Құрастырушы: профессор, п.ғ. к., доцент Алпысов А.Қ


Мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындығы



бет49/82
Дата31.12.2021
өлшемі1,85 Mb.
#22749
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
Мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындығы – күнделікті сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспарын жасау сабақ мазмұнын, баяндау ретін, өздігінен орындайтын жұмыстарды, үйге берілетін тапсырмаларды, сабақта қойылатын сұрақтарды т.с.с. мұғалімнің алдын ала болжауына көмектеседі. Әрбір сабақтан соң, оның кемшіліктері мен жетістіктеріне тиісті қорытынды жасап, мұғалім өз ойларын қағазға түсіріп отыруы дұрыс. Бұл кейінгі сабақта қолданылатын әдістердің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Мұғалімнің сабаққа даярланудың алғашқы сатысы оның мақсатын анықтау болып табылады. Сабақтың мақсаты бағдарлама мен оқулықтың тиісті тақырыбын зерттеу негізінде анықталып, сабақтың мазмұнын, оқыту әдістерін және бүкіл сабақтың барысын жасауға әсер етеді. Сабақ мақсатына мынадай талаптар қойылады:

1. Сабақ мақсаты: оқушылар қандай білімді меңгеруі керек (білімділік мақсаты), қандай іскерліктер қалыптастырылды (дамытушылық мақсаты), сабақтың оқушыларды тәрбиелеуге қосқан үлесі қандай (тәрбиелік мақсаты) тәрізді мәселелерге жауап беруі тиіс.

2. Сабақ мақсаты өте дәл тұжырымдалуға тиіс, яғни сабақта қандай білім, іскерлік пен біліктілік қалыптастырылатыны, тәрбиелік қызметінің мәні белгіленуі керек.

Сабаққа даярлаудың келесі кезеңі оның мазмұнын анықтау. Оқулықтарда оқу материалының тақырыптарға бөлінуі, оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру мен бағыт-бағдар беру тәсілдерінің оқулықта көрініс табуы бұл кезеңді іске асыруға жол ашады. Сонымен бірге оқу бағдарламасында берілген оқушылар үлгеруге тиісті білім мен іскерліктердің тізімі, пәнаралық байланыстар мазмұнының белгіленуі мұғалімнің сабаққа даярлануын едәуір жеңілдетеді. Сабақта өтілетін материалдың мазмұны мен мақсаты, оқушылардың дайындық дәрежесі, олардың жас ерекшеліктері, мұғалімнің іс-тәжірибесі оқытудың әдістері мен құралдарын анықтайды. Мұнда алдымен қандай материал оқушыларға дайын күйінде берілетінің, қайсысы оқушылардың өздігінен орындауына тапсырылатынын анықтаған жөн. Егерде оқушыларды теориялық материалмен алғаш таныстырғанда, олардың тірек болар білімдері мен іскерліктері жоқ болса, онда әңгімелеу, түсіндіру, дәріс т.б. баяндау әдістерін пайдаланады. Бұл жағдайда оқушылардың қызметі білім мен іскерлікті жаңғырту сипатында болады. Ал оқушылардың тиісті білім қоры бар болса, эвристикалық тәсілді қолдануға болады және т.с.с.

Мұғалімнің сабақ жоспарында көрсеткен мәселелері оқушылардың кезекті білім, білік, дағды алуына және олардың ойын, инциативасының, шығармашылығының дамуына әсер етуі тиіс. Сабақ жоспарын жасағанда әр сыныптың нақты ерекшелігі ескеріліп, оқушылардың зерделі жұмысын ұйымдастырады.

Төменде күнделікті сабақ жоспарын құрудың бір түрі келтірілген (ұсынылған).


  1. Сабақтың тақырыбы.

  2. Сабақтың мақсаты.

  3. Сабақтың түрі.

  4. Сабақтың көрнекілігі.

  5. Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру кезеңі, б) үй тапсырмасын тексеру,

в) жаңа сабақты түсіндіру, г) сабақты бекіту, д) сабақтың қорытындысы, е) үйге тапсырма.

Әр сабаққа, тек мектеп оқулықтарымен ғана шектелмей, басқа да кітаптардан әр түрлі есептерді, алынған білімді баянды ету үшін нақты сұрақтарды таңдап ала білу қажет. Оқушыларға қойылатын сұрақтарды дәл, нақты тұжырымды етіп қою және оқушыларды ықыласпен тыңдап, оның жауабын дәл сезініп, дұрыс баға беру керек.



Математика сабағын талдау. Өзінің немесе әріптесінің жұмысына бақылау жасау үшін мұғалім сабақты талдай білуі керек. Сабаққа талдау жасау арқылы өзінің немесе әріптесінің қызметіндегі кемшіліктер мен жетістіктерді бақылап, өзі үйренеді. Математика сабағын талдау мынадай түрде жүргізілуі мүмкін.

  1. Жалпы мағлұматтар: сынып, тақырып, мақсаттар, сабақтың түрі, құрылымы.

  2. Сабақтың басталуы (ұйымдастыру кезеңі): формасы, ұзақтығы, тиімділігі.

  3. Үй жұмысын тексеру: оның мақсаты. Қалай тексерілді? Үй жұмысын тексерудің ұзақтығы, тиімділігі.

  4. Сұрақтар мен тапсырмалардың қойылуы мен мазмұны. Бағалар қалай қойылды? Қойылған бағаның оқушының білім деңгейі мен біліктілігіне сәйкестігі. Мұғалімнің дұрыс және бұрыс жауаптарға әсері.

  1. Оқушылардың алдына сабақтың мақсаты қойылды ма? Жаңа материалдың мазмұны мен көлемі. Баяндау әдісі. Көрнекі құралдарды қолдану. Оқулықпен жұмыс, оның қажеттілігі мен тиімділігі. Сабақтың негізгі маңызды жерін бөліп көрсету.

  1. Оқығанды тиянақтау. Оның қорытындысы неде? Сұрақтардың, есептердің таңдап алынуы және олардың көлемі, есептермен жұмыс жасау әдісі. Өзіндік жұмыс болды ма? Оның ұйымдастырылуы, мақсаты.

  1. Келесі сабаққа тапсырма. Оның мақсаты. Мазмұны мен көлемі. Оқушылардың тапсырманы түсінігіне мұғалімнің көзі жетті ме? Тапсырманы орындау сабақтың мазмұны және әдістемесімен қамтамасыз етілді ме?

  1. Мұғалім сабақты қалай аяқтады. Сабақ жоспарының орындалуы. Мақсатқа қол жетуі.

  1. Қорытындылар мен ұсыныстар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет