   оқушыларының     адамгершілік   келбетін

қалыптастырып,   парасат-пайымын   әдебиет   пәні   мұғалімінің

рөлі.   Әдебиет   пәнінің       әдепкі   оқытылу   көріністері.     Қазақ

еліндегі   ертеден   қалыптасқан   білім   беру   дәстүрлері.   Араб-

парсы   әлемі   үлгісіндегі   оқу   дағдыларының   кең   қанат   жаю

себептері, алғы шарттары, қазақ ұғымына үйлесімділігі. Діни

оқулары   мен   діни-әдеби   оқу   құралдары.   Сауат   ашу   ісіндегі

молда-мұғалімдер тәлім-тәрбиесі. Қадым оқуы, жәдит оқуы,

медреселік   оқу   түрлері,   олардың   оқу   пәндері.   Әдеби

мәтіндердің   мазмұны   мен   идеясы,   ұстанған   бағыттары,

ұстаздарының   білім   деңгейі,   дүниеге   көзқарасы.   Әдепкі

әдебиет пәнінің материалдары.

Әдебиет   пәнінің   ғылым   салаларымен   байланысы.

Әдебеит   пәнінің   халық   тарихы,   көркем   әдебиет   таризы,

әдебиеттану,   тіл   білімі,   философия,   тағы   басқа   ғылым

салаларымен байланысы. Мұның өзі әдебиет пәні мұғалімінің

уақыт   талабына   сай   жан-жақты   және   білім-білік   қорының

мейлінше   мол   болуын   қажет   ететіндігі.   Әдебиет   пәнінің

мектеп   бағдарламасына   орай   қарастыратын,   түсіндіріп

ұқтыратын   негізгі   нысанасы   көркем   сөз   өнері   қазыналары



болғандықтан,   оны   көркем   өнердің   басқа   да   түрлерімен

салыстырып отырудың маңызы. Әдебиет пәні және ресейлік

әдіскерлердің ұстанымдары.

    2- тақырып. Қазақ әдебиетін оқыту тарихы

     Әдебиет   пәнінің  XIX   ғасырдағы   жаңаша   оқытылу

жайы.   Мектептер   жүйесі,   ондағы   пиитика   мен   риторика

пәндері,   жүргізілу   дағдылары.   Ресейлік   оқытушы

әдебиетшілер:   Ф.И.Буслаев,   К.Д.Ушинский,   Н.А.Корф,

В.И.Водовозов, В.Я.Стоюнин, В.А.Острогорский т.б.   әдебиет

пәнін   оқыту   туралы   әдістемелік-тәрбиелік   маңызы   бар

еңбектері.   Жаңаша демократтық бағыттағы  В.Г.Белинский,

Н.Г.Чернышевский,   Н.А.Добролюбов,   т.б.   әдебиетші,

педагогтарының толғаныстары. Қазақ жеріндегі орыс-түзем

мектептері   мақсаты.   Оқу-ағарту   ісі   жөніндегі   тың

бастамалар.   XIX   ғасырдағы   қазақ   зиялыларының   жаңаша

білім   алу   қажеттігі   жөніндегі   ой-толғаныстары.   Шоқан

Уәлихановтың қазақ балаларын оқытып, білім беру әдістері,

жол-жобасы   турасындағы   пікірлері,сілтеген   жолы.   Оқу,

тәлім-тәрбие   жөніндегі   Абай   Құнабаев   айтқан   өнеге,   үлгі

сөздері.   Ыбырай   Алтынсариннің   ұстаздық   қызметі,   әдеби

шығармашылығы.   Ыбырай   ашқан   қазақ   мектебі,   өзіндік

ерекшілігі,   жаңалығы.   «Қазақ   хрестоматиясы»   -   жаңа

үлгідегі   әдебиет   пәні   оқу   құрылымы,   түзілісі,   мәтіндері.  

Әдебиет   пәнін   оқытудың   жаңа   кезеңі   (XX   ғасыр).

Әдебиет пәнінің кеңестік жылдардағы оқытылу жайы. Оқу-

ағарту   ісіндегі   өзгерістер.   Жаппай   сауатсыздықты   жою

науқаны.   1917-1922 жылдардағы мектеп түрлері.   1921 ж.

әдебиет   бағдарламалары.   «Әдебиеттік   оқу»   атауының

қалыптасатындығы.   Әдебиеттік   оқуға   қойылған   талаптар,

нұсқаулар.   1933-1939   жылдарда   қабылданға   оқу

бағдарламалары.   Қазақ   мектептерінің   түзілісі,   ондағы

әдебиет пәні. Алфавит түрлері. Белгілі ақын-жазушылар, мен

әдебиетші-әдіскердің   педагогтік   қызметі,   оқу   құралдары.

1960-70-80-90 жылдардағы әдебиет пәні оқу құралдары мен

әдістемелік нұсқаулар. 

3-   тақырып

.

 

Әдебиет   пәнінің   қазіргі   оқытылу

ерекшеліктері

 

2000-2006   жылдар   аралығындағы   білім   беру

жүйесіндегі іргелі         жаңалықтар. Қазақстанның тәуелсіздік

алғандығы,   оның   әдебиет   бағдарламаларын   жасауға

тигізген   игі   ықпалы.   Жаңа   бетбұрыстар,   тың   ұстанымдар.

Оқу-ағарту орындарының жаңа құрылымы: мектеп-лицейлер,



колледждер,   гимназиялар,   мамандандырылған   арнаулы

мектептер,   жекеменшік   мектептер.   әдебиет   пәнінің   жаңа

тұжырымдамасы.   Әдебиет   пәнінің   сыныптар   бойынша

жаңаша   құрылысы.   Әдебиет   пәндерінің   орта   мектептерде

жүргізілу реті. Бастауыш I-IV сыныптардағы түсіндірмелі оқу,

оның   әдеби   талдауға   арналмай,   тек   көркем   мәтінді   түсініп

оқуды көздейтіндігі. Ұсынылатын әдеби мәтіндердің ұғымға

жеңіл, шағын болатындығы. V-IX   сыныптардағы әдебиеттік

оқу   пәндері,   оның   өзіндік   түрі,   бітімі.   Әр   сыныптағы

оқушылардың   жас   ерекшеліктеріне   сай   әдеби   мәтіндердің

таңдалып,   іріктеліп   алынатындығы.   Әдеби   оқу

бағдарламалары   мен   оқу   құралдары,   қосымша   әдістемелік

нұсқаулар.   Әдебиеттік   оқу   пәнінің   мазмұндық-идеялық

құрылымының жоғары сыныптарға жақындай түсетіндігі.



4-тақырып.  Әдеби   базалық   білім   аймағы.   Жоғары

сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы

Әдеби   білім   аймағына   енгізілетін   шығармашылықтар

көлемі   мен   түрі.   Халық   әдебиеті   және   оның   іріктелген

жанрлары.   Ежелгі   дәуір   әдебиеті,   оның   мектептік   үлгілері.

Жыраулар поэзиясы, оның көрнекті өкілдері. Қазақтың XIX-XX

ғасырлардағы   классикалық   әдебиеті,   оның   ақын-

жазушылары. Қазіргі қазақ әдебиеті. Базалық әдеби оқудың

тиімділігі және маңызы, қажеттілігі. Базалық әдеби білім беру

бағдарламаларының   екі   бөліктен   құралатындығы.   Олардың

өзара   сабақтастығы,   бірі-бірінің   заңды   жалғасы

болатындығы.   Сыныптардағы   әдебиеттік   оқулардың

жанрлық-хронологиялық

 

принципке



 

бағындырыла

жүргізілетіндігі.   Мұндағы   әдебиет   пәні   жеке   әдеби

нұсқаларды,   авторлар   өмірі   мен   шығрмашылықтарын   оқып

үйренуге   негізделген   әдебиеттік   оқу   сипаттарында

болатындығы.   X-XI   сыныптарда   әдеби   материалдардың

тарихи-хронологиялық тәртіппен заман, дәуір ағымына орай

орналастырылатындығы.   Оның   орта   мектептің   жоғары

сыныптарына   арналып   жазылған,   түзілген   қазақ   әдебиеті

тарихының қысқаша ғылыми курсы екендігі. Сондықтан онда

қазақ   көркем   әдебиеті   өкілдерінің   бәрі   бірдей

қамтылмайтындығы.   Жоғары   сыныптардағы   әдеби-тарихи

курстың   ортаңғы   базистік   тарихи   хронологиялық   оқыту

жүйесінің   заңды,   кеңейтілген   әдеби   таңдамалы   жалғасы

саналатындығы.   Әдеби-теориялық   ұғымдардың   да

ғылымилығы   артып,   терңдетіле   түсетіндігі.   Жазу

жұмыстарының   қойылатын   талаптардың   да   күрделене

беретіндігі.



5- тақырып. Әдебиет пәнінің оқыту әдіс-тәсілдері

   Әдебиетті оқыту барысында өтілетін тақырыпқа орай қандай амал-

тәсілдерді пайдалану мүмкіндігі пән мұғалімінің ыңғайында болатындығы,

оның түрлері. 

Творчестволық   (шығармашылық)   оқу   әдісі.  Творчестволық   оқу

әдісінің өзіндік ерекшелігі. Сөз, сөйлем, ырғақ, әуенділік меселеріне көңіл

бөлу   қажеттігі.   Оқушылардың   бойына   көркем   шығарманы   түсіну,   тұтыну,

қабылдау мәдениетін қалыптастыру жолдары.   Әдеби көркем шығарманың

тегіне,   жанрына,   бағытына,   стиліне   қарай   танып   білудің   маңызы,   шарт

екендігі.     Творчестволық   оқу   әдісінде   мұғалімнің   басшылығымен   жүзеге

асырылатын   амал-тәсілдер.   Оқушы   атқаратын   жұмыс,   міндеттер,   оған

қойылатын талаптар.



Эвристикалық   оқу   әдісі.  Әдеби   мәтінді   терең   түйсіну,   игеру   оны

саралап талдау амалдары. Эвристикалық сұқбат өткізудің әдеби шығарманың

көркемдік   кестесін,   әлеуметтік   мәнін   ашуға   септігінің   молдығы.

Эвристикалық әңгіме, сұрақ-жауап түрлері,  эвристикалық пікір таласы, оның

тақырып алуандығы. Бұл тәсілдің оқушының ой көкжиегін кеңейтіп, оларды

өзінше толғанып, пікір айтуға баулитындығы. Мұғалім мен оқушы атқаратын

жұмыс түрі.

Зерттеп   оқу   әдісі.  Зерттеу   әдісінің   эвристикалық   оқуға   жақындығы.

Әдістің оқушыларды  белгілі бір әдеби  тақырып  төңірегінде  өз беттерінше

ойланып-толғануға   ғылыми   қорытындылар   жасай   білуге   баулитындығы.

Оқушының   шығарманы   өзінше   оқып,   оның   идеялық-көркемдігін   бағалай

білуге және келешекте де көркем шығарманы талғап, таңдап түсініп оқуға

бастайтындығы. Көркем мәтінді зерттеп, байыптап, сын көзімен таразылап

оқуға   жетелейтіндігі.Бұл   тәсілге   алдын-ала   дайындықтың   қажеттігі.   Пән

мұғалімі ұйымдастыратын жұмыстар. Оқушылар атқаратын зерттеу жолдары



Репродуктивті оқу әдісі.  Бұл әдіс бойынша оқушының білімді дайын

күйінде мұғалімнің айтуынан немесе оқулықтан алатындығы. Берілген әдеби-

тарихи, әдеби-теориялық білімді белсенді түрде қабылдау қажеттігі. Ой-сана,

ес-жад,   алғыр   қабілеттің   рөлі.   Жадта   сақтап,   қайта   жаңғыртып,   молайтып

баяндап   айту   дағдыларын   қалыптастыратындығы.   Аталған   тәсіл   бойынша

мұғалім мен оқушы орындайтын жұмыстар мен міндеттер. 



6-тақырып

.

 

Көркем


 

шығарманы

 

жанрлық


ерекшеліктеріне қарай оқыту

 

Көркем   шығарманың   тектері   мен   түрлері   жөніндегі



мәліметтер.   Бұл   мәселе   туралы   ежелгі   заманнан   бастап,

қазіргі   күнге   дейінгі   ой-пікірлер.   Көркем   шығарманың

бастапқы   топтастырушылары.   Аристотель,   әл-Фараби,

Платон   және   бертінгі   кездегі   В.Г.Белинский,   Г.Лессинг,

Л.Тимофеев,   Н.Гуляев   т.б.   еңбектері.   А.Байтұрсынов,

Е.Ысмайлов,   Б.Кенжебаев,   Қ.Жұмалиев,   З.Ахметов,

З.Қабдолов   сынды   қазақ   әдебиетінің   көрнекті

зерттеушілерінің ой-тұжырымдары.



7- тақырып

.  

Эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік

сипаттары.


  Шағын көлемді, орта көлемді, кең көлемді – эпикалық

шығармаларды   талдауға,құрылысын,   баяндау   жолдарын

танытуға   қойылатын   талаптар.   Олардың   көркемдік,

тәрбиелік сипаттарын ашу амалдары. 



 8- тақырып

Драмалық шығармалардың оқытылуы

   Драмалық шығармалар және олардың жазылу мәнері

туралы мағлұматтар. Драмалық шығармалардың көркем қара

сөзбен   де,   өлең   сөзбен   де   жазыла   беретіндігі.   Жазылу,

сахнада   орындалу   заңдылықтары.   Драматург   -   режиссер   -

әртіс  схемасына  түсінік.   Орындалатын  орны  –  театр,  сахна.

Драмалық   шығармаларды   оқытудың   өзіндік   ерекшеліктері.

Оқушылар қызығушылығын арттыру жолдары. 

9- тақырып

Лирикалық шығармаларды оқыту

Лирикалық   шығармалардың   адамның   көңіл-күйіне,

темпераментіне, білім-білік деңгейіне, мінез-құлқына тікелей

баланысты   екендігі.   Лириканың   эпос   пен   драмалық

шығармалардан   айырмашылығы.   Лириканың   түрлері,

мысалдары.   Мәнерлеп,   мақамдап   оқып-үйрену   тәсілдері,

мұғалімнің   жетекшілік   рөлі.   Лирикалық   шығармаларда

автордың,   ақынның   бірінші   орында   тұратындығы,

мысалдары.   V-XI   сынып   оқулықтарындағы   лирикалық   өлең

түрлері мен ғылыми талдамасы. 

10-   тақырып

.

 

Әдебиет   пәні   мұғалімінің   жұмыс

жоспарлары

  Жалпы білім беретін орта мектептердің жылдық немес

жарты жылдық оқу жоспарларының болатындығы. Орта білім

беретін     оқу   орындарының   жұмыс   жасау   ырғағына   сай,

әдебиет   пәні   мұғалімінің   де   өзіндік   қызмет   тәртібі,   іс

жоспарларының   жасалатындығы.   Оның   әдебиет   пәні

мұғалімінің   білім-білік   қорына,   жоғарғы   оқу   орындарында

жүріп,   бойына   сіңірген   педагогтік   тәжірибе-дағдыларына,

этикалық-эстетикалық

 

таным-түйсіктеріне



 

тікелей


қатыстылығы.

  Күнтізбелік   (календарлық)   –тақырыптық   жоспар



түзілісі,   не   себепті   қажеттілігі,   бағдардың   рөлі.   Оның   V-XI

сыныптарға   арналған   оқу   бағдарламаларына   сай

жасалатындығы. Сабақ   кестесіне сай, тақырыптың өтілетін

күні,   уақытының   көрсетілетіні,   көрнекілік,   техникалық

құралдар түрі аталатыны. 

Сабақтық   жоспар,  оның   күнтізбелік   жоспар   негізінде

жасалатыны.   Сабақтық   жоспарлардың   керек   болу   себебі,

атқаратын   рөлі,   тармақтары   мен   бөлімдері.   Мұғалімнің

творчестволық

 

қасиеттерінің,



 

талант-қабілеттерінің

көрінетіндігі.


11-тақырып

.  

Қосымша   оқуға   ұсынылатын   шығармалар

мен   шет   ел   әдебиеті.   Әдеби   жазу   жұмыстары   және   оның

түрлері.


 Бесінші-он бірінші сынып оқушыларына қосымша оқуға

ұсынылатын   көркем   шығармалардың   сипаттамасы.   Шет

елдер әдебиетінің озық түрлерін оқыту керектігі. Қоғамдық

орта жүйесі, әркелкілігі, адамдар мінез-құлық ерекшеліктері

жөнінде   жан-жақты   мағлұматтар   алудағы   әдеби   көркем

шығарманың дерек-көздік, тәлімдік ролі, образдың оқушылар

ой-санасына   шақ,   лайықты   болатындығы,   мысалдары.

Оқушылардың   ауызша   және   жазбаша   әдеби   тілін   дамыту,

жетілдірудің   қажеттілігі,   маңыздылығы.   Жазбаша   сөз,   хат-

хабар   қатынастары   мәдениеті.   Жазбаша   жұмыс   түрлері.

Мазмұндама   жаздыру,   оның   сөз   көлемі.   Әдеби   шығарма

жаздыру түрлері, тақырыптары, көлемі және бағалау.



12- тақырып

Әдебиет пәні кабинеті

 Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны.

Орта   мектептер   жүйесіндегі   оқу-көмекшілік   ұялар:   мектеп

кітапханасы   мен   салалық   оқу   кабинеттері,   олардың   өзара

қарым-қатынасы,   іскерлік   байланыстары.   Баршасының   оқу-

тәрбие   ісіне   жауаптылығы.   1)   Әдебиет   кабинеті   атқаратын

міндеттер:   ең   алдымен   оқу   бағдарламаларында   аталған

көркем шығармалар мәтіндері, әдеби-сын және тарихи-әдеби

материалдары,   оқу   бағдарламалары,   әдістемелік   құралдар,

көрнекілік техникалық жабдықтар, компьютерлер, телевизор,

аудио-видео   таспалар,   кинокамераларды   жинастырып

сақтайды.   2)   Қазақ   және   көрнекті   әлем  ақн-жазушларының

белгілі   көркем   шығармалар   жинақтары,   томдары,   портрет-

суреттері   кабинеттің   кітап   сөрелерінде   тұратындығы,

қабырғаларына   ілініп   қойылатындығы.   Әдебиет   пәніне

қажетті алуан түрлі энциклопедиялар анықтағыштар, туған

ел тарихына, мәдениетіне қатысты еңбектер, альбомдар т.б.

Әдебиет   кабинетінің   меңгерушісі,   лаборанты   атқаратын

жұмыстары мен міндеттері.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет